Жаттыѓу ж¦мысы


Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар



бет41/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74
Байланысты:
b222
0007af3f-772bf1f8
1.4 Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.

Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады:


  1. әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;

  1. жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;

  1. әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;

  2. өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;

  3. дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т. б.— бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру керек.

Міне, осы талаптардың бәрі әуелі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіліп, біртіндеп (алғашқы апталардың өзінде-ақ) белсенді, алғыр, зерек оқушылардың міндетіне көшіп, мұғалім сынып бақылаушысына айналады. Әр оқушының берген жауаптарын қадағалап, толықтыру зейінді оқушылардың ішінен бұрын өтілген материалдарды жете білмейтін, өзгелерге жан-жақты, еркін, саналы түрде түсіндіріп бере алмайтындарды айқындайды. Бұл жеке оқушының біліміндегі олқылықты анықтауда сынып талабына сүйенуі уақытты үнемдеумен бірге оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігі мен сабақтардың сапалығын арттырады.
1.5 Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың, т.б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатынына, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дыбыстарын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, е-е-е, т.б.) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді.

Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет.
1.6 Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.

Сөйтіп, сөз диктантын жазу үстінде оқушылар фонетикалық, орфграфиялық, лексикалық талдауларға жаттыға бастайды. Сондықтан сөз диктантында әріп, буын диктанттарындай көру, терме, өздік, сөздік, шығармашылық диктанттарды жиі жүргізу өте қажет. Сонда ғана балалардың сөздік қоры толыға түседі.

Ана тілі лексикасы бойынша алған білімдері оқушылардың есінде (жадыларында) сақталуы үшін сөздер олардың белсенді сөздік қорына айналуы керек. Сөздердің оқушылардың белсенді сөздік қорында болуы үшін жұмыстың алуан түрлерін ж‰ргізу шарт. Балалардың жаттап алған өлең, тақпақтарындағы сөздер бойынша дербес немесе өздік диктант ж‰ргізу – аталмыш жұмыстың дара формасы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет