Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



Дата26.08.2017
өлшемі249,31 Kb.
#29698

«МЕЙІРБИКЕ» КОЛЛЕДЖІ»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі






«КОЛЛЕДЖ

«МЕИРБИКЕ»

Товарищество с ограниченной ответственностью




«Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасы




Силлабус





СИЛЛАБУС

Бейорганикалық химия пәні
Мамандық - 0306000 - «Фармация»

Курс – 2


Семестр – 3

Теориялық сабақ саны – 44 сағат

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар - 46 сағат

Оқытушы: А.Е.Усембаева


Бақылау формасы: (емтихан)

Ақтау 2016ж
Силлабус жұмыс оқу бағдарламасының негізіне сәйкес құрылды, «Фармация» 0306000 мамандығы бойынша әзірленіп, кафедра меңгерушісі Тулепова М. мен қарастырылып,

08 қазан 2016 жыл. талқыланып № хаттамамен бекітілді.




Кафедра меңгерушісі А.Е.Усембаева

1.Жалпы ақпараттар



    1. Оқу орны атауы: ТОО «Колледж «Мейірбике»




    1. Пән: Бейорганикалық химия




    1. Мамандық: Фармация




    1. Оқу сағаттарының көлемі: 90 сағат




    1. Оқу курсы мен семестрі: 3 - семестр




    1. Кафедрамен байланыс ақпараты:






Оқытушының аты -жөні

Пәні

Байланыс ақпараты

1

Тулепова М.Т.

Биология

Tulepova.@mail.ru

2

Муратова А.А.

Биология

87475838892

3

Бекназарова Г.Т.

Биология

87786776595

4

Тілегенова С.М.

Биология

87474172394

5

Избасарова С.Д.

Химия

87783687454

6

Усенбаева А.Е.

Химия

87051979759

7

Мазанова Қ.Ж.

Физика

87786406879

8

Баекенова Р.Қ.

Информатика

Raila_85_25@mail.ru

9

Мазанова Н.Ж.

Информатика

87782442683

10

Султанбаева С.М.

Экология

87752411980

11

Омарова А.Т.

Математика

Aika_90_10@mail.ru

12

Бөлтеков С.Т.

Экономика

87753326991

13

Досаева Г.Б.

Экономика

87014208240


2.1. Кіріспе

Қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымының бір саласы яғни, заттардың бір біріне айналуын, қасиеттерін зерттейтін саласын химия ғылымы деп атайды. Химия пәні – бізді қоршаған әлемдегі заттардан тұрады. Қазіргі кезде он бес миллионға жуық күрделі және қарапайым заттар бар. Барлық заттар зерттеледі, жіктеледі және олардың өзіне тән атауы болады. Заттардың басқа бір затқа айналуын химиялық реакция деп атайды. Химиялық реакция кезінде заттар өзінің бастапқы қасиетін жоғалтып, мүлдем басқа затқа айналып кетеді. Барлық химиялық және физикалық процестер атом құрылысының қарапайым үлгісінің көмегімен түсіндіріледі. Адам ағзасында да көптеген химиялық элементтер және олардың қосылысттары кездеседі.


2.2. Курстың мақсаты – барлық элементтер химиясын, стехиометрия, периодтық заңдар, кешенді қосылыстар теориясы, термодинамикалық ұстанымдарды, ағзада кездесетін химиялық элементтердің ролін білу, элемент қосылыстарының фармацевтикада қоланылуына сүйеніп жүйелі білім беру, біліктілікті медицина маманы болуға жол ашу.
Курстың міндеті – болашақ медицина маманы бүгінгі студенттердің бойына кеңейтілген теориялық базасын қалыптастыру арқылы химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық әрекеттесуін алдында игерген теориялық тұрғыдан қарастырып отырып игерту.
2.3. Игеру керек:

-Химияның медицина мен фармация дамуындағы ролі

-Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесін

-Ерітінді, еріткіш және еріген зат туралы негізгі түсініктерді

-Ерітінділердің медицинада және фармацияда қолданылуы

-Литий, натрий және калий қосылыстарының медицина мен формацияда қолданылуы

-Хромның биологиялық және фармацевтикадағы маңызы

-Күміс қосылыстарының дәрілік препаратар ретінде қолданылуы

-Мырыш пен сынаптың биологиялық ролі

-Формацевтикалық талдауда VА топтың элементтерінің қосылыстарын қолданудың химиялық негізі

-Күкірт қосылыстарының медицина мен фармацевтикадағы ролі

-Хлорды және йодты медицинада, санитарияда және фармацияда қолдану


2.4. Пәндік біліктіліктер (құзыреттіліктер) қалыптасуы керек:

Бұл курсты меңгеру арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуі тиіс:

Білуі тиіс:

1. Химиялық элементтердің атомдар мен молекулалары, күрделі заттардың молекулалық құрамы мен құрылымын, кеңістіктегі құрылымын, периодтық кестеге және периодтық заңдылықтар мен химиялық байланыстарға сүйеніп түзілуін;

2. Химиялық элементтерден туындайтын жай және күрделі заттардың формулаларын, олардың әрекеттесу заңдылықтарын;

3. Бейорганикалық қосылыстардың атомдарының электрондық құрылымы мен химиялық байланысын терең түсіну үшін олардың қасиеттерін;

4. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу теориялары мен заңдылықтарына сүйене отырып, жай және күрделі заттардың өзара әрекеттесу өнімдерін болжауды;

5. Периодтық кестедегі басты және қосымша топшадағы элементтердің және олардың қосылыстарының химиялық әрекеттесу заңдылықтарын, медицинадағы маңызын

6. Бейорганикалық химияның маңызды элементтері мен олардың қосылыстарының алыну және қолдану жолдарын;

7. Бейорганикалық заттардың маңызды қосылыстарын алудың әдістері мен тәсілдерін және фармация мен медицинада қолдануын;



Орындай білуі тиіс:

  • Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасын;

  • Қарапайым аспаптар және күрделі қондырғыларды, химиялық реагенттердің көмегімен түрлі ерітінділерді дайындауды;

  • Химиялық экспериментке қажетті қондырғыны жинап, іске қосуды;

  • Өзбетінше жеке, жұп не топ болып эксперименттік курстық жұмыстарды орындау және оның қорытындысын жүйелі түрде жазып, есептеулер жүргізуді;

  • Зертханалық эксперимент нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жүйелі түрде жазып, нәтижесін педагогқа көрсетіп, топтың алдында көрнекіліктерге сүйене отырып, баяндап беруді.


2.5. Қалыптасатын дағдылар:

  1. Зертханада қолданатын ыдыстар, құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алу

  2. Теориялық білімді қолдана отырып, үдерісті жүргізу, бақылау

  3. Есептер мен жаттығулар жиынтығын игеру тәсілдері


2.6. Жалпы құзырет:

  • Периодтық заң мен периодтық жүйенің және атом құрылысының мүмкіндіктерін қолдана білу

  • Жай және күрделі заттардың химиялық байланыс типтерін анықтай алу

  • Химиялық реакциялардың жалпы заңдылықтарын түсініп қолдану

  • Химиялық элементтермен олардың қосылыстарының қасиеттерін түсіне отырып қолдану

Құралдық:

Периодтық заң мен периодтық кестені қолдануды игеру

Атомдардың электрондық құрылысының жүйесін түсіну

Заттардың химиялық байланысының типтерін анықтай алу және заңдылықтарын қолдану

Химиялық термодинамиканың мүмкіндіктерін қолдану арқылы жай және күрделі заттардың константаларын табу

Тұлғааралық:

Периодтық кестелермен жұмыс істеумен машықтану

Жұптық, топтық жұмыстар атқаруға бейімделу

Заманауи оқыту технологияларын үзбей қолдануға дағдылану

Пәндік және кәсіби құзіреттіліктердің жүйесін ұғыну

Жүйелік:

Бейорганикалық химия курсын игерудегі басты жүйелік ұстанымы олардың тараулар мен тақырыптарға бөлінуінен туындайды. Жалпы алғанда бір семестрдегі 44-теорияға сәйкес 46-практикалық жұмыстар және студенттердің өздік жұмыстары орындалады.


2.7. Пәндік құзырет:

1. Курстың пререквизиті.

  • Студенттер “Бейорганикалық химия” курсын игеру үшін келесі пəндерді білу керек:

  • 1) Орта мектептің "Химия" курсы;

  • 2) Орта мектептің "Математика" курсы;

  • 3) Орта мектептің "Физика" курсы.

  • 4) Орта мектептің "Биология" курсы

  • Бейорганикалық химияны игеру үшін жалпы орта білім беретін мектептегі химия пәндерін (8-11 сынып), физиканы, математиканы толықтай игеруі қажет. Ең бастысы алдында өтілген бейорганикалық химияның теориялық негізіне сүйене отырып оқып-үйрену нәтижелі болатынын ұмытпау керек.

2.Курстың постреквизиттері: бұл келесі курстарда оқылатын түбегейлі курстар:

  • аналитикалық химия,

  • физикалық химия,

  • коллоидтық химия,

  • органикалық химия,

  • фармакологиялық химия т.б. терең меңгеру үшін қажет.

2.8. Пәннің мазмұнын игеру:

Бейорганикалық химия курсының білімін игеруде пәндік және кәсіби құзіреттіліктер жүйесінің ұғымын түсініп қолдану. Пән мазмұнын игеруде заманауи оқыту технологияларын қолдана білу. Курстың мазмұының жүйесіне сай оқыту технологияларын қолдану. Элементтер химиясының жүйесін игеру заңдылықтарын біле отырып, іске асыру


2.9. Пән бойынша тақырыптық жоспар


Тақырып

Тақырыптардың атауы

Өткізілу түрі

Сағаттар

1

2

3

4

І

Кіріспе




2

ІІ

Атом құрылысының теориясы




8

1

Атом құрылысы.

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

Периодтық жүйе.

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

ІІІ

Химиялық байланыс




6

1

Химиялық байланыстардың табиғаты, молекулалар түзілуі мен құрылымы.

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

6

ІV

Химиялық процестердің түзілу заңдылықтары.




8

1

Химиялық реакциялардың энергетикасы мен бағыты

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

Химиялық тепе-теңдік. Химиялық реакциялардың жылдамдығы

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

V

Ерітінділер туралы ұғым




8

1

Ерітінділер туралы ілім

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

Химиялық реакциялар және электролиттер ерітінділеріндегі тепе-теңдік

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

VI

Тотығу-тотықсыздану реакциялары




6

1

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

6

VII

Кешенді байланыс




4

1

Кешенді байланыс

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

VIII

s-элементтер және олардың қосылыстары




8

1

І А топтың s-элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

ІІ А топтың s-элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

IX

d-элементтер және олардың қосылыстары




20

1

VI B топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

VII B топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

3

VIII B топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

4

I B топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

5

II B топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

X

p-элементтер және олардың қосылыстары




20

1

III A топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

2

IV A топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

3

V A топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

4

VI A топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4

5

VII A топтың элементтері

Тақырыптар бойынша сұрақтар, тест, теориялар және есептер шығару

4




Барлығы




90


2.10.Студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырмалар, олардың түрі, таратылуы және орындалған СӨЖ бағалау.
Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), аудиторлы жұмыспен бірге білім беру үрдісінің бір түрін құрайды, сонымен қатар, ғылыми, оқу және клиникалық біліктілігін арттырып, өз бетінше жұмыс жасау машықтарын қалыптастыруға арналған. Жаңа білім берулік парадигмаға сүйенсек, жұмысын алғаш бастаған маман фундаментальді білімді, кәсіптік біліктілік мен машықтанумен толық игеруі қажет

СӨЖ түрлері әртүрлі. Тақырыбты бөліп берген кезде студенттер әдістемелік нұсқаулар, қажетті әдебиет тізімі мен бағалау критеийлерімен танысады.

СӨЖ 5 деңгейін бар, оның негізіне орындаушылық пен шығармашылық үрдістердің бірлестігі алынған. (Ипатова М.А., 2004).
Бірінші деңгей СӨЖ – ақпараттың тікелей жеткізу (рефераттар).
Екінші деңгей – үлгі бойынша өзіндік жұмыс: дәрістер мәтініне сұрақтар қою, тест сұрақтарын құру. СӨЖдің бұл түрі тапсырманың жауабын табу үшін студенттердің ойлау қабілетіне бағытталған.
Үшінші деңгей – реконструктивті-өзіндік жұмыс, оларға ребустар, сөзжұмбақ, анкета, ситуациялық есебтерді құру жатады, яғни дайын затты жинақтау.
Төртінші деңгей – оқытушы берген қиын ситуациялық есебтерді шешу; іскерлік жұмыстарға дайындау.
Бесінші деңгей – шығармашылық (зерттеулік) өзіндік жұмыстар.
Кафедрада өзіндік жұмыс ретінде келесі тапсырмалар түрлері берілген:


  • Берілген тақырыптар бойынша слайдтар құрастыру

  • Ситуациялық есебтерді құрастыру

  • Берілген тақырыптар бойынша тест кешенін құрастыру

  • Презентация дайындау

  • Тест тапсырмаларын құрастыру

  • Тақырып бойынша глоссариий құрастыру.

Пәннің жұмыс бағдарламасының әр тақырыбы бойынша студенттерге қалауынша 6 тапсырма түрі беріледі. Студенттер бір тапсырманы 2-3 адамнан бірлесіп орындауына немесе бір өзі ғана орындауына болады. Студенттер көмегіне кафедрада СӨЖ орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар құралған. СӨЖ тапсырмаларын барынша дұрыс бағалау



үшін арнайы баллдық бағалау критерийлері құрастырылған, олар силлабусқа енгізілген.

«Химия және фармацевтика» Элективті модулі бойынша

студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.




СӨЖ тақырыптары

Өткізу формасы

Еңбегі акад. сағ бойынша

1

2

3

4

1.

Организмде дәрілік заттардың химиялық үйлесімсіздігі


Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

2.

Құрамында темірі бар препараттарды қолданудың фармацевтикадағы ролі

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

3

Күміс және мыс иондарының бактерицидті әсері

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

4

Мырыш пен сынаптың биологиялық ролі

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

5

Хлорлы әксуды, белсенді хлор препараттарын, йодты медицинада, санитарияда және фармацияда қолдану

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

6.

Су-табиғи ресурстардың бірі

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

7.

Атмосферадағы химиялық реакциялар. Атмосфераның химиялық заттармен ластануы.

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

8.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының биожүйедегі, дәрілік препараттарды талдаудағы жіне клиникалық зерттеуде қолданудағы ролі

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

9.

Кешенді қосылыстардың биологиялық ролі, фармацияда комплексондарды қолдану

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

10.

Химиялық элементтердің адам өміріндегі маңызы

Реферат дайындау. Ситуационды тапсырмаларды шешу. Презентация жасау. Тесттер әзірлеу. Тақырып бойынша рефлексия құру.

2

Әрбір студент 1 өзіндік жұмыс орындауы қажет




2.11. Әдебиеттер

Негізгі əдебиеттер


  1. Бірімжанов Б. А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. - Алматы. Ана тілі, 1992. -640 б.

  2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. - М.: ВШ. – 2002

  3. Нұрахметов Н.Н., Ташенов А. Бейметалдар химиясы. Алматы, Дәуір. 2011, 450б

  4. Нұрахметов Н.Н., Мұратбеков М.Б., Тәшенов Ә.К. Бейметалдар химиясы. – Алматы. Қазақ университеті, 2009. – 458б

  5. Практикум по неорганической химии - Под ред. М.М. Буркитбаева Алматы.: Қазақ университетi, 2002, -288с. 2005., 2009


Қосымша əдебиеттер:

  1. Глинка Н.А. Сборник задач и упражнений по общей химии. – 2000. 155с.

  2. Хьюи Дж. Неорганическая химия. Строение вещества и реакционная способность. Учебник для вузов.Перевод с англ. – М.: Химия, 1987, 696 с.

  3. Лидин Р. А., Аликберова Л. Ю., Логинова Г. П. Общая и неорганическая химия в вопросах: Глава 6. Периодическое изменение свойств химических элементов – М.: Химия, 2007. – 210 с.

  4. М.М. Буркитбаев, Н.Н.Нурахметов, Танашева М-Р. Абрамова Г.В. и др. Задания по семинарским занятиям по курсу "Неорганическая химия" по специальности 510730 Химия. Алматы. 2002. 57 с.

  5. Химия и периодическая таблица/Под ред. К. Сайто.-М.: Мир, 1982.-320с.

  6. Анорганикалық химиядан тест сұрақтары. Алматы, 2002. Қазақ университеті


2.12. Жабдықтар және қамтамасыздандыру
Жабдықтар: компьютерлер, ноутбуктар, мультимедийлік проекторлар. Қамтамасыздандыру мультимедийлік дәрістер, тесттік тапсырмалардың және ситуациялық есептердің комплектері, электрондық оқулықтар жинағы.
2.13. Білім мен құзыретті бақылау формалары:
Бақылау жұмыстары: семестрде 2 жұмыс

СӨЖ: жеке және топтық тапсырмалар СӨЖ ұйымдастыру технологиясына байланысты (реферат, презентация, эссе, жобаны қорғау, аналитикалық шолу және т.б. тапсырмалар жобалық-зерттеу сипатында).

Аралық бақылау: 2

Аралық бақылау пәннің мазмұнына кіретін теориялық және практикалық сұрақтар бойынша жүргізіледі (4, 8 апта).



Модульдің пәндері бойынша кеңесті оқытушының кеңсе-сағаты (СОӨЖ) уақытында алуға болады.

Бақылау тапсырмалары


N


Тақырып


бақылау түрі


апта
7

бағалану

1


Атом құрлысы. Химиялық байланыстар. Химиялық реакциялар

Жазбаша

4

5

2

Элементтердің және олардың маңызды қосылыстарының негізгі қасиеттері

Жазбаша

8

5

5

Барлығы







10


Ауызша сұрау – максималды сандық баллмен 5 (үздік) бағаланады


Критерийлер

2

3

4

5

Тақырыпты ашу

тақырыпты ашпады, жауап бергенде қателіктер жіберді

тақырыпты толық ашпады, жуап бергенде қателіктер жіберді


оқу материалының аясындағы сұрақ бойынша тақырыпты ашты


тақырыпты толық ашты, қосымша дереккөздердегі мәліметтермен сұрақ бойынша терең білімін көрсетті


Химиялық реакция теңдецулерді жазу

Реакцияны дұрыс жаза алмады

Реакцияны жазды, бірақ теңестіре білмеді

Реакцияны жазды, бірақ коэффициенттерін қойып толық теңестіре білмеді

Реакцияны жазды, толық дұрыс теңестіріп екжей-текжей айтып берді



Презентацияны бағалау өлшемі

Бағалау формасы-рубрика (тарауы)


Материалды баяндауы

3

4

5

Слайдтар безендіру

Көптүстілігі материалды қабылдауды ыдыратып, қиындатады

Бір-бірімен үйлеспейтін түстерді қолдануы

Бір слайдта үш түрден артық қолданбау

Слайдтардың саны

Слайдтар көп, оның кейбіреуінде ақпарат аз

Ақпаратты тым көп ,слайдтардың саны аз

7-10 ақпаратты слайдтар

Слайдтардың мағыналығы мен көрнекілігі

Материал оқутышының көмегімен баяндалды,бірақ тақырып ашып көрсетілмеді

Материал оқутушының кеңесінен кейін баяндалды ,тақырып толық ашып көрсетілмеді

Материалды өзі баяндады,тақырып толық ашып көрсетелді

Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері

максималды сандық баллмен 5 (үздік) бағаланады



Рефератты бағалау критерийлері


Сапа өлшемі

3

4

5

Рефераттың тақырыбына және қойылған міндеттеріне мазмұнының сай келуі

Рефераттың мазмұны тақырыпқа толық сай келмейді


Рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған мәселелерге сәйкес келеді

Рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған мәселелерге толық сәйкес келеді

Тақырыпты ашу және дереккөздерді пайдалану толықтығы


Тақырып толық сай ашылмаған,

Тақырып жеткіліксіз көрсетілген,негізгі әдеби дерекнамалардың бәрі қолданмаған

Тақырып толық ашып көрсетелген,замануи әдебиеттер жеткілікті қоданылған

Реферат материалдарын және қорытындыларды жинақтау


Мәлімет жалпыланған,бірақ қорытындылар жоқ

Мәлімет жалпыланған,қорытындылар бар,бірақ толық емес.

Мәлімет жалпыланған ,анық және толық қорытындылар жасалған.

Қойылатын талаптарға рефератты ресімдеудің сай келуі

Рефератты дайындауға қойылған негізгі талаптар сақталмаған

Рефераттың дайындалуы қойылған негізгі талаптарға толық сәйкес келеді

Рефераттың дайындалуы қойылған негізгі талаптарға толық сәйкес келеді


Реферат жазу кезіндегі титуль парағын әсемдеу


Титуль парағы

«Мейірбике» колледжі


КАФЕДРА _______________________________________

Реферат


ТАҚЫРЫБЫ: ______________________________________________

Студент __________________________________

Курс ____________________________________________

Топ __________________________________________

Оқытушы _____________________________________

Ақтау, 200__-200__ оқу жылы








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет