53. Балабақшаның табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері, оларды күту Табиғат бұрышының барлық тобының тұрақты және міндетті мекендеушілері - бөлме өсімдіктері. Олардың ішінде жылдам өсетіндер, әдемілер, жапырақтарының әртүрлігі, гүлденетін немесе хош иісті өсімдіктерді, тез бұтақтанатын және күтіп-баптауға көнбіс өсімдіктер таңдалады. Балалар күтіп -баптай алатын өсімдіктермен қатар бөлмеге аса ептілікті талап ететін, тек ересек адамдардың ғана қолынан келетін сәндік өсімдіктерді де орналастыру ұсынылады. Табиғат бұрышына арналған өсімдіктер жастайынан көктемде немесе жаздың бас кезінде алған Бөлмеде қалемшелерден өсірген өсімдіктер тез өседі.
Табиғат бұрышында тропикалық ормандар мен сорларда өсетін өсімдіктер ұсталады, себебі олар тез үйренеді: бегоня, бальзамин, фикус, традесканция; шөлдің шыдамды өсімдіктері: амараллис, кливия, кринум, алоэ, филлокактус, хлорофитум; кейбір субьтропикалық өсімдіктер: герань, аспидистра. Осы өсімдіктер бөлмені әсемдеп қана қоймай, оқу-тәрбиелеу міндеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Кіші және орта топ үшін табиғат бұрышында күрделі күтімді талап етпейтін өсімдіктер ұсталады: герань, бегоня вечноцветущая, жапырағы жалпақ жууға ыңғайлы өсімдіктер (аспидистра, фикус) және салыстыру үшін ұсақ жапырақты өсімдіктер (традесканция, лигуструм). Ал ересек топтарда жапырағының пішіні, сабағы, гүлі әртүрлі өсімдіктер, олардың өсудегі өзгерістерін байқауға болатын өсімдіктермен танысады. Ересек топтарда табиғат бұрышында балалар салыстырғанда айырып қана қоймай ұқсастығын анықтайтын мынандай өсімдіктермен: герань зональный мен герань душистый. сондай-ақ күтімі күрделі өсімдіктер: (пияз тұқымдас, бегоня рекс, фиалка узамбарская), сабағы арқылы (фуксия, традесканция, колеус) тарайтын өсімдіктер ұсталады.
Бөлме өсімдіктерін таңдау
Екінші сәбилер тобында табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері.
Бөлме өсімдігі- барлық топтардың үнемі тұрғыны. Бұл тәрбиешіге балаларды өсімдіктерді күтуге, оның өмірімен жыл бойы танысуға үйретеді. гүлдерді таңдау балалардың жас ерекшелігіне, бөлме жағдайына және оқыту-тәрбиелеу үдерісіне сәйкес алынады.
Кіші тобында табиғат бұрышындағы бөлме өсімдігі әдемі, жаппай гүлдейтін, қанық және ала түсті балалардың назарын аударатын гүлдер болады, сондай-ақ жапырақтары жалпақ тығыз болу керек. Бұл топта балалар гүлді өздері дербес күте алмайды, барлығын тәрбиеші өзі балалардың қатысуымен жасайды, әртүрлі: сипау, иіскеу, сүйсіну, еске түсіру тәсілдер арқылы бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жаңа гүлді топқа әкелгенде балалармен қарап, атын атап топта балаларға көрнекті жерге қояды.
Орта топта табиғат бұрышындағы бөлме өсімдігі, екінші сәбилер тобындағы өсімдіктер сияқты балалардың назарын аударатын ұзақ жіне жаппай гүлдейтін гүлдер, жапырағы жалпақ сүртге ыңғайлы гүлдер, жапырақ түсі әртүрлі ұсақ жапырақты гүлдер болу керек. Гүлдерді күту оқу жылының басында балалардың қатысуымен тәрбиеші жүргізсе, қалай істеу керектігін көрсете тәрбиеші балаларды көмектесуге тартады.
Ересек тобының балалары -сабақ формалары әртүрлі өсімдіктермен танысады (тік тұратын, салбырап тұратын, шырмалып тұратын), сондай -ақ жиі және сирек суғарылатын өсімдіктер, түбінен суғарылатын және бүркіп құятын өсімдіктер алынады. Жарықтың маңызы зор- жарық сүйетін өсімдіктерді терезеге тақау, көлеңке сүйетін өсімдіктері терезеден алшақ орналастыру керек.
Бөлме өсімдіктерін бақылау.
Ересек топ балаларымен қысқа мерзімді бақылаумен қатар ұзақ мерзімі бақылау өткізіледі, яғни бөлме өсімдігінің өсуі мен дамуы. Мысалы: өскіннің өсуі мен дамуы, жаңа жапырақтардың пайда болуы, кейбір өсімдіктердің гүлдеуі.
Табиғат бұрышындағы өсімдіктері күтуді тәрбиешінің көмегімен кезекшілер атқарады. Пияз тұқымды гүлге суды Пиязға немесе топыраққа құю, ұсақ жапрыақты гүлдерге су бүркіп құю керектігін балалар түсініп жасау керек. Ересек топ балаларын өсімдіктердің көбеюімен таныстырамыз, ол үшін балалардың қатысуымен екі-үш өсімдіктерді отырғызамыз. Балалар отырғызылған өсімдіктерді бақылау альбомын жүргізеді. Альбомға балалар сурет арқылы бейнелейді.
Ересек тобындағы бөлме өсімдіктерінен басқа даярлық тобында суаруды көп талап етпейтін шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер- кактус түрлерімен таныстырылады. Балалар әртүрлі түрде көбейтетін өсімдіктерді анықтайды (сарымсағы, жапырағы, сабағы).
Бөлме өсімдіктерін бақылау.
Бөлме өсімдіктерін бақылау барысында балаларға мынандай түсініктер беріледі: су құйылмаған гүлді көрсетіп не болғанын анықтату, қатені дұрыстау үшін молырақ су құйғызу. суды жақсы көретін (фуксия) өсімдік пен су сирек құйылатын (алоэ, кактус) өсімдіктерге су құйып бақылату. бөлме өсімдіктерін бақылауға арналған сабақтан тыс жұмыстан басқа, өсімдіктерді формасына, түсіне, сабағына, құрылымына қарай салыстыруға арнайы сабақтарда жүргізіледі. Өсімдіктердің ғылыми атауымен қоса халық атап кеткен атауларын айтуға болады. алоэ-жүзжылдық, бальзамин-от т.б.
Өсімдіктерді күнделікті күту -Жапырақтағы шаңдар гүлге күннің көзінің өтуін жіберметінін түсіндіру керек. Бірінші үлкен жапырақты гүлдер шүберекпен жуылады, тікенекті жапырақтар қылқаламман жуылады, ал ұсақ жапырақты гүлдерге ойыншық лейкадан су себіледі, жапырақтары әлсіз гүлдер құрғақ щеткамен сүртіледі. Ал гүлдерді душтың астына қойып жууды тәрбиеші балаларды қатыстырып өткізеді. Өсімдіктерді жуып қана қоймай оның ыдысында жуу керектігін үйрету. ыдысты жуу барысында жылы сабын сумен айына екі рет жуылады.
Қопсыту- Топырақтың нығыздалуы өсімдікке су мен ауаның баруын төмендетеді, сондықтан өсімдіктерді қопсыту керектігін түсіндіреміз. Қопсыту үшін -үші сүйір емес таяқшалар қолданылады.
Топырақты өңдеу - Көктем мен жазда өсімдіктердің жақсы өсуі үшін қоректендіру керектігі түсіндіріледі. Өсімдіктерді қоректендіру тәрбиешінің бақылауымен лейкамен балалар құяды, ерітіндіні тәрбиеші даярлайды.
Бөлме өсімдіктерін отырғызу- көктем айында балалармен бірге өсімдіктер бақыланады, қай өсімдіктің астынан тамыры көрініп тұрса сол өсімдік қайта отырғызылады. Не үшін отырғызу керектігі айтылады. Балаларға бір-екі гүлді отырғызуға аранйы сабақ өткізіледі. Бөлме өсімдіктерін қайта отырғызу мерзімі наурыз бен сәуір айлары. Табиғат зоналарында (субьтропикалық, тропикалық, шөлді) өсетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен оларды күту
Өсімдіктерді отырғызу үшін қажетті ыдыстар: саздан жасалған сондай-ақ пласмассадан жасалған ыдыста жарамды. Тамыры ұзын өсімдіктерге биік тар ыдыс, ал тамыры қысқа өсімдіктерге кең және жалпақ ыдыс алынады.
Зиянкестермен күрес - Егер өсімдіктің жапырағы қурап және сабағы салбырап түссе онда өсімдікке су жетпейді. Ал енді өсімдік қарайып, жапырағы сарғайып, салбыраса және тез жұлынса, онда құйылатын су өте көп. Кейде топырақта ақ ұсақ дақтар пайда болса -судың көп құйылғанының белгісі. бетіндігі ақ дағы алынып, жаңа топырақпен ауыстырылады.