Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


«ӨТТШТ (ТРИЗ) - (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы



бет33/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

51. «ӨТТШТ (ТРИЗ) - (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы
ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы . Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:1)балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;2)шығармашылықтың туындауына ынта береді;3)балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);4барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;5)лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;6)ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген кілт. Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс.


18-билет
52. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие беру әдістемесі маңызы мен міндеттері
Бала өмірінің ең басында эсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең бір бай эрі эсерлі эстетикалық тэрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық эсері бар, адамның сезімін тэрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, эдет, мінез-қүлқын қоғам мүддесіне сэйкес қалыптастыруға, эдемілік заңымен өмір сүруге тэрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тэрбие - талғамдық, эстетикалық тэрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші тәрбиешілер мен бірігіп әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Erep ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызыгушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау; музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.
Екінші міндет - белгілі бір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмүнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру әр - түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).
Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама - шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту.Бұл шығарманы тыңдай отырып оны талдай білу дағдысын қалыптастыру;күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет