45. Аккордтар. үндестік. Аккордтардың түрлері
Аккорд (латынша accordo – үйлесімдік) — биіктігі әр-түрлі бірнеше, үштен кем емес, дыбыстардың бір уақытта қосыла орындалуы. Аккордтың жиі кездесетін түрлерінің арақашықтығы терциялық дыбыстарды құрайды. Олар үш дыбыстық, септаккорд, нонаккорд, тағы басқа болып бөлінеді.
Аккорд сонымен қатар интервалдарды қолданатын ноталардың логикалық құрылысы болып табылады. Негізінде аккорд жеке құбылыс емес. Оны ноталар тізбегі арқылы сипаттауға болады, бірақ әрбір таныс және жиі қолданылатын жазбалар тізбегін сипаттау өте ұзақ уақытты алады - қысқа, есте сақтауға оңай пішінді бір немесе бірнеше әріптермен жазуға болады. Сондықтан әрбір аккордтың өзі құрастырылған бірінші нотаның атына байланысты латын әріптерімен жазылған атаулары бар: C, D, E, F, G, A, H (B).
16-билет
46. Заттың формасы мен геометриялық фигураларды қабылдау ерекшеліктері-багдарлама
47. Денсаулықты сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларға педагогтың баланың денсаулығына деген әртүрлі деңгейде – ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық деңгейде ықпал етудің барлық аспектілері кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:
— Мектепке дейінгі ұйым типіне;
— Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;
— Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға;
— Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;
— Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;
— Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары:
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, жалаң аяқ жүру, табан мен буындарды бекіту әдісі пласкостопияны алдын алу; иога жаттығулары т.б.
Созылу(стретчинг) жаттығулары. Өткен ғасырдың 50 жылдары түрлі оқиғалардың ішінде «Стретчинг» атты өте қызықты бағыт орын алады. Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге активті түрде таратылды.
Стретчинг жүйесі дененің байланыс жүйесіне, буындарға, бұлшықеттердің барлық жеріне қосымша әрі күшті қысым жасайды. Бұл керемет көрсеткіш, бірақ стретчингпен айналысқанда 470 топ бұлшықеттеріне дейін жұмыс істейді.
Стретчингте бір жаттығулардың өзімен айналысқанда барлық жерің қозғалып, көрінбейтіндей, сонымен қатар денеге түсетін зақымды азайтатындай жағдай жасайтын жаттығу. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз.
СТРЕТЧИНГ АКТИВТІ, ПАССИВТІ, ДИНАМИКАЛЫҚ, БАЛИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАТИКАЛЫҚ БОЛАДЫ.
Стретчингтің активті жүйесі дегеніміз – адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.
Стретчингтің пассивті жүйесі дегеніміз – айналысатын адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.
Стретчингтің балистикалық жүйесі өзінің айналмалы әрекеттерімен орын алады. Сол арқылы бір іс-әрекет екінші іс-әрекетке білдіртпей көше береді.
Стретчингтің статикалық жүйесі бір жаттығудың көп уақыт бойы созылуы. Басқа жүйелерге қарағанда, бұл түрі ыңғайлы әрі зақымсыз болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |