Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар қандай?



Дата27.12.2022
өлшемі18,82 Kb.
#164591
Байланысты:
эссе---


Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар қандай?
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты жаңаша оқыту жолында түбегейлі өзгерістер енгізіліп отыр. XXI ғасыр білім мен ғылымның қарыштап дамыған заманы деп аталатындығы баршамызға аян. Сондықтан мұғалім шәкіртіне ғылым негіздерінен ақпарат бере отырып, оны әлемдік білім, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – өзгермелі қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық жаңалықтарға тез бейімделе алатын, жаңаша ойлау жүйесін игерген, жан–жақты білімділігі, тұтас дүниетанымы болуы керек. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында мемлекетіміздің алдында «ХХІ ғасырды құрушы білімді, тез икемделгіш, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу қажет», – деп жауапты міндет тұрғандығын түйіндеп көрсетіп өткен.
Халқымыздың «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса шәкіртіміздің білімді, саналы болып тәрбиеленуі үшін мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Тәрбие мен оқыту – қиын да қастерлі еңбек. Осы жолда ұстаздардан талмай, тынымсыз еңбек етіп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер ұстаз ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең біліп, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, қоғамның қойған талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім» дәрежесіне көтеріле алады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей шәкірттердің қиялына қанат бітіріп, асыл армандарының орындалуына жағдай жасау ұстаздың міндеті. Өзі білмеген, өзгені үйрете алмайтыны анық. Халқымыз «Тоқтатпасаң оқытпа» деген сөзі ұстаз болуы үшін мұғалімнің кәсіби өсіп дамуының, еңбектенуінің арқасында ғана қол жеткізетіндігін көрсетеді.
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жете білуге байланысты. Мұғалім шәкірттеріне саналы тәрбие мен сапалы білім береді, өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, дүниетанымын кеңейтеді, еңбек пен қоғамға деген ынта-жігерін тәрбиелейді.
Мұғалім оқушылардың күн сайын өзгеріп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, қоғамда орын алып жатқан әртүрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.
Сондай-ақ кәсіби қызметте мұғалім тұлғасына педагогикалық талаптар да қойылады. Ең бірінші мұғалім теорияық жағынан білімді, Отанына дегенсүйіспеншілігі шексіз, оның әлем елдері алдындағы беделін түсінетін, соған өзіндік үлесін қосатын білімдар адам.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын негізгі талаптар жүйесі мыналар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын меңгеру;
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;
- педагогикалық пәндерді терең білу;
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек;
- жұмысына креативті көзқарас;
- баланың ішкі жан дүниесін түсіне білу, педагогикалық сенім, оптимистік көзқарас;
- педагогикалық техниканы игеру, мәдениетті сөйлей білу;
- педагогикалық этика;
- баланы жақсы көру;.
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін ескермек олардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін мемлекет тарапынан үнемі жеңілдіктер беріліп отыруы қажет. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен, әдіс-тәсілдермен толық қамтамасыздандырылуы шарт. Сонда ғана мұғалім шәкірттерінің өз бетімен білім алуына жағдай жасап, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.
Қорытындылай келе, өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беретін мұғалімдердің қазіргі таңдағы алатын орны ерекше. Бүгінгі білім беру жүйесінде болып жатқан ауқымды өзгерістер әртүрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, тәжірибеде педагогикалық үйлестіруді шебер білетін психологиялық-педагогилық диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек. Болашақта ел басқаратын ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып, үнемі ізденіс үстінде болуы маңызды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әрбір мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелген.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет