Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


-билет 61.Музыкалық сабақтар. музыкалық сабақтардың құрылымы мен мазмұны



бет41/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

21-билет
61.Музыкалық сабақтар. музыкалық сабақтардың құрылымы мен мазмұны.
Музыкалық оқу іс-әрекеттері барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі.Олардың құрылымы,мазмұны оқу тапсырмалары балалардың жасына байланысты болады.Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересекпен балдырғанның белсенді қатынаста болып,оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады.Бір жарым жастағы балалармен оқу іс- әрекеті әуелі шағын топпен 10-12минут,ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі.Екінші топтан бастап және мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты-баланың бойында белгілі бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.Бала дүниеге келгеннен бастап,ана әлдиін,халықтың музыканы құлағына сіңіріп өседі.
62. Балабақшада сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру.-багдарлама
63. Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу
Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады.
Сондықтан, балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін суъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.
ТРИЗ технологиясы-сурет салудағы тиімді әдістеме. Балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып, зейін қоюға үйретеді. «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқынбай айтып, жеткізуге тырысады.
Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруда, бейнелерге қызықты да, әдеттен тыс сипат беруге үйретуде сурет салудың ТРИЗ әдістері (үрлеу арқылы сурет салу және жіп графикасы, картоп бастырмасы, саусақпен, далаппен, ермексазбен сурет салу) енгізілді.Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойлап, өздерін шығармашыл ретінде сезінетіндіктерін байқауға болады.
Шығармашылық ықпал кез-келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. ТРИЗ әдістерін қолданудың бір ерекшелігі-балалар нәтижеге тез қол жеткізеді.
Мысалы: әр бала үшінсаусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты. Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке үйретеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылқалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. Сол себепті, балабақшада баламен жұмыстың ең жақын, тиімді жұмыс түрі бейнелеу әрекеті болып табылады, ол баланың нәтижесінде әдемі, қайталанбайтын, әсем бейне туындайтын өз шығармашылығымен айналысуына жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет