Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра



бет43/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізгі ӛзіндік құралы. Дене
жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын
ӛзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің
міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға
себепші болады. Дене жаттығуларымен бірге әртүрлі би, массаж қолданылады.
Саймандары: доптар, ленталар, кегли, секиртпе скакалкалар, құрсау, доға, гимнастикалық орындық.
66. Заттардың пропорциясы. Суреттің композициясы. Жарық-көлеңке заңдылықтары
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді. Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды. Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда «ара қатынас» немесе «шамалас» деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде «пропорция» деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсенің жалпы биіктігінің өлшемі сол нәрсенің жекелеген бөлшектерінің өлшемдік қатынастарынан тұрады. Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатынастар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды.
Суреттің композициясы.
Композиция- суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз түрған қалпын көрсетуге жол ашады. Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу, т. Б. шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне карап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау кажет. Өздеріңді коршаған ортадағы айшықты, əсерлі сəттерді айқындай білу, көріп, есте сақтау қабілетін, қиялдану мен аңғарымпаздықтарын дамытуға тырысу қажет.
Жарық-көлеңке заңдылықтары
Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.
Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады
Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.
Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады.
Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады.
Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.
Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.
Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.
Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай – ақ олардың қырларында көбірек байқалады.
Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай – ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.
Жарық – көлеңке іздерінің кезеңдері түстік реңдер арқылы сызылып көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет