Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Адам тұлғасын бейнелеудегі пропорция және қозғалыс. Бас пішінінің жалпылама



бет46/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

72.Адам тұлғасын бейнелеудегі пропорция және қозғалыс. Бас пішінінің жалпылама
Адам денесінің пропорциясы – антропология мен медицинада дене мүшелерін (бой, тұлға, нық, қол, аяқ т.б.) бір-бірімен салыстыру, олардың ара қатынасын, өзара сәйкестігін анықтау.
Адам денесінің пропорциясын анықтауда көп қолданылатын әдістің бірі иықтың кеңдігі мен қол-аяқтың ұзындығын дененің тұрқымен салыстыру. Осы әдіспен алынған көрсеткіштерге қарай жалпы адам денесінің құрылысы 3 түрге бөлінеді:
1.брахиморфт – тұлғасы кең, қол-аяғы қысқа
2.долихоморфт – тұлғасы қушық, қол-аяғы сидаң
3.мезоморфт – жоғарғы екеуіні аралығындағы адамдар.
Жасына, жынысына қарай адам денесінің пропорциясында өзгешеліетер болады. Еркектерге қарағанда әйелдердің бөксе (жамбас) сүйектері қомақты, ал нықтары қушық келеді, қол-аяғының пропорциясында айырма болмайды. Ересектерге қарағанда балалардың аяғы қысқа, тұлғасы ұзын, басы үлкен болады. Дене пропорциясыдағы өзгешеліктер нәсілдік ерекшеліктерге байланысты болады. Ұзын бойлы негр мен эфиопиялықтар долихоморфтарға, полинезиялықтар мезобрахиморфтарға жатады. Брахиморфтарға көбінесе Орал антропологиялық типіне жататын халықтар кіреді.
Адам тұлғасын бейнелеу үшін оның склетімен танысқан жөн. Адам склеті негізінен 3 бөлікке бөлінеді олар бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері. Адам склетінің негізгі тірегі-омыртқа діңгегі 3 бөлікке бөлінеді. Мойын, кеуде, бел омыртқалар.
Адам тұлғасын салғанда оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктері адам басымен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Адам бойына байланысты 7 немесе 7,5 бөлікке бөлінеді. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады.
Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің құрылысын тұрғызуға көшеді.
Дене пропорциясы – оның жеке бөліктерəнің өлшем бірлігі,үйлесімділік пен эстетикалық айқындылық беріп тұратын дене өлшемі жəне оның жеке бөліктері жобасының келісілген жүйеге қарым-қатынасы. Дене пропорциясы жайлы білім канон түзу барысында қолданылады, яғни практиқалық қолданысқа ыңғайлы барлық өлшем мен дене бөліктерінің жүйелі қатынасы. Дене пропорциясын жасау үшін Леонардо да Винчи, бəрінен бұрын дене бітімді дұрыс құру керектігін, тепе теңдік осін табуды жəне қозғалыс сипатын дұрыс беруі анықтайды. Адамның басын бейнелеуде тағы да еске салатын нәрсе – ұзак уақыт бөліп, үнемі сурет салу.
Бұл негізгі ереже, оны сақтамайынша адамды, оның басын салып үйрену мүмкін емес.
Бүл ереже тек адамды салу үшін ғана емес, жалпы суретке үйрену үшін керекті заңдылық болып табылады.Көзіміздің деңгейінде бізге тура қарап отырған адам басын бейнелеу керек делік.
Жалпы бастың овалын салып алғасын (овалды бірден жеңіл түрде салып алу керек, артық-ауысын кейін түзете жатамыз) қастардың орналасқан тұсынан бір бөліп аламыз (маңдай, ми сауыты мен бет бөлігіне)
Көздеріміз, мұрын, ауыз, бет сүйектері, қүлақтар, иек т.б. өзара тік және көлденең сызықтар арқылы байланысатынын есте ұстайық.
Егер басты тік түсетін орталық сызығымызбен бөлсек, онда ол сызық басты, мандайды, мұрынды, ерінді және иекті тепе – тең екі бөлікке бөліп шығады. Тік түсетін сызықтар қатарында көздің ішкі бүрышынан, мұрын желбезегіне қарай түсетін сызықтар бар. Екі көздің арасы сол көздің үлкендігіндей болады. Мұрынның үлкендігі (ені) де сол көздің мөлшерінде болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет