САБАҚ: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша
|
Мектеп: Мүткенов атындағы орта мектеп
|
Күні: 09.10.2015 ж.
|
Мұғалімнің есімі: К.А.Жусупбекова
|
Сынып: 8 «а» Сабақ саны: 4
|
Қатысқандар саны: 15
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Сызықшаның қандай жағдайда, қалай қойылатынын білу, сөйлемдегі орнын айқындай алу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Сызықшаның қойылу себебін түсінеді, тапсырма орындау барысында қолдана алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Сызықшаның қандай жағдайдағ қалай қойылатынын біледі, сөйлемдегі орнын айқындай алады.
|
Кейбір оқушылар:
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу жолын үйрене алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: сөйлемдегі орнын мысалдар арқылы, сәйкестендіру арқылы таба алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша, зат есім, сын есім т.б.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
Сөйлем мүшесінің белгілерін ата.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Атқаратын қызметі жағынан неше топқа жіктеледі?
Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыш арасына қай жағдайда сызықша қойылады?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Тапсырмалар:
А)Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен
Ә)Бастауыш сілтеу еісдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болатындай мысал құрау
А)Бастауыш заттанған сын есім, сан есім және есімшеден, баяндауыш зат есімнен болатындай етіп 3 мысал құрау
Ә) Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін жасалатындай етіп сөйлем құрау.
А)Бастауышы да , баяндауышы да бір сөзден болатындай етіп мысал құрау.
Ә)Бастауыш пен баяндауышты салыстыру.
А) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болатындай немесе керісінше;
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болатындай етіп сөйлем құрау.
|
Алдыңғы оқу
|
Әдебиеттен баяндауышқа 10 мысал келтіру
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
2 мин
5 мин
ОЖЕСО
СТО
|
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
Тренинг арқылы топқа бөлу: Оқушыларды ортаға шақырып конфет тарату арқылы бір - біріне тілек айтқызу.
Суреттер арқылы топқа бөлу. «Білгірлер», «Тапқырлар»
Бағалау үшін екі топқа сарапшы дайындау.
ІІ.Білу. Балама - сызба
Берілген сөйлемдердің қайсысына сызықша қойылады? Сызықша қойылатын сөйлемге «иә»,сызықша қойылмайтын сөйлемге «жоқ» деп жауап беріңдер.
Оқу білім бұлағы. (Иә)
Оқу түбі тоқу (Иә)
Бірлігі күшті ел азбайды (Жоқ)
Суға кеткен тал қармайды (Жоқ)
Көп түкірсе көл. (Иә)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. (Жоқ)
|
Интербелсен-
ді тақта
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар
|
Ортасы
5 мин
ДО
8 мин
ОжОЖТ
СТО
6 мин
ТжДО
СТО
ОжОЖТ
2 мин
8 мин
ОжОЖТ
СТО
5 мин
ТжДО
ОжОЖТ
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сөйлем мүшесінің белгілерін ата.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Атқаратын қызметі жағынан неше топқа жіктеледі?
Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыш арасына қай жағдайда сызықша қойылады?
ІІІ.Түсіну. Ой қозғау — Жұмбақ шешу
Кіммін мен?
Бәрінің иесімін.
Маған қарап құрайсың
Ойыңның сен жүйесін. (Бастауыш)
Ешқашанда ол аянбайды,
Не болғанын баяндайды.
Жазған бала нүкте қойып,
Сөйлемін аяқтайды. (Баяндауыш)
Ол дағы атау тұлғалы
Сөздерді байланыстырады.
Байланысу түрі оның –қиысу,
Интонация тәсілімен түйісу. (Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша)
Қолдану.Топтық «Ойлан –Топтас -Талқыла!»
Тапсырмалар:
А)Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен
Ә)Бастауыш сілтеу еісдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болатындай мысал құрау
А)Бастауыш заттанған сын есім, сан есім және есімшеден, баяндауыш зат есімнен болатындай етіп 3 мысал құрау
Ә) Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін жасалатындай етіп сөйлем құрау.
А)Бастауышы да , баяндауышы да бір сөзден болатындай етіп мысал құрау.
Ә)Бастауыш пен баяндауышты салыстыру.
А) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болатындай немесе керісінше;
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болатындай етіп сөйлем құрау.
Тапсырма «Бір жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.
V.Талдау. Жеке жұмыс
А) Төрт топтан төрт адам шығып , сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.
Күрең ат- Бөжейдің қыс мінетін аты.
Олардың біразы — майданнан келгендер, біразы- жергілікті қазақтардан құралғандар.
Жәукеңнің қызы — үлгілі қыз болды.
Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді.
Ә) Жеке жұмыс құзырлылық тапсырма «Сызықша қажет пе, әлде…»
Ат –адамның қанаты.
|
Иә немесе жоқ
|
Оқушы жауабы
|
Адам тіршілігіне дем беретін күш ертеңгі күннің қуанышы
|
|
|
Үстіндегі қан — мұның үстіне құлаған жолдастарының қаны.
|
|
|
|
|
Аяқталуы
2 мин
ТжДО
ОЖЕСО
жО
СТО
ОБжОБ
2 мин
|
VІ .Жинақтау. Жұптық жұмыс — Семантикалық кестені толтыру 58-жаттығу
Мысалдар
|
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен
|
Бастауышы-
зат есім, баяндауышы-
заттанған сын есімнен
|
Бастауышы -тәуелденген зат есім, баяндауышы-тәуелденген зат есімнен
|
Бастауышы да, баяндауышы да бір сөзден
|
Бастауышы заттанған сын есім, баяндауышы-
зат есімнен
|
Ер дәулеті- еңбек
|
|
|
|
|
|
Көз- қорқақ, қол батыр
|
|
|
|
|
|
Ердің айнасы — еңбегі
|
|
|
|
|
|
Жалқау кісі- жарым кісі
|
|
|
|
|
|
Еріншек- елдің мазағы
|
|
|
|
|
|
Еңбек адамның екінші анасы
|
|
|
|
|
|
Жұптарда дайын жауап үлгісі бойынша бағдаршаммен бағалау.
Бағалау критерийлері:
5-6 жауабы дұрыстары – жасыл;
3-4 жауабы дұрыстары -сары;
0-2 жауабы дұрыстары –қызыл
VII. Бағалау. Рефлексия
Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім….
Маған ұнады……..
Маған қиын болды……………..
Мұғалімге сұрақ………………..
VIII. Үй тапсырмасы:
65- жаттығу. Әдебиеттен тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер жазып келу (10 мысал)
|
кесте
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
|
Жұпта, топта бір – бірімен санасып, қолдау көрсетеді. Берілген тапсырмалар бойынша бірлесіп әрекет етеді.
|
Өзін – өзі бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылды. Смайликтер арқылы ынталандырып отырдым.
|
Бір – бірін тыңдап, қолдау көрсету, қолпаштау
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Мақсаттар анық және сабақ барысында ашылды. Бүгін бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша тақырыбын өтті.Сызықшаның қойылу себептерін айқындады.Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. Берілген уақыт ішінде барлық тапсырмаларды орындап үлгерді.
|
Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Балама – сызба бойынша жұмыс.
2. Топпен жұмыс.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. жағымды ахуал және бір – бірін қолдауы.
2. Ұйымдасқан іс – әрекет.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Уақытпен санасу, бағалаудың түрлерін орынды қолдану, оқушылар қажеттілігін басты назарда ұстау.
|