Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөнінен жұмысты жоспарлау мен есепке алу



бет36/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

56. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөнінен жұмысты жоспарлау мен есепке алу
Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен,
әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін
шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала
кӛре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене
шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, кӛзделген мерзімде оқу-тәрбие
жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге кӛмектеседі. Есепке алу
- бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау.
Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу
балалардың түрлі кӛрсеткіштерінің ӛзгеруін кӛруге жоспарлаудың дұрыстығын
анықтауға, оған дер кезінде кейбір ӛзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде
мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені
жетілдіруде жоғары кӛрсеткіштерге жетуге болады. Мектепке дейінгі
мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене
жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене
шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс
ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері
талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен
ӛткізілетін шараларды да жоспарлайды.
Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар). Бұл жоспарды барлық
педагогикалық ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі
жасайды. «Дене тәрбиесі»- бӛлімінде алдағы жылдың негізгі міндеттері
кӛрсетіліп, атқарылатын жұмыстарға дайындық, оларды ӛткізуге қажетті
шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.-
ға үйрету міндеті қойылады. Осыған орай, шаңғы және шомылу костюмдерін
сатып алу, шаңғымен жүретін орындарды белгілеу, хауыздарды жабдықтау
жұмыстары да белгіленеді. Тәрбиешілерді (әдебиеттер оқу, үйрету әдістерін
талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды
(әдебиеттерді оқу, костюмдер сатып алу т.б.) даярлау. Жоспарда
тәрбиешілердің мамандығын арттыруды қарастыру маңызды: дене тәрбиесі
бойынша нақты мәселелерді зерттеу және оларды педагогикалық кеңестерде
талқылау, үйірмелерде, семинарларда, әдістемелік бірлестікте, балабақшаның
жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, баяндама дайындау, педагогикалық
оқуларда сӛйлеу. Бұдан басқа қабырға газеттерін, ата-аналар бұрышын, спорт
мерекелерін пайдалана отырып дене тәрбиесін насихаттау жӛніндегі шаралар
белгіленеді. Жоспарда тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, мектепке
дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, дене күшінің
дамуын, дене дайындығын жақсарту жӛніндегі жұмыс формалары (спорт
секцияларындағы жалпы дене әзірлігі топтарындағы сабақтар, дене
жаттығуларымен ӛз бетінше айналысу, т.б.) кӛрсетілуі тиіс. Жұмыстың жалпы
жоспары педагогикалық кеңесте талқыланып бекітіледі. Жоспарлау кезінде
жағдайларды (бӛлменің, алаңның мӛлшері, дене тәрбиесі жабдықтарының,
ойыншықтардың, атрибуттардың болуы), сондай-ақ климаттық-
метеорологиялық факторларды ескеру қажет. Кӛктемде, жазда, күзде
құралдарды (секіру үшін құмы бар шұңқыр, жүруге арналған бӛрене, ӛрмелеуге
арналған кішкене қоршау) және үлкен кеңістікті (қашықтыққа лақтыру,
жүгірумен қозғалыс ойындары т.б.) пайдалана отырып, алаңда ӛткізуге тиімді
жаттығуларды жоспарлау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет