Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә


§ 74. ДАРА ЕТІСТІК ПЕН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК



бет11/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 74. ДАРА ЕТІСТІК ПЕН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК.
Етістіктер құрамына қарай дара естістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген (М. Ә). Бұл сөйлемдегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар — бір ғана сөзден тұратын етістіктер. Әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: Жұрттар не істеді?— салғызды (баяндауыш), нені сезген?жамырағанын (толықтауыш), құлағы қайткен?— сезген (баяндау-ыш).

Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосактағы қойлар да маңырап жатыр екен (М. Ә.). Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен (Ы. А.). Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай (А). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), Жамап отыр екен (қыз не істеген?) , жеп қоямын деп (не себепті отыр?), дегендер — күрделі етістіктер. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (манырау, жамау, жеу) білдіреді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.

Әдетте күрделі етістіктің кұрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, одан кейінгісі көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бірнеше болуы да мүмкін (жоғарғы сөйлемдердегі жатыр екен, отыр екен, қоямын деп). Негізгі етістік көбінесе көсемше тұлғасында (келе жатыр, барып қалды т. б.) және есімше тұлғасында (барған екен, жүретің болды, айтпақ болды т. б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасы, қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен тұлғаланып қолданыла алады. Мысалы: Үнсіз



72
күліп тұрган — бағанағы бала шәкірт (М. Ә.). Еш нәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түтсі алыстан жалғыз карға(Ы. А.).
§ 75. БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІКТЕР.
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді. Мысалы: кел-ді сен кел, бер-ген-біз сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б. етістіктердін түбірлері ойна, көр, айт. Бірак бұларда бұйрықтық мағына жоқ. Сонымен бірге бұйрықтық мағына, демек, бұйрық рай тұлғасы, тек түбір тұлға ғана емес, етістіктің кейбір басқа тұлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен кел-тір-ме, сен ойна-тқыз, сен ойла-н-ыңқыра т. б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, түбір тұлғалар емес. Бұның өзі етістіктің түбірі деген мен бұйрық райдың жекеше анайы II жағы деген ұғымдар бір емес екенін көрсетеді.

Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын да білдіреді. Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді. Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнактары арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, айт-па, көр-ме, кет-пе және келген жоқ, айтқан емес т. б.


§ 76. САБАҚТЫ ЕТІСТІК ПЕН САЛТ ЕТІСТІК.

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Баламды медресеге біл деп бердім. Бетті бастым, Қатты састым. Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын, бердім, бастым, деген етістіктер сөз, өлең, балам, бет деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы мүмкін. Мысалы: өлең айт өлеңді сен айт, кітап оқыды кітапты бала оқыды, хат жаздым жолдасыма хатты жаздым т. б. Ондай-да, мысалда көрсетілгендей, ол екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолдану керек. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек.



73
Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, оңда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, бер, сайла т. б. етістіктерден кімді (нені) айт? кімді (нені) көр? нені оқы? нені бер? кімді (нені) сайла? деп сұрақ қоюға болады.

Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы, қаладан қайт, ауылға қайт, жолдасыңмен қайт немесе түсінде келді, үйден келді, баламен келді, үйге келді т. б. болып қолданылса да, нені (ауылда т. б.) қайт? нені (қаланы т. б.) келді? деп айтуға болмайды. Сондықтан бұлар — салт етістіктер.

Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шам-ды сөн-дір-ді, бала кетті — бала-ны кет-ір-ді, гүл өседі — гүл-ді өс-ір-гді, ол өкпеледі — о-ны өкпеле-т-ті т. б. Ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: Әңгіме-ні, айтты әңгіме айтылды, хат-ты жазды хат жазылды, кітап-ты түгел оқыды кітап түгел оқылды т. б.
§ 77. етістер.
Қимылдын іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: ол жуынды, ол баласына кітап оқытты, әңгіме айтылды, олар бір-бірімен хат жазысты деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің (орындаушының) өзіне қарай бағытталғанын, оқу іс-әрекеті оның тікелей қимыл иесі (ол) арқылы емес, екінші бір иесі (баласы) арқылы орындалғанын, айту іс-әрекеті қимыл иесінің өздігінен орындалғандай болуын, жазу іс-әрекеті қимыл иесінің біреу емес, бірнешеу (олар) екенін білдіріп тұр да, ол мағыналар түбірге -ын, -т, -ыл, -ыс жұрнақтары жалғану арқылы берілген. Соған орай етістер төрт түрге бөлінеді: Өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс.

Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, сөйле-с-пе т. б.


1. Өздік етіс.
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)

74
Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
2. Өзгелік етіс.
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.
3. Ырықсыз етіс.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б.
4. Ортақ етіс.
Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнактары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айт-ты,әңгіме айтылды, сөзді сөйледі сөз сөйленді, қолын жуды ол жуынды, т. б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, оқушы орындықта отырды — окушы орындыққа отырғызды, хат жетті хатты жеткізді т. б.

Етіс жұрнактары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: Сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т. б.

75
Пысықтау үшін сұрақтар:


1. Етістік нені білдіреді? 2. Етістік қандай сұраққа жауап береді? 3. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? 4. Туынды түбір етістіктер қалай жасалады? 5. Етістіктің түбірі кандай тұлғамен сәйкес келеді? 6. Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың (жекеше анайы 2-жақ) тұлғасын қалай ажыратуға болады? 7. Негізгі етістік пен көмекші етістіктің ерекшеліктері неде? 8. Дара етістік пен күрделі етістіктің мәні кандай? Күрделі етістік қалай жасалады. 9. Болымсыз етістік деген не, қалай жасалады? 10. Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшелігі неде? 11. Олардың мағыналық ерекшеліктері сөйлемде қалай көрінеді? 12. Сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыруға бола ма? Мысал келтір. 13. Етіс нені білдіреді? 14. Етістің кандай түрлері бар және қалай жасалады? 15. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады?
§ 78. есімше.
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.). Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай, жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).

Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты (еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, кептеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен (Ы. А.). Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды (М. Ә.). ...Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің (Ы. А.). Наразы боларын да, құптарын да білмеді (М. Ә). Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал).



76
Берілген сөйлемдегі әкел-гені, қорық-қан-ына, ал-ған, түс-кен-ін, (наразы) бол-ар-ын, құп-тар-ын, өс-ер деген есімшелер етістік мәнінде емес есім сөз таптары мәнінде қолданылған және сөйлемдегі қызметі де өзгеше. Бірінші сөйлемдегі әкелгені сөзі не? (не қуыршақ екен?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудын 3-жағында (-і) атау септік тұлғасында тұрып заттанып, сөйлемнің бастауыш кызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде қорыққанына сөзі неге? (неге ұялды?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-ы), барыс септік тұлғасында (-на) тұрып заттанып, сөйлемнін толықтауыш қызметін атқарып тұр. Үшінші сөйлемде алған деген есімше қандай? (қандай немесе қай шие?) деген сұраққа жауап беріп, шие сөзін анықтап тұр және түскенін сөзі нені? (нені аламын деп?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-і), табыс септік тұлғасында (-н) тұрып заттанып, тура толықтауыш қызметін атқарып тұр. Төртінші сөйлемде (наразы) боларын, құптарын сөздері нені (нені білмеді?) деген сұракқа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында і (-ы), табыс септік тұлғасында (-Н) тұрып заттанып. тұра толықтауыш қызметін атқарып тұр. Соңғы сөйлемде өсер сөзі қандай? (қандай елдің?) деген сұракка жауап беріп, елдің деген сөзді анықтап тұр. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысында етістікке тән қасиет жок, керісінше сын есім мен заттанып барып зат есімнің орнына жұмсалған. Сондықтан да есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады.
§ 79. ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.

1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.

2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.

3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан



77
буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.

Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.

4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.

Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.



Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.
§ 80. ЕСІМШЕНІҢ ЕСІМДЕРШЕ ТҮРЛЕНУІ.
Есімше есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. Көптік жалғауы -ған, -кен, -қан, -кен және -атын, -етін, -йтын, -йтін тұлғалы есімшелерге ғана жалғанады: барған-дар, келген-дер. айтқан-дар, айт-атындар, бер-етіндер, сөйле-йтіндер, қара-йтын-дар т. б. Есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак, -пек тұлғаларына кептік жалғауы жалғанбайды.
Есімшенің барлық түрлері тәуелденеді.
Есімшенің оңаша түрде тәуелденуі.



Есімше

жақ

көрген

келер

бермес

баратын

айтпақ




I.

көргенім

келер-ім

бермес-ім

баратын-ым

айтпағ- ым

II.

көрген-ің

келер-ің

бермес-ің

баратын-ың

айтпағ-ың




көрген-іңіз

Келер-іңіз

бермес-іңіз

баратын-ыңыз

аитпағ-ыңыз

III.

көрген-і

келер-і

бермес-і

баратын-ы

аитпағ

78
Есімшенің ортақ түрде тәуелденуі.


Есімше жақ

көрген

келер

бермес




I.

II.
III.

көрген-міз көрген(дер)ің көрген-дер-іңіз көрген-(дер)і

келер-іміз келер-ің келер-іңіз келер-і

бермес-іміз бермес(тер )ің бермес( тер)іңіз бермес(тер)і













Есімше жақ

баратын

айтпак




I.

II.

III.

баратын-ымыз баратын-( дар )ың баратын-( дар )ыңыз баратын-( дар )ы

айтпағ-ымыз

айтпақ-( тар)ың айтпақ-(тар)ыңыз айтпак,-(тар)ы























Есімшенің септелуі.
А. көрген, келер, бермес, баратын, алмақ

I. кереге-нің, келер-дін, бермес-тің, баратын-ның, алмақ-тың

Б. көрген-ге. келер-ге, бермес-ке, баратын-ға, алмақ-қа

Т. көрген-ді, келер-ді, бермес-ті, баратын-ды, алмақ-ты

Ж.көрген-де, келер-де, бермес-те, баратын-да, алмақ-та

Ш.көрген-нен, келер-ден, бермес-тен, баратын-нан, алмақ-тан

К. корген-мен, баратын-мен

Ескерту: есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды.


Есімшенің жіктелуі.
Есімшенің барлық түрі де тікелей жіктеліп, етістіктің негізгі мәнін, шақтық мағынаны білдіреді. 3-жақта арнаулы жіктік жалғау жоқ.
Есімшенің жекеше түрде жіктелуі.
I. мен көрген-мін, келер-мін, бермес-пін, баратын-мын, айтпақ-пын.

II. сен көрген-сің, келер-сің, бермес-сің, баратын-сың, айтпақ-сың

сіз. көрген-сіз, келер-сіз, бермес-сіз, баратын-сыз, айтпак-сыз?

79
III. ол. көрген-, келер-, бсрмес-, баратын-, айтпақ-,


Есімшенің көпшс түрде жіктелуі.
I. біз көрген-біз, келер-міз, бермес-піз, баратын-быз, айтпак-пыз

II. сеңдер көрген-сіңдер, келер-сіңдер, бермес-сіңдер, баратын-сыңдар айтпақ-сыңдар.

сіздер көрген-сіздер, келер-сіздер, бермес-сіздер, баратын-сыз-дар, айтпақ-сыздар.

Ш. олар көрген-, келер-, бермес-, айтпақ-,

Болымсыз етістіктен (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде (көбіне поэзияда) I жақта — с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы (-пын, -пін) тұтасып, қыскарып кетіп, -н түрінде ғана қолданылады: айтпа-с-пын айтпа-н, келме-с-пін келме-н т. б. Мысалы: Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Жандаспай ақыры бір тынбан. (М). Бай емен, батыр емен, хан емеспін (А).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет