«Жауһар жырды жүрегінде тербеген» Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,96 Kb.
#54415
1   2   3   4
Жүргізуші: Ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның "Жаз" деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Адам жанаына шуақ сеуіп,күлімдеп жүретін адамдар болады.Осындай адамды жадыраған жаз мінеді адам дейді.Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстыра жырлаған.Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы.
5-оқушы: «Жаз» өлеңі
Жүргізуші: Ақынның тұңғыш кітабы ол «Сандуғаш» атты өлеңдер жинағы. Кейіннен «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау толқын» «Дауа» т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын» «Қарғыс» сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары», «Мүшәйра» т. б. поэмалары жарияланды.
Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады.
6-оқушы «Батырлардың ұрпағымын» өлеңі
Жүргізуші:
Фариза – үлкен ақын! Фариза, алдымен, лирик ақын! Ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикасында жатыр. Лирика - әдебиеттің үш тегінің бірі және ежелгі жанр санатында бірегейі екендігі әлімсақтан белгілі. Ақын-лирик Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі көпке таныс, ешкімге бас имейтін өзіндік дара мінезіді болды. Ақын түсінігінде поэзия патшалығы адамзат дамуы мен жеке адам психологиясына қызмет етер ерекше дүние.
Жүргізуші: Ф.Оңғарсынова поэзиясында келесіп тақырып –достық.
Өзгермедім бұл күйден,оңдалмадым,
Сезім жерде бұралаң жолдар барын,
Құздан құлап қалар ем,болмаса егер,
Періштедей менің дос –қорғандарым.
7- оқушы «Достар әні»өлеңі
Жүргізуші: «Ақын өмірінен» деп аталатын сайысымыздың екінші кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз. 
1. Ф.Оңғарсынова қашан, қай жерде дүниеге келген? (1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысының, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келді).
2. Ақынның әкесінің, анасының аты кім? (әкесі Оңғарсын Иманғалиев, анасы Халима Бекейқызы).
3. Алғашқы өлеңдері қашан жариялана бастады? (1958 жылы баспасөз беттерінде жарық көрді).
4. Ф.Оңғарсынованың өлең жинақтарын ата («Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Дауа», «Сұхбат», «Шілде», «Алғашқы сабақ» т.б.).
5. Ақынның қандай өлеңдерін белесің? («Сандуғаш», «Ұстаз», «Соңғы қоңырау», «Туған жер», «Нарын» «Ақын» т.б.).
6. Ф.Оңғарсынова кім? (ақын, аудармашы, жазушы, көсемсөзші). 
7. Ақын қандай оқу орнын тәмамдаған? (1961 жылы, бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірді).
8. Ақынның қандай марапаттары бар («Құрмет белгі», Парасат ордендерімен марапатталған, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстанның Халық жазушысы). 
9. Ақын қандай шет ел авторларының өлеңдерін аударды? (Чили ақыны Пабло Неруданың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің, орыс ақындары А. Блок, Р.Ф.Казакованың, Е.А. Евтушенконың, армян ақыны С.Б. Капутикянның өлеңдерін қазақшаға аударды).
10. Ф.Оңғарсынованың Тұңғыш өлең жинағы қашан жарияланды және қалай аталады? (1966 жылы, «Сандуғаш» атты өлең жинағы). 

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет