«Жауһар жырды жүрегінде тербеген» Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш
Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқырмандар! Қазақтың көрнекті ақыны, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған 6-сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты мәнерлеп оқу сайысына «Қош келдіңіздер!».
Жүргізуші: Көңілді, жайлыкүнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! -деп толғаған Фариза Оңғарсынова бүгінде ортамыздан кетсе де, әдебиет әлемінде аты мәңгі сақталып қала беретінпоэзияның өшпес жарық жұлдызына айналды.
- Құрметті оқырман қауым! Ақынның өмірі мен шығармалары, жасаған қызметі жайында деректермен таныс боласыздар.
«Өлең ,әңгімелерді көп оқыған, сөздің киесін қастерлей білген баланың ой өрісі,дүниетаным өрісі өзгелерден биік,адамгершілік қсиеттері басқаларға үлгі етердей ерекше сүйкімді болары сөзсіз» деп айтқан екен өз кезінде Фариза Оңғарсынова.
Ән: Фариза Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз.Жарысқа қатысушаларды сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
1.Перзент сөзі
2.Ананың әлдиі
3.Туған жер
4.Ұстазыма
5.Батырлардың ұрпағы
6.Жаз
7.Достар
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:
1.
2.
3.
Қатысушылардың өнерлерін бағалауды 5 баллдық жүйеде бағаланады.
Мәнерлеп оқу сайысы ІІ кезең бойынша өтеді.
І-кезең. «Жыр – менің жалғыз тарланым». Яғни бұл кезеңде, оқушылар ақынның бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқуы тиіс.
ІІ-кезең. «Ақын өмірінен» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Ф.Оңғарсынованың өмірінен, шығармалары, атқарған қызметі жайынан берілген сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші : Иә, поэзияның биік шыңын бағындырған Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Отбасында оныншы перзент болып дүниеге келген.Әкесі Оңғарсын Иманғалиев еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы.
1-оқушы: «Перзент сөзі» өлеңі 2-оқушы: «Ананың әлдиі» өлеңі Жүргізуші: Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.Фариза Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылының Нарын құмының арасында көкорайлы нулы жер,
«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат
Мені мәңгі тартатын сағындырып...»деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.
3-оқушы: «Туған жер» өлеңі