«Жауһар жырды жүрегінде тербеген» Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,96 Kb.
#54415
1   2   3   4
Ән: «Жақсы көру»
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Міне, мәнерлеп оқу сайысын қорытындылайтын сәтке де жеттік. Олай болса, сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамын. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші: Ф. Оңғарсынова- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына , сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.
Ән: «Фариза»
Жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.
Жүргізуші: Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемінде өзіндік орны бар Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.
Жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға ұсынылған кітап көрмесін тамашалауға,танысуға шақырамыз. Бұл кітаптарды Балалар кітапханасынан алуға болады.
Ф.Оңғарсынова кітаптары: «Алғашқы сабақ» , «Сөз сыры», «Көгершіндерім»
Жүргізуші:   Назар аударғандарынызға көптен – көп рахмет! Осымен әдеби – сазды кешіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет