Мынау есте болсын: Java Script бұл өзбетінше тіл емес, HTML параққа қойылатын және клиент тарапынан қандай да бір әрекетті орындайтын код үзіндісі. HTML құжатқа Java Script кодын кірістіру үшін мына әдіс қолданылады:
Бірінші мен соңғы жолдардағы тэгтер - Java Script-тің басы мен соңын білдіреді. "" -түсіндірме тэгтері, Java Script кодтарын өңдей алмайтын браузер типтерімен үйлестіру үшін қолданылады. Ондай браузер бүкіл скрипт кодын экранға шығарады. Мұндайда тілден хабарсыз кісі оған таңғалады, ал түсінген кісі бұл жағдайды ескермегеніне күледі де қояды. Осы заманғы браузерлер барлығын да өз қалпында бейнелейді. Мына әдісті де қолдануға болады. Браузер Java Script-ті қолдамаған жағдайда мына кодты пайдаланып:
пайдаланушыға неге бұлай екендігін түсіндірген жөн. Java Script-тің әр жолының соңына ; таңбасын қою ұсынылады.
Нtml сабақтарындағы форма есте шығар. Онда батырмалар форманы жөнелтуге арналып, мына типті иеленетін: type=submit. Алайда біз өзіміз қалайтын әрекеттің бәрін орындайтын батырма жасай аламыз және оны тэгтер денесіне орналастыру міндетті емес. Ол үшін батырманы былай жазған дұрыс:
Енді осы батырманы басқанда бірдеңе орындалуы үшін не істеу керек? Ол тіпті оңай! Біз бұрын onclick оқиғасымен танысқан болатынбыз. Батырма үшін сондай оқиғаны қолдану әлдеқайда жеңіл:
onclick="alert("Сіз <жәй батырма> батырмасын бастыңыз");">
Жоғарыда келтірілген кодпен жүзеге асатын батырма қалай жұмыс істейтінін қарайық. Мұнда onclick оқиғасына байланыстыру кезіндегі код жазбасы қос тырнақшаға алынып, соңындағы үтірлі нүкте тырнақша ішіне қойылғанына назар аударыңыз. Бұл өте маңызды! Alert функциясының параметрлері апостроф аралығына жазылған!!! Java Script коды бірден тэгіне енгізілгенін көріп отырмыз, бірақ оны бөлек орналасқан функциямен де орындауға болар еді. Кезкелген функция синтаксисі былай жазылады:
function функция аты()
{
осы функцияның коды
}
Былай жазамыз:
Сонда келесі кодты былай көшіріп жазамыз:
name="simple_butt" onclick="bring_alert("функцияны шақыру");">
Қалай жұмыс істейтінін көрейік:
(Оnclick) батырмасын басқан кезде simple_butt -та bring_alert атымен функция шақыру жүргізіледі екен.
Негізгі ұғымдар
Javascript программалау тілін Netscape Communications-тегі Брендан Эйк ойлап тапқан. Бұл клиент тарапынан жұмыс істейтін сценарилерді жазуға арналған обьектілі-бағдарланған тіл.
Javascript тілі обьектілерге негізделген. Javascript обьектісі – реттелмеген қасиеттер жиынтығы. Олардың әрқайсысының осы қасиеттің қалай пайдаланатындығын анықтайтын атрибуттары болады. Javascript-тің бірге орнатылған ішкі Global, Object, Error, Function, Array, String, Boolean, Number, Math, Date, RegExp сияқты обьектілері бар. Сонымен қатар javascript-тің ішкі амалдары болады, олардың функция не әдіс болулары міндетті емес. Оларға қоса оның программаның орындалу логикасын басқаратын ішкі операторлар жиынтығы бар.
Обьектілер жасалынады. Ол new; амалындағы құрастырушыны шақыру жолымен жасалады, мысалы, new String("бұл жол") жаңа String обьектісін құрады. Құрастырушыны new-сыз шақыру құрастырушыға байланысты. Мына String("бұл жол") обьектіні емес, жәй жолды ғана құрады.
Javascript тілінің негізгі ұғымдарына тоқталайық:
Типі Деректер мәндерінің жиынтығы.
Қарапайым мәні Типтерінің бірі Undefined –тің элементі (анықталмаған), Null (нөлдік), Boolean (логикалық - true немесе false), Number (сандық) немесе String (жолдық). Қарапайым мәндер – бұл тікелей меншіктелетін және тілді ең төменгі деңгейде жүзеге асыратын деректер.
Объект Object; әрқайсысы қарапайым мән, обьект немесе функция бола алатын реттелмеген қасиеттер жиынтығы типінің элементі болып табылады. Функция болып табылатын қасиет әдіс деп аталады.
Құрастырушы/Конструктор Обьектілерді құратын және оларды инициализациялаушы функция. Әр құрастырушының қасиеттерді мұраға қалдыруы және бөлектеуі үшін пайдаланатын сәйкес прототипі болады.
Прототип Javascript-те құрылымды, жағдайды және өзін-өзі ұстауды мұраға қалдыруды жүзеге асыруға арналған обьект. Құрастырушы обьект құрғанда осы обьектінің қасиетіне сілтеме жасауға мүмкіндік беретін құрастырушы прототипіне көрінбейтін сілтеме құрады. Прототип қасиеттері соның негізінде жасалған барлық обьектілерге бөлінеді.
Тіл обьектісі Javascript тілін жүзеге асыруды қолдайтын, бірақ сценарилердің орындалу ортасы болып табылмайтын кезкелген объект. Тіл обьектісінің бір бөлігі өзімен бірге орнатылады, басқалары сценарилерді орындау барысында жасалады.
Бірге орнатылатын обьект Қандай ортада орындалуына қарамастан javascript тілін жүзеге асыруды қолдайтын және сценаридің орындалуының бастапқы сәтінде бар кезкелген обьект. Барлық бірге орнатылған обьектілер тіл обьектісі болып табылады.
Орта обьектісі Тіл обьектісі болып табылмайтын, сценарилер орындалатын орта қолдайтын кезкелген обьект.
Анықталмаған мән Айнымалыға ешбір мән меншіктелмегенін білдіретін қарапайым мән.
Undefined типі Бұл тип анықталмаған мән болып табылатын undefined-тің жалғыз мәнінен тұрады.
Нөлдік мән Нөлдік, бос немесе жоқ сілтемені білдіретін қарапайым мән.
Null типі Бұл тип нөлдік болып табылатын жалғыз null мәнінен тұрады.
Логикалық мән ақиқат немесе жалған екендігін білдіретін Boolean типті қарапайым мән.
Boolean типі Мына: true (ақиқат) және false (жалған) мәндерінен тұратын тип.
Логикалық объект Бірге орнатылған логикалық обьект экзепляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, логикалық обьект new Boolean(value) өрнегімен жасалады, мұнда value – логикалық мән. Нәтижелік обьектінің Boolean типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Жолдық мән String типті элемент. Символдар жолын, яғни нөлдерден тұратын реттелген жиым немесе Unicode (16-биттік таңбасыз бүтін сандар) символдарын құрайды.
String типі Бұл тип бүкіл жолдық мәндерден тұрады.
Жолдық объект Бірге орнатылған жолдық обьект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, жолдық обьект new String (value) өрнегімен жасалады, мұнда value – жолдық мән. Нәтижелік обьектінің String типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Сандық мән Number типті элемент. Санның тікелей бейнесі болып табылады.
Numberтипі Бүкіл сандық мәндерден тұратын тип.
Сандық объект Бірге орнатылған сандық обьект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, сандық обьект new Number (value) өрнегімен жасалады, мұнда value – жолдық мән. Нәтижелік обьектінің Number типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Енді біз теориядан нақты іске көшейік. Біздер оқиға, обьект дегендердің не екенін білдік. Java Script тілінің обьектілік моделін қарастыруға кірісейік.
Сонымен обьектілік модель мыналардан:
объектілерден;
қасиеттерден;
әдістерден;
оқиғалардан;
коллекциялардан құралады.
Осы бүкіл бес ұғым өзара бірі-бірімен байланысқан. Осы өзара байланысты window обьектісінің мысалы арқылы қарастырайық.
Window обьектісінің мынадай қасиеттері бар:
clientInformation, closed, defaultStatus, dialogArguments, dialogHeight, dialogLeft, dialogTop, dialogWidth, document, event, history, length, location, name, navigator, offscreenBuffering, opener, parent, returnValue, screen, self, status, top