Басқа ауыр науқастарға душар болғандарды жазаны өтеуден босатудың өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар. Аталған негіз бойынша жазаны өтеуден босату соттың міндеті емес, оның құқықтарының бірі болып табылады. Бірақта сырқаты өте ауыр дәрежеде болып, жазаны өтеуге кедергі жасайтын болса тұлға жазаны өтеуден босатылады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастырылады. Мұндай шешімдерді қабылдауда қылмыстық ауырлық дәрежесі, сотталған адамның тұлғалық ерекшеліктері, ауру сипаты, жаза мөлшері мен оның іс-жүзінде өтелген бөлігі және т.б. жағдайлар ескеріледі. Әдетте жазаны өтеу барысында өз денсаулығына қасақана зиян келтірушілер жазаны өтеуден босатылмайды.
Ауруына байланысты жазаны өтеуден босату дәрігерлік комиссия қорытындысы мен жазаны атқару мен айналысатын органның ұсынысына негізделіп жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 75-бабының бірінші және екінші тармақтарында көрсетілген тұлғалар ауруынан сауығуына байланысты, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе қылмыстық жауаптылық пен жазаға тартылады. Егер қылмыс жасаған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған мерзім жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |