Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мен педагогикалық сипаттамасыСөз деңгейіндегі қателерге
СТЖД 14 апта слайд
Дисргафияның классификациясы Дисграфияның классификациясы түрлі критерийлер негізінде іске асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру. Акустикалық дисграфия кезінде естіп-қабылдаудың ажыратылымдығының, дыбыстық талдау мен жинақтаудың жеткілікті дамымауы байқалады. Артикуляциясы және дыбысталуы бойынша ұқсас әріптерді жиі тастап кету, алмастыру, сонымен қатар жазба жұмыстардан дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді. Оптикалық дисграфия көру әсері мен бейнелердің тұрақсыздығымен байланысты. Жеке әріптер түрліше қабылданады. Көріп-қабылдауы нақты болмағандықтан, олар жазуда алмасады. Көбіне келесі қол жазба әріптерді алмастыру кездеседі: Оптикалық дисграфияның ауыр түрінде сөздерді жазу мүмкін емес. Бала тек жеке әріптерді ғана жаза алады. Әсіресе солақайларда айналы керісінше (зазеркальное) бейне жазу орын алады, ондай жағдайда әріптер бөлшектері оңнан солға қарай жазылады. Моторлы дисграфия. Оған жазу кезінде қол қимыл-қозғалысының қиындығы, сөздің дыбыстық және көру бейнелері мен моторлы бейнелерінің байланысының бұзылысы тән. Дизорфографияның белгілері Дизорфографиясы бар балаларда грамматикалық ұғымдарды қабылдап түсінуі қиындық туғызады. Мысалы, ондай балалар «дыбыс», «буын», «сөз», т.б. ұғымдарды есте сақтай алмайды немесе шатастырады. Олар өз бетімен орфограмманың мазмұнын айтып, қортынды жасай алмайды. Өтілген орфограммаларға дұрыс мысал келтіру, тексеруге керек сөздерді табу қиындық туғызады. Тексеруге пайдаланатын түбірлес сөздердің орнына көбінесе айтылуы ұқсас сөздерді айтады. Балалар «тексеру» сөздер неліктен түбірлес болу керек екенін дәлелдей алмайды. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының әдістемесі Оқу мен жазудың бұзылу механизмдері көптеген жағдайда ұқсас болады, сондықтан логопедиялық-түзету жұмыстарының бағыттары бірдей келеді. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде жазудағы, оқудағы ерекше қателердің тұрақты кездесуіне, жалпы жазу, оқу дағдыларының қалыптасуына олардың функционалды базистерінің әсері зор деп есептеледі, ерекше көңіл бөледі. Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға арналған жаттығулар сөздің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз болады. Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қырын белсендетуге және етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді. Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта жүргізіледі: - өз денесін бағдарлау, оң сол дене мүшелерін ажырату; - қоршаған кеңістікті бағдарлау; Қоршаған кеңістікті бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде кеңістікті қабылдау және түсінігін ескеру қажет. Алдымен бала оң-сол қолын білуі қажет, соның негізінде дене мүшелерінің оң солын айыра бастайды. Көріп талдау және жинақтауын дамыту Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын, әсіресе әріптің графикалық элементтерінің кеңістікте орналасуы, әріптердің ұқсас және айырмашылығын анықтаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Баланың сукцессивті қабілетін дамыту Сукцессивті қабілеттін дамытуға арналған жаттығулар қимыл, кеңістік, уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске асыруға бағытталады. Фонетикалық деңгейдегі түзету жұмысы Фонетикалық деңгейдегі жұмыс екі бағытта жүргізіледі: сөздің дыбыстық құрамын талдау (жай түрінен күрделіге қарай) фонетикалық қабылдауын, яғни ұқсас фонемаларды ажырату. Дыбыстарды ажыратуын анықтау, бекітуге бағытталған логопедиялы жұмыс әр түрлі анализаторға (сөйлеу, есту, қимыл, көру т.б.) сүйене отырып жүргізіледі.
Екінші кезең шатастыратын дыбыстарды қатар айтылуы мен естілуін салыстыру. Ажырату жұмысы жоғарыда көрсетілген кезектілікпен жүргізіледі. Бірақ негізгі жұмыстың мақсаты ажырату болғандықтан сөздік материалдар шатасатын дыбыстарды бірдей қамту керек. Түзету жұмыс барысында дыбыстарды ажыратуын бекітетін жазбаша жаттығулар ерекше орын алады. Дисграфияны түзету жұмысының алдында міндетті түрде дыбыс айту кемшіліктерін түзету қажет. Акустикалық -- артикуляциялық ұқсас дыбыстарды ажырату Бұл бағыттағы жұмысты алдымен ұқсас дауысты дыбыстардан бастап, содан кейін ұқсас дауыссыз (қатаң, ұяң) дыбыстармен жалғастыру керек. Жұмыс барысында кейбір төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады. Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату жұмысы сурет, геометриялық фигура, музыкалармен іс-әрекет жасай отырып көріп-қабылдауын, кеңістікті бағдарлауын анықтаудан басталады. Жұмыс барысында бейнелер мен әріптердің құрылымын, олардың ұқсас және айырмашылығын көріп талдауын, жинақтауын дамытуға бағытталған жаттығулар кең пайдаланды. Бұл бағыттағы қолданылатын барлық жаттығулардың негізгі мақсаты фонема-артикулема – графема-кинеманың арасындағы байланысты бекіту. Фонематикалық талдау және жинақтауын дамыту Фонематикалық талдау, жинақтауға дыбыстық талдаудың қарапайым және күрделі түрі жатады. Талдау, жинақтау дағдылары белгілі кезектілікпен жүргізіледі. Дыбыстық талдаудың күрделі түріне сөз құрамындағы фонемалардың кезектілігін, оның санын, басқа дыбысқа қатысты орнын анықтау жатады. 2-3 дауыстыдан тұратын қатары, дауысты, дауыссыздардан тұратын қатарға қарағанда жеңіл талданады. Сондықтан фонематикалық талдау, жинақтауды қалыптастыруды алдымен тек дауысты дыбыстар қатарынан (ау, уа) бастап, кейін (ум, на) содан соң бір-екі, одан да көп буынды сөздерге көшкен тиімді. Ерте жастан дисграфиядан сақтандыру шаралары Сөйлеуге дейін кезеңнен бастап баланың артикуляциялық моторикасын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту өте маңызды. Бұл бағытта әр түрлі ойындарды, ойын тәсілдерін, көрнекіліктерді, ойншықтарды пайдалануға болады. Ерте жастан бастап баланың жақын адамдармен қарым-қатынас жасау ынтасын, сөйлеу қатынасын дамытуға жағдай жасау тиімді. .
бала көп «былдырласа» солғұрлым артикуляциялық аппараттың дыбыс артикуляциясын меңгеруге дайындығы жақсарады. сөзбен нұсқауларды орындау (бер, ал, отыр, т.б.). үшін қоршаған адамдардың дұрыс сөйлеу үлгісі қажет.
тілде сөйлеу қажет. Өйткені екі тілде сөйлеу баланың сөйлеу тілінің дамуын кешеуілдетуі немесе бұзуы мүмкін. қайталау керек. ол дыбыс артикуляциясын дұрыс меңгеруге ықпал етеді. айтуын кешеуілдетеді немесе бұзады. Мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан сақтандыру. Бұл жаста сақтандыру жұмысы дисграфияға бейімдейтін алғышарттарды жоюға бағытталады. Негізгі жұмыс бағыттары:
Сонымен, дисграфия мәселесін шешу тек мектепте ғана емес, мектепке дейінгі уақыттан бастап, кеңінен жүргізілуі қажет. жүктеу/скачать 1,22 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |