Сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері Қазіргі әдістеме ғылымында оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстардың түрлері жайында бірнеше тұжырымдамалар жинақталған. Осы тұжырымдамалардың әрқайсысын жеке-жеке талдап жатпай-ақ, тіл дамытуға бағытталған жұмыстардың жалпы топтап көрсетсек, оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстарды төмендегіше сипаттауға болады:
1.Әңгіме. Мұның монологтік (әңгімелеу) және диалогтық (сұрақ-жауап) түрлері бар. Жұмыстың бұл түрі әсіресе бастауыш сыныптартың кез-келген сабақта, сабақтың басқа формаларымен ұштастырылып қолданылатын әмбебап түр болып табылады.
Тек мұғалімнің әңгімесі немесе сұрақ-жауап түріндегі бұл жұмыс бастауыш сыныптарда балалар тараптарынан қызығушылық туғызатындай әсерлі, деректі, қысқа болуы шарт. Әңгімелесудің ұзақтығы 5-6 минуттан әріге созылса, балалар зейіні шаршай бастайтыны белгілі. Сондықтан әңгімелесуді жұмыстың басқа түрлерімен алмастырып отыру қажет.