Жазу дәптерінің мазмұны,құрылысы



бет2/14
Дата20.04.2022
өлшемі42,61 Kb.
#140178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Сауат ашу

Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға көшеді. Жазуға үйрету бұрыннан таныс элементтерге жаңа элементтерді қосу негізінде ұйымдастырылады. Әріптер топ-тобымен жазылады.
Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді, ал оқушылар оның үстінен басып жазады. Сол арқылы балалар әріптердің бейнесін дұрыс жазуға жаттығады, әбден үйренген соң, өз бетінше жазып кететін болады. Бұл әдістің үлгілерін бастауыш сыныптарға арналған «Жазу үлгілерінен» де көруге болады. Басып жазу әдісі әсіерсе теріс қалыптасқан жазуды жөндеуге көмек етеді. Сондай-ақ бұл әдіс бойынша мұғалім дәптерге әріптердің жазылу үлгілерін , олардың сөз ішінде өзара қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардан үлгі бойынша жазуды талап етіп отырады.
Жазу кезінде әріп элементтерін таңбалауға сай байсалды ритм, біртектес қайталанатын қозғалыстар жасалынады. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс қазақ бастауыш мектептерінің тәжірибесіне еркін ендірілмеген сияқты. Сондықтан оның қолданылу жолдарын көпшілік болып ойластыруды керек етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет