Жазу сабағын жаттықтыру. Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламды пайдаланады. Сыныпта әліпби ілініп тұрады.
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсетіп отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді. Келесі әріпті бала өзі жазады. Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жазу жұмысын жалғастырады.
Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың дұрыс оқуға машықтануымен сауатты да, әдемі жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады. Сондықтан мұғалім балаларды ұқыпытылыққа, жауапкершілікке үйрете отырып, өз жұмыстарына өздері баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойлатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады: Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.