1
В. Г. Белинский. Полное собр. соч.,Изд. АН СССР, том 1стр. 44. (Литературные
мечтания).
АР ДАҚ ТЫ АН АМ ТІЛІ
«Тілді жеке бір адам жасай алмай
-
ды, оның түпкі иесі –
халық, мына тіл
мамандары халық тілінің әр алуан құ
-
былыстарын заңдастырып, бір жүйеге
салады, ал жазушы сол тілдің заңда
-
рына
сүйене отырып, өздерінің мәңгі
өлмес еңбектерін жазып қалдырады»
1
В. Г
.
Белинский.
Өзінің туған тілін, әдебиетін сүйе білген адам, бөгде елдің де
тілін, әдебиетін сыйлай алады.
Қазір, шүкіршілік, мамандарымыз өсіп келе жатыр. Әр салада
-
ақ өндіре еңбек істеп жүрген қабілетті қаламгерлеріміз бар.
Мұндай гүлденген дәуірімізді көріп отырып, қуанбайтын аға
буын болмасқа тиіс. Алдында үлгілі ағалары бар жастар қайнап,
қаулап өсе бермек. Міні, қуаныш та, жұбаныш та осы.
Өмір
жолы ұзақ
-
сонар. Әлі талай асқаралы кезеңдер
алдымызда.
«Сан керуен көшіп өткен
Бір жұрттағы жолдаспыз.
Көшкен кайта қонған емес,
Біз де қайта қонбаспыз...» –
деп, Сәкен аға тірі жүрген жандардың басына келетін
шындықты шерткен.
23
1
М. В. Ломоносов. Полн. собр. соч. т.
VIII.
стр. 391
-392
«Бір аштың бір тоқтығы болады, бір тоқтың бір жоқтығы
болады» деген қазақ елі. Табиғат көрінісі де осыны дәлелдейді.
Іле өзенінің арпасы ұзын бойында ылғи кең бола бермейді, тар
жері де кездеседі. Өмір ұзын аққан өзендей.
Мәдениеттің өсіп
-
өркендеуі де бір қалыпты болмайды. Сондай
-
ақ бүгін дүние жүзінде екі ұлы тіл болса немесе екі ұлы әдебиет
болса, соның бірі орыс әдебиеті, орыс тілі, ал ол тіл біреу болса,
соның өзі орыс тілі екені даусыз. Ал еңді осы тіл «кеше қандай
еді, бүгін қандай болды?» деген сұраққа жауап беру үшін, осы
салада талмай еңбегін сіңірген орыс
елінің ұлы азаматтарын тізе
кетсек те теріс болмас. Солардың біріншісі —
XVIII ғасырдың
орта шенінде болған М. В. Ломоносов (1711–
1765) еді, сол кісі
айтқан екен:
«Талай тілдің әміршісі (повелитель) орыс тілі.
Европа тілдерінің бәрінен де мұның зор болуы тек қана жайлаған
өлкесінің кеңдігінен емес, өзінің ұшан
-
теңіз байлығынан,
шетелдіктердің біразына бұл сөзім оғаш та көрінер, сонсоң өз
тілінен гөрі, бөгде тілдерді меңгере
білуге әуестене ұмтылатын
орыс адамдарына да аса ұнай қоймас... Римнің императоры
Бесінші Карл: «Испан тілінде құдаймен сөйлесу дұрыс,
французша —
достармен, немісше
–
дұшпандармен, итальянша —
әйел жынысымен әңгімелесу мақұл»,
–
депті. Егер ол орыс тілін
жетік білген болса, онда, әрине, солардың бәріне де орыс тілінің
бір өзі төтеп бере алады, —
деп косқан болар еді
-
ау,
өйткені ол
орыс тілінен испан тілінің әсемдігін, француз тілінің жеңі л
жорғалығын, неміс тілінің ысқаяқ қатқылдығын, итальян тілінің
нәзіктігін табар еді, оның үстіне орыс тілінен уақиғаны
суреттеуде грек пен латын тілдерінің байлығын да, ықшамдығын
да көрер еді»,
1
–
деп ұлы нақыл айтқан болатын.
Орыс тілін өркендетуге күш салғандардың екінші
-
24
1
Н. М. Карамзин. Соч. т.
VII, 1802,
стр. 137
-138.
сі –
Н.М. Карамзин (1766–1826) айтыпты: «кейбіреулер (әрине,
орысша кітап оқымайтындар),—
дейді ол, –
орыс
тілін нашар
білетіндігін сөйлеп, кешірім сұрайды: мұндай өтініші қылмысты
болудан да жаман ғой. «Орыс тілі тұрпайы
-
ақ, француздың
«
сһач ап» («милый»), «ерап іоп» («излияние») және «ареич»
(«причуды») деген сөздерін орысша жеткізе алмайсың, қысқасы,
орыс тілін білу үшін әрекет жасаудың қажеті жоқ»,
–
деп зиялы
кауымның
ибалы
келіншектері
соғып
отырады.
Ол
келіншектердің
қу далаға лағып отырғанын дәлелдеуге кімнің
батылы барар?!.
Бірақ еркек адамдардың бұлай жалған айтып,
сыпайгершілік жасап, тәлімсуінің жөні жоқ
-
ау, сірә!
Біздің тіліміз шешен сөйлеуге,
әуенді ырғаққа, төгілме
поэзияға өте ыңғайлы, оның үстіне жүрек пен сезімнің нәзік
құбылысын мәнерлеп
беруге де өте икемді. Орыс тілі дыбыс
гармониясын беруде француз тілінен әлде кайда бай, адамның
ішкі жан
-
жүйесін тебірендіруге де
өте
икемді
-
ақ!.. Сорымызға
қарай, біздің бәріміз де французша сөйлеуге құмартып тұрамыз,
өз тілімізді жонып жөндеуге әрекет істейміз, өз ара сөйлесе
кеткенде, кейбір нәзік жәйттерді түсіндіре алмауымыздың сыры
да осында ма, қалай? Бір шетел министрінің мағ ан айтқан сөзі
есімде:
«Сіздердің тілдеріңіз
өте дөрекі болу керек, өйткені
менің байқауымша, орыстар өз тілінде сөйлескенде, бірін
-
бірі
түсінбейтіндіктен, француз тіліне жармасады
-
ау деймін!» –
деді.
Осындай есалаң ұйғарым жасатуға себепкер өзіміз емес пе
?
Заты, тіл отанын сүйетіндер үшін қажет болса керек»
1
–
депті.
Н.М. Карамзиннің артын
-
ала орыс тілін қорғап сахнаға Никита
Яковлевич Бичурин (лақап аты –
«Отец Иакинф» (1777–
1853)
шықты. Бұл А.С. Пушкиннің досы, ұлты чуваш, сол кісі қытай
жылнамасындағы тарихи деректерді
орыс тіліне аударып
бастырғанда, патшашыл
реакционер
.
25