"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
291
 



Кей жерін дұрыс басқаныңмен сен кейде ұшқары ойлайсың, 
жазушының өз тәсілі бар. Сәкеннің «Советстанын» енді біз жаза 
алмаспыз да, өйткені оны дәуір туғызады ғой, –
деп Ботакөз іркіле 
қалғанда:
Ежелгі екі дос осы әңгімеде отырып мезгілдің қалай өткенін де білмей 
қалды. Шай ішіп, ет жеп болғаннан кейін жүрер алдында:

Әй, Есен, міне біздің үй осы, енді әйеліңді алып әдейі қонаққа кел! 
Ақаусыз тәтті айырылысқан достар, теткусіз қайта қосылатыны рас екен. 
Сәкеннің жақсы мінездерін, шын ақындық жүрегін сен ақтардың ғой, ал 
мен бір күлдіргі мінезін айтайыншы,

деп, жымия күлді де Ботакөз сөзін 
соза тартты:

1920 жылы, өзінің жек көретін адамы Төлеубай Нұралин Мәскеуге 
кетіп бара жатқан Сәкенге шалбар әкеп бер деп тапсырады. Сонда: 
«Шалбарное место закрыто»

деп Мәскеуден Сәкен телеграмма соқса 
керек. Осы бір сырт қарағанда ұсақ көрінетін қылығы да маған қатты 
ұнайды, өйткені ол мінезді тек Сәкен ғана көрсете алады. Жек көруін 
әйгілеп айтудың үлкен үлгісі осы, –
деп ойын түйді Ботакөз.

Сонау 
1925 жылы үйінде кереуеті болмай Ташкенге хат жазғанын да білем. 
Дүние жиюды құнттамаған жанның, ежелгі революционерлер рухында 
тәрбие алып өскен, табанды коммунистің тиянақты бейнесін 
Сәкендерден іздеу керек тәрізді...

Рас, Ботакөз, ол шын революционер, дүние жинау оның ойына 
кірмеген нәрсе. Жаңа дәуірді орнатқанда қажеті көп болды да Сәкендер 
неден, қалай бастауды алдына қоя білді, соны орындауға кірісті. Бұрын 
үкіметі болмаған өгей елге ұлт теңдігі тигенде соны басқаратын кісілер 
керек болды. Ол үшін жастарды оқыту, жеткізу бірінші міндет. 
Совнарком председателі Сәкеннің үйі оқу іздеген жастардың 
жатақханасына айналуы да осыдан. Сәкеннің жетектеуімен оқуға түсіп 
ер жетіп үкімет иесі, ақыл иесі болып отырған талай адамдардың көзі әлі 
тірі, «1922 жылы Орынбор қаласында бірінші рет кездескен
Сәкеннің 
Рабфакқа
292 


түсуге білімім
жетпеген мені күштегендей алдырып, оқып кетуіме жол 
ашып бергені рас; 1922
-
1924 жылдары «Еңбекші қазақта» редактор 
болып тұрғанда, көптеген өлеңдерімді жариялап, әдебиет майданына 
алғаш жол ашып бергені рас; сол кезде мені де талап жегісі келген 
ұлтшылдардан қорғаштап, әдебиеттік ойым өскенше пана болғаны рас...»

деп Сәбит ағай да тегін айтпайды; сол замандағы оқу іздеген жастарға 
жәрдемін тигізуі айрықша еді ғой. Сәкен шын мағынасында 
революцияшыл адам. Ол, әсіресе, кедей табынан шыққан кем
-
кетіктерді 
қорғаушы еді. Әрбір губерниядан оқу іздеп келгендердің көпшілігін 
Сәкен үйінен табушы едік. Таңертең тамаққа тойып алып, Сәкеннің бір 
жапырақ қағазын қалтасына салып қара домалақ балалар әрбір мектепке 
тарап жататын. Мен соның жуан ортасында болдым, –
деді Есен.
Сәкеннің өтірік сөз
айтпауына достары түгіл дұшпандары да 
күдіктенбейтін. Сәкен әркімнің мінезіне қарай мінез істейтін. 
Паңсынғандарға өте паң көрінетін, кішіпейіл жандарға «бетегеден биік, 
жусаннан аласа» жан еді. Карта ойнау, арақ ішу, шылым тарту Сәкенде 
жоқ мінез. Байларды иттің етінен жек көретін ол.
1921 жылы Ақмолада Сәкенді Көшербай үйі қонаққа шақырды. Сол 
қонаққа Сәкеннің атқосшысы болып бардым. Кедей, өзі шешен 
Көшербайды Сәкен жақсы көруші еді.
Көшербай үйі толған кісі, қымыз сапырып отырған қара шұбар қарт 
Көшербай емес, сол пәтерге түскен Нілді болысының бір байшікеші 
екен. Қонақтар Сәкен кіргенде орындарынан тұрып, жабыла амандасып 
төрге отырғызды.
Қымыз сапырып отырған бай Сағындық Сатылғанов сөз бастады.

Сәкенжан, мына бір Байсалықов, Беков деген аты шулы. кезеп 
ұрылар күн көрсетуді қойды. Қит етсе қоқаңдап «қырам да жоям» 
дегенді шығарды. Ел арасына
іріткі салып жүр, әбден 
11

2462 
293 


ығыр болдық. Бұл жәйтті маған нанбасаңыз әкеңіз Сейфулладан 
сұраңыз... Мұңымызды, Сәкенжан, саған шақпағанда кімге 
шағамыз, –
деп, мұңая сөйлеп, көзіне жас ірікті.
Қолына ұстаған қызыл кәрден кесені үстелге қайта қойды да, 
Сәкен орнынан тұрды. Бет
-
аузы суып кеткен екен. Сатылғановқа 
көзін сығырайта тікті де:

Көзі ашық азаматты балшықтан жасай алмай жүргенде, 
сіздердей жатып ішерлер үшін, сіздердің қымыздарыңыз бен 
еттеріңізге сатылып, Нұрмақ Байсалықов пен Орынбек 
Бековтарды ұстап беру түгіл ренжіте де
алмаспыз...

деп, Сәкен 
жүріп берді. Оқыған азаматтардың бәрі Сәкеннің соңынан ере 
жөнелді. Қонақтар осылай тарады. Соңында келе жатқандардың 
бірі: «Біз Сәкеннен мұны күтпеп едік...»

деп те
күңкілдеді, 
соны айтқан кісінің
кім екені жадымда жоқ. Сәкен артына 
қарамастан ілгері тарта берді. Міне, Ботакөз, Сәкен ағаның осы 
бір қылығы да есімнен кетпейді,

деді Есен. –
Рас, Ботакөз, 
Сәкеннің істеген ісі түгел мүлтіксіз еді де

меймін, заманында, 
жас шағында мүлт басу адамның бәріне де тән ғой. Бірақ 
негізінен алғанда, өзінің революциялық бетінен таймай өткен 
жан –
Сәкен. Бұған кәміл сенем.
Ал енді тағы талай кездесерміз, Сәкен ағаның әңгімесі біздің 
өмірімізге жетеді.
Мен, сірә, шын шаттанбай билеуші ме ем?
Жыр шертіп шын күйленбей күйлеуші ме ем?
Көргенде жан қайысар қиындықты
Қабақты қара бұлттай түймеуші ме ем?
деген ақын Сәкеннің өлеңін айтты да, Есен Ботакөзбен 
қоштасып, түнгі сағат онда үйіне қайтты.
294 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет