Ғайни, Қамал, Ғайша, Қамар, Сұлушаш, Раушан коммунист,
Айша, Ботакөз, Зере, Ұлжан, Әйгерімдер туды. Осыларды бір
заманның жыршылары бейнелесе де, өздері әр заманның
елшілеріндей елестейді маған. Бәріне ортақ жалғыз
-
ақ мінез бар:
бұл әйелдердің басым көпшілігі тиген қүйеуінің тілеуін тілейтін,
қара басының дербес мақсатын жоқтай алмайтын қарусыз
жандар, озбыр дәуірдің шеңберінен шыға алмайтын әлсіз әйелдер
бейнесінде көрінуші еді.
Сөзім дәлелсіз болмасын, Ербулоным, мысалы ақын Абай,
қазақ әдебиетінің ардагер атасы әйел бейнесін былай суреттеді.
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Жұп
-
жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы»,—
деді. Осы мрамордан жасалған мүсін емес пе? Сұлу
-
ақ әйел ғой.
Шебер Абай өз
заманында көргенін айтқан. Бірақ қимыл
-
әрекет
жоқ, тек кұштарлықтың алтын бесігі
–
әдемілік қана бар.
Әлгі айтылған әйелдердің ішінен біздің дәуірге сай келетін
үшеуін ғана бөліп алсақ дер едім. Олар: Айша, Раушан, Ботакөз
ғой...
–
Осы айтқандарыңызды мен ұйып тыңдадым, Есен аға,
–
деп
Ербулон қарттың сөзін бұзып жіберді.—Сәкенді сіз жеткізіп
айттыңыз, Мұхтарды да мейлінше суреттеп өттіңіз, бәрін
де
құмарта тыңдадым, енді Ғабдулла Тоқай туралы әңгіме
шертіңізші. Әлгі көні
Достарыңызбен бөлісу: