–
Бір күні Шортанбай мен Сәттібай екеуі бір қылтадан шыға келіп,
оқыс кездескен достар аттарынан түсіп құшақтасқан екен, сонда
Шортанбайға: «Тіліңнің желі,
аузыңның ебі бар еді, сен осы
кездескенімізге бірдеңе деші»,
–
депті. Сонда ақын Шортанбай жұлып
алғандай:
«Бай да өлген, батыр да өлген.
патша да өлген,
Өлмей тірі қалған жоқ ажал келген,
Ұжмақтың кілтін ашып көрген жан жоқ,
Дүниенін ең қызығы тірі көрген...»
деген екен. Шырағым, аман
-
есен көріскеніме қуанған соң осы бір сөзді
айтпауға болмады. Я,
–
деп барып, күллі
денесі селкілдей қозғалып,
ентіге жөтелді.
Мән
-
жайды сұрасып болғанша ет те пісті. Дастарқан жайылып бір
табақ ет келіп ортаға орныққан мезетте, сақал
-
мұртын
қырау басқан,
сеңсең тонның жағасы шаңғытқан аппақ шал кіріп келді.
–
Жоғары шығыңыз...
–
Ой, мынау өзіміздің Қасым ғой...
–
Жолыңыз болсын.
–
Я, отыра қал, жамандамайды екенсің,
дер кезінде келдің, шешін,
ет же!...
–
деген танымал кісіге айтылатын жылы сөздер қайталанып
жатты.
Бұл Қасым мына Қайыптың жақын туысы, момын кісі. Қайып ауырып,
төсек тартып жатқалы көп болыпты, көңлін сұрауға келген беті екен...
2
Достарыңызбен бөлісу: