"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет73/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
files dj46sg45


«КЕШЕ ДЕ АЛМАСПЫН»
 
Менің он бес
-
он алтыдағы күнім, Сәрібай қарттың қасына еріп 
Қараөткел бардым, –
деп бастады Қайып:

Жолшыбай Тайтөбенің 
түбінде Нысан батырдың моласы бар екен, соны көрдік. Нысанның 
моласын көргенде сексеннен асқан шал Сәрібай мынау әңгімені толғап 
еді:

...Бұл Нысан менің туған ағам. Дүниеге келіп, қанға тоймай өткен 
Кенесарының туысы Ержан өлтірді оны...

деп бастады қарт. 
Нысанның тақымына басқан Жекейторы жер баспаушы еді. Қашса 
құтылып, қуса жететін желаяқ, қамыс құлақ, бөкен қабақ, бота тірсек, 
көзі тостағандай, омырауы аяқ қаптай сәйгүліктің өзі еді. Ержан осы 
атқа қызығады екен. Нысаннан өзі сұрап ала алмайды да, ханның 
алдына шақыртады. Бұл сырды маған ол айтқан емес
-
ті. «Кенесары 
шақырып жатыр» деген хабарды естігенде мені де ертіп
жүрді. Жаңа 
талап жас пері кезім болатын.
Ханның ордасына кіріп, сәлемдесіп отырған кезде: «Нысаным, аман 
жүрмісің?.. Жекейторың жесірлік ат деседі... Осы жолы ел сынасатын 
да, ер сынасатын да жерім ғой...»

деп хан ойын түймей кідірді де, 
біздің бетімізге қыдыра қарады. Кенесарының беті қызарып, көзі 
қанталап кеткен екен. Нысанның бетіне біткен қызыл қаны тап осы 
арада Кенесарыға қотарылып құйылғандай. Ол қызара бөрткенде Нысан 
ағамның бозарғанын көріп мен аң
-
таң болдым.
Сырты сұлу сөздің ішкі зәрін сол кезде түсінбесем керек. 
«Жекейторы «сырты түк, іші...» бір мал емес пе,
тәйірі, оны жау

328 


ға кім шапса, сол мінеді ғой, бірақ өз еліңізбен, өз еріңізбсн 
сынасуыңызға түсіне алмадым»,

деді Нысан. Сөзі келте, дыбысы тентек 
шықты. Бет ажарында бағынудан гөрі басыну бардай. Ол кісі оқыс 
бұрылушы еді ғой.
Осы бір мезетте, Кенесары қомданып, қозғалақтай берді. Жүзі құбылып 
сұрқай тартты. Қамқа тонын қаусырына түсті де:

Я, Нысаным, солай де!..

деп мақұлдағандай да, кекегендей де 
екіұшты үнмен босаға жаққа көзін сығырайта қадады. Қожайынның көзі 
түскенде босағада отырған Ержан құлша қорынып, кұрдай жорғалап, 
орнынан ұшып кете жаздады. Шыдай алмай Кенесарыдан назарын 
аударып әкетті де, ол енді төрдегі Нысанға кіжінгендей тістене төнді. 
«Мені қойшы, өз қолыңдамын, ана сұмырайды ауыздықтаңыз!»

дегендей рай білдірді. Осы арбасулардың бәрі сөзсіз айтылып жатты. Әң

гіменің насырға шапқанын мен де байқап қалдым. Аз мүдірді де 
Кенесары бізге беттеді:

Я, Нысаным, солай де..

деп қайталады.

Осы сен көнекті 
сырттан сұрайды деседі. Маған айтар өкпе
-
назың бар ма, әлде?.. 
Немесе?..

деп, ойын ашқысы келмей Кенесары тоқтай қалды. Осы 
«немеседе» көп салмақ жатыр еді.

Кенеке, шынымды
айтайын, ешбір өкпем жоқ


деп шешіле 
сөйледі Нысан; ханның жылы сөзі аңғал батырды ерітіп әкетті білем.

«Көңіл кірі айтса кетеді, көйлек кірі жуса кетеді», азырақ назым да бар 
еді. Оны айтпастан бұрын бір уақиға есіме түсті, соны шерте кетейін,

деді
Нысан. Осы арада өңі жадырап, көсіле сөйледі.

Біздің елде Жәнгелді қарт ертеде Қаратауға кіре салады екен. Сол 
кісінің «Жалпылдақ» деген бір қара атаны болыпты. Ботасынан бірге 
өскен Жалпылдақ қартайыпты. «Үлкен қоянның» жұтында көтерем қара 
атан өлуге айналыпты. Оны бауыздауға батылы бармай
Жәнгелді 
басында жүресінен отырып 
329 


кешу алысыпты: «Сен, Жалпылдағым, серігім едің, мына қаһарын 
төккен кәрлі «Қоян» қартайған сені жұтқалы тұр. Көп жолдас болып 
едік, талай жерде тілім де, қолым да тиген шығар, қош енді, кеш енді!..» 
депті. Сонда көзі бозарып, төрт аяғын жантая серпіп жіберіп, сұлап 
жатқан Жалпылдақ тілге келіпті. «Жәке, бәрін кештім, баяғыда Бетпақ 
шөлден үдере көшіп өттік қой. Сусыз, отсыз құт дарымаған құба жонда 
қалжырап жығылдым. Мені аямай басқа тепкілеп тұрғыздыңыз. Сонау 
арғы атам «Ойсылқарадан» бері қарай құлата балағаттадыңыз, міне мен 
соны да кештім... Тағы бір жылы өзіміздің «Мойынқұмнан» өтіп бара 
жатып, тайып жығылдым. Онда да сау
-
тамтығымды қалдырмадыңыз. 
«Жалпылдағым» дейтін жылы сөзіңізді қойып, кекеп, мұқап, 
«Көсеуқара» атандырдыңыз, осының бәрін кештім. Ежелгі ием, ескі ием 
едіңіз, Жәке. Енді ақыретке ала кетпейін, ақаусыз айырылысайық, 
шынымды айтайын, қош бол, бәрін кештім... Бірақ есіңізде болар, осы 
биыл Түркстаннан қайтып келе жатқанда «Қатынқамалдың» асуына 
жете беріп менің бұйдамды көк есектің құйрығына апарып байладыңыз, 
осы қорлықты кеше алатын емеспін,

деп булыққан қара
атан жан 
тәсілім беріпті...–
деді де, Нысан Ержанға шұқшия қарады. Көк есек көз 
алдына келгендей жиіркенді. Кенесарыға бұрылды да, Ержанға қайыра 
түйілді. Нысан ағам өз назарымен Кенесарының назарын еріксіз ертіп 
апарып, көк есекті нұқып көрсеткендей болды.

Шыным осы, Қанеке, менде өкпе жоқ, ел ездің артынан ермейді, 
ердің артынан ереді...

деп, іші босағандай құлазып қалды Нысан.

Ия, елдің езі Ержан болған да, ері Нысан
-
ау, сірә?.. Сонда Кене 
кім? Күлді көсеу үшін сендейлерді «ер» атандырған ханның өртеуге де 
мұршасы келмес пе?.. Ойда орыс, қырда қырғыз тас ошағы талқан 
болғалы тұр, сен сол Кенеге салмақ бола аласың ба?..
330 


Әттегене, үйіме келіп үйдей бәледен құтылып отырсын
-
ау, ә...

деп, хан 
түтіге теңселеді. Ержан жер шұқып отыр. Кенесары жиырылып қалыпты. 
Мойыны ішіне кіріп кеткендей жайылған дене енді бір уыс болып 
көрінді.
* * * 
Біз жүріп кеттік. Артынан он шақты күн өтпей
-
ақ аулымызды жау 
шапты. Сол жау өз ханымыз Кенесарының қолы екен. Нысанды әлгі 
Ержан өлтірді. Кеудесінен шанышқан найза арқасынан сорайып шығып 
тұрды. Қайта суырып ала алмай қашқан екен...
Туған бауырыңның осылай өлуін, нахақ кетуін көру оңай нәрсе 
дегенге нанбағайсың, шырағым! Не болғанымды білмедім... Ауыл азан
-
қазан... Осы қарбаласта Жекейторыны жайдақ мініп жалғыз қудым. 
Жетуін жетсем де, жайдақ ат күш бермейді екен. Ат үстінен 
найзаласқанда ілгері
-
кейінді кете бердім. Оның үстіне жалғыздық та 
жаман болды. Ауыл түгел жаяу қалған, артымнан келер жан жоқ, 
жылқыны айдап Кенесары жүре берді.
Я, шырағым, Кенесары хан емес, қарақшы еді ғой.
Мен бұл әңгімені айтқанда көні қурап қалған Кенесарыдан өшімді 
алмақ емеспін... Ол өз жазасын өзі де тартып жатқан шығар, «не ексең 
соны орасың» деген ғой. Әншиін мына туған бауырым Нысанның 
моласын көргенде сонау қаралы күн есіме түспей қалмайды,

деп 
қуарған шал көзіне жас ірікті. Үлкен адамның жылағанын көру қиын 
екен, мен де босадым... Үндемей келе жатты да: «Кесе алмаспын, бірақ 
кеше де алмаспын!»

деп күңкілдеді Сәрібай.
Аздан соң
Ақмола көрінді. Сәрібай сығалай қарады. Бадырайып 
көрінген, сорайып тұрған ақ шеркеуді ол ажырата алмай сығалады. Мен 
сонда сексендегі шалдың «көзім көрмейді» деген сөзіне нанбап едім. 
Адам басына
түспей білмейді екен, қазір мен де осы Қарағанды

331 


ның тау
-
тау болып үйіліп жатқан «породаларын» алыстан әрек айырам.
Мен әлі алпысқа да жеткенім жоқ, кәзір сол Сәрібайды көрсем кешірім 
сұрар едім де, ат, шапан айыбымды алдына тартар едім,

деп Қайып 
жымиғандай болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет