"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 

 
осы ғана. Көл
-
көсір роман бермеді деп өкпелеме. 
Біріншіден, бәріміз роман жазсақ, оны кім оқиды? Жаман романшы 
болғаннан, жақсы оқырман болғаным артық. Екіншіден

роман жазу 
екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой. Крылов атай айтпақшы; 
«Бұлбұл болып қырындағаннан, шымшық болып шырылдаған

5
 


 
артық
», 

деп ойладым. Халқым да «әліңді білмей, әлек болма
», 
«көрпеңе қарап көсіл» демеді ме? Үшіншіден,
біз көрген
-
білгенімізді, 
әттең, дұрыс жеткізе алмаймыз, әйтпесе, жалғаны жоқ ақиқат 
өмірдің өзі роман ғой

Не болған күнде де, «жоққа сот жоқ», «барымен 
базар» делік
.
 
Сәйділ
.
 
10/XII 

1972 
жыл.


Алғысөз
 
Алғаш сүрлеу салу, классик аталу әркімнің пешенесіне жазыла бермесе 
керек. Ұлы адамдарды ғасыр тудырады, асқақ тұлғаларды тарих өмір 
сахнасына шығарады. Оларды мақтан тұту, мадақтау –
қашанғы 
салтымыз. Десек те, көркем әдебиет сияқты халықтың рухани 
қазынасының ту ұстаушыларының қалың ортасында жүрген, бойындағы 
бар білімі мен күш
-
жігерін, таланты мен қайратын осы игілікті істі 
дамытуға арнаған жандарды да елеусіз қалдырудың еш қисыны жоқ. Бұл 
санатта Сәйділ Омарұлы Талжановтың есімі аса бір ілтипатпен ауызға 
алынуға тиіс.
С.Талжанов –
өмірдің сан түрлі қиындығы мен қауіпті сындарына 
мойымаған, тіршіліктің бұралаң күндерінде еш бұлтақтамай, алдына 
қойған айқын да сара мақсатынан айнымайтын асыл қасиетін өмірімен 
де, ісімен де дәлелдеп өткен жан. Әлдекімнен көңілі қалса, сыртынан 
күңкілдемей, күбірлемей, бетіне тура айтушылық; бір нәрсеге қуанған 
сәтте бар жанымен, бүкпесіз шындығымен жадырай білушілік оны 
танитын жастар түгіл, үлкендерге де үлгі еді. 
Сәкеңнің көп қырлы талантын сөз еткенде, бірінші кезекте аударма 
проблемасы тұруы заңды. Әрине, аударма шаруашылығының да сан
-
салалы екені белгілі. Бұл кісі сол мәселелердің барлығына араласты.
Сәйділ Омарұлының аудармашылық өнерінен біраз жайды аңғаруға 
болады. Біріншіден, ол –
қазақ
және орыс тілдерін еркін меңгерген білгір: 
жастайынан зерек
7
 


өскен ол бұл екі тілді еш уақытта бір
-
бірінен бөліп қараған емес, екеуін 
де екі ананың ақ сүтіндей қадірлеп, қастерлеп, ынтыға үйренумен болды.
Екіншіден, аудармашы өте талғампаз; кезеңдік, дәуірлік мәні бар, 
көркемдік, тәрбиелік қуаты мол классикалық дүниелерді туған халқына 
тезірек жеткізуге тырысады. Мұның өзі, бір жағынан, оның патриоттық 
сезімінен туындап жатса; мұндай құбылысты, екінші жағынан, уақыттың 
күн тәртібіне қойып отырған талабымен санасу деп ойлаған жөн. 
Шынында, Ф. М. Достоевский тәрізді әдебиет әлеміндегі алыптың 
туындыларын
(мәселен, «Бейшаралар» повесінің қазақ тіліндегі бірнеше 
басылымы) тәржімелеудің маңызы өзінен
-
өзі түсінікті болса керек. Ұлы 
Шоқанның досы –
қазақ халқының да шынайы досы. Оның ар жағында, 
әлеми беделге ие болған
мұндай сөз зергерінің шығармаларын өз 
халқының да рухани байлығы етіп таныту ісі тек қана ризашылық сезімін 
тудыруға лайық.
Ал А

С. Пушкинге келетін болсақ (С. Талжанов ұлы ақынның 
таңдамалы шығармаларының қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген үш 
томдығының бірінші томын аударуға қатынасты), оның туындыларының 
сол –
30-
жылдары тәржімеленуі тегін емес.
Бұлар Европа, орыс әдебиеттерінің үлгілері болса, «Кәлилә мен Димна
» 

Шығыс әдебиетінің інжу
-
маржаны. Біздің дәуіріміздің үшінші 
ғасырында жазылған «Панчатантра» одан бұрын дүниеге келген әйгілі 
«Махабхаратаның» он екі кітабынан алынған
-
ды. Үнді тіліндегі 
«Панчатантра» кейінірек «Кәлилә мен Димна» деген атпен кеңінен тарап 
кетті. Домалақ жер шарындағы халықтар әдебиеттерінің ішінде мұның 
әсер етіп, ыкпал жаса

мағандары кем де кем. Сол кезден бүгінге дейін 
ұлы эпос көптеген тілдерге аударылып, Шығыс пен Батыс елдерін түгел 
кезіп жүр.
Әділіне келгенде,
«Кәлилә мен Димнаның» казақшалануы С. 
Талжановтың жеке тәржімелік табысы ғана



емес, ұлттық аударма өнерінің тарихындағы елеулі құбылыс 
болып табылады.
Аудармашының қабілеті барынша мол. Әңгіме мынада:аударма 
жасаушылардың көпшілігі, тіпті түгелге жақыны десе де 
болғандай, тек қана бір тілден екінші тілге тәржімелеуге икемд і 
келеді де, керісінше аудармаға батыл бара алмайды немесе 
қарымы жетпей жатады. Дәлірек айтқанда, орыс
тілінен қазақ 
тіліне аударушылар жиі
кездеседі. 
Бұл, әрине, жақсы. Бірақ, қазақ тілінен орыс тіліне 
тәржімелейтін қазақ қаламгерлері аз ұшырасады және олар орыс 
тілінен қазақ тіліне аудара алмайды. Осы бір олқылықты 
толтыруға Сәкеңнің мықтап бел байлағанын аңғару қиын емес. С. 
Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінің» аудармасы бұған 
дәлел болады. И. Щеголихинмен тізе қоса еңбектенуінің 
арқасында қазақ топырағында социалистік реализм әдісімен 
жазылған тұңғыш шығарма орыс тілі арқылы Одаққа, одан тыс 
жерлерге мәшһүр болып, көпшіліктің сүйсіне оқитын көркем 
дүниесіне айналып отыр. Өзі жазған «Сейфулланың Сәкені» 
повесін де Сәйділ Омарұлы орыс тіліне өзі аударысты.
Белгілі аудармашының практикалық мол тәжірибе жинақтауы 
оның осы саладағы теорияның жай
-
жапсарымен шұғылдануына 
бірден
-
бір себепші, түрткі болғаны сөзсіз. Оның үстіне, қазақ 
филологиясында аударма ахуалының кешеңдеп сөз болғанын, 
бертінге дейін бұл саладағы жүйелі зерттеулердің көріне 
қоймағанын ескермеске болмайды. Ендеше, Сәкеңнің бұл 
бағыттағы ізденістерін ғылым мен әдебиеттегі мұқтаждықты өтеу 
ниетінен туған маңызды іс деп бағалауға хақылымыз.
Әрине, сәл кешеуілдеу болса да, аударманың әр түрлі зәру 
мәселелері хақында қалам сілтеген мамандар болады және қазір 
де көп зерттеушілер еңбектенуде. Дегенмен, ондай еңбектердің 
мол ауқымда жазылмай, кей кездерде күнделікті қажетті өтеу 
мақсатында, ағымдағы шараларды жүзеге асыру барысында 
орындалып жата




тыны жасырын сыр емес. С. Талжанов болса, тәржіме жайларын өз 
жұмысының негізгі жоспары етіп алып, бірегей, тынымсыз, үзіліссіз 
зерттеді. Пікірімізді дәлелдеу үшін оның «Көркем аударма туралы» 
(1962), «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975) атты 
монографияларын, сондай
-
ақ мерзімді баспасөз бен ғылыми 
басылымдардағы 
мақалаларын, 
талай 
конференциялар 
мен 
симпозиумдардағы сөздері мен баяндамаларын келтірсек жеткілікті 
болар. Бұл бағыттағы еңбегінің нәтижесінде 1962 жылы филология 
ғылымының кандидаты, он жылдан кейін –
1972 жылы филология 
ғылымының докторы деген ғылыми дәрежелерге ие болды.
Ғалым аударма проблемасын кең мағынадағы әдеби байланыстар 
тұрғысынан зерттейді. Әдеби құбылыстарды халық өмірімен, халық 
тіршілігімен, сол тіршілік еткен ортамен, этикалық жайлармен тығыз 
байланыста алып қарастырады. Көрші немесе территориялық жағынан 
қашық болса да,
экономикалық, мәдени қарым
-
қатынастарда болған 
халықтардың арасындағы ауыс
-
түйістердің нәтижесінен әдеби 
байланыс мәселелерін сабақтап шығарып отырады. Жалпыға түсінікті 
осындай бірауызды принципті басшылыққа ала отырып, көркем 
әдебиеттегі ұқсас ситуацияларға сақтықпен қарау қажеттігін ескертуі 
орынды.
Ауыз әдебиетінің осындай әрі шағын, әрі тез түсінуге икемді, әлі 
тағлымы зор түрінің тарихына шолу жасау арқылы ғалым ондағы 
аудармаға жатпайтын ұқсас жайлар мен аударма болатын тұстарын 
ашып, ажыратады. Мәселен, бақа мен өгіз жайлы мысал біздің 
дәуірімізге дейін өмір сүрген Эзоп пен Аристофанның, І
-
ғасырдағы 
Федр мен І
I-
ғасырдағы Бабрийдің шығармаларында, ІІІ
-
ғасырдағы 
«Кәлилә мен Димнада», XIII ғасырдағы Сағди мен ХІХ
-
ғасырдағы И. 
А. Крыловтың творчестволарында кездеседі. Сөйтіп, «біздің Абайға, 
Көбеев пен Өтетілеуовке жеткенше талай заман өтіп, талай теперішті 
көріп келген мысалдар неше алуан саққа жүгі

10 


ріп, жонылып
-
жөнделіп, екшеліп, талай кералаң дәуірлердің 
дәмін татқан тәрізді, –
дейді де, одан әрі С. Талжанов былай деп 
жазады


Осы арада біз тарихи хронологияны айтып отырмыз. 
Алайда, осы тұлғалар бәрін түгел бірінен
-
бірі алып пайдаланды 
деуден аулақпыз». Әңгіме Абайға дейін
саналғандар хақында 
болып отыр, өйткені алдынғылардың талайларында ұшырасатын 
мысалдарды зерттеуші а удармадан тыс мысалдар, тек 
ұқсастықтары бар дүниелер деп қарайды. Осы мысал арқылы 
айтар түйіннің барлық шығармаларда да бір болғанымен, 
олардың оқиғаларында аз да болса айырмашылықтардың бой 
көрсетуі және бір ел ішінде әр нұсқа түрінде жайылуы емес, әр 
елде таралуы ғалымның, әлгіндей, бір
-
бірінен алынған 
шығармалар емес, ой ұқсастығынан туған, таным
-
сенімнің 
кейбір 
сәйкес 
жақтарын
аңғартатын 
бір
-
бірінен 
өзге 
шығармалар деуіне мүмкіндік береді

Ауыз әдебиетінің үлгілері ғана емес, жазба әдебиет 
туындыларының басқа ел
әдебиетіне, кейінгі сөз шеберлеріне 
игі әсері туралы ойланғанда да, зерттеуші осы басты кредосын –
ұқсастықтың бәрін ауысып келген белгілер деп
талғамсыз 
қабылдай бермеу керек деген тұжырым ұсынып, ә ділетке 
шақырады. Кейбір сыншылар Н. В. Гоголь стилінің қазақ 
жазушыларына ықпалын сөз ете отырып, бірталай ғибраты мол, 
ойланарлық жайларды әдебиетшілердің назарына салып 
отырды. Әйтсе де, ұлттық ерекшеліктерді ескермеуден, әйтеуір, 
салыстыруға келетін жай болса, әсер деп насихаттау тәсілі де 
орын алып жүрді. Айталық, қайсыбір әдебиетшілердің ойынша, 
«Ботакөздегі» Итбай мен атаман Шайтанов, «Теміртастағы» 
Қасқырбай, Түлкібай, «Өмір мен өлімдегі» Сойдактіс, тағы осы 
сияқты жағымсыз есімдер –
Гогольдің үлгісінде алынған кісі 
аттары. Әрине, ұлы сатириктің қазақ әдебиетіне пайдалы әсерін 
жоққа шығару шындықпен мүлде кереғар болар еді. Мұны С. 
Талжанов та қолдайды, бірақ ол –
Сәбиттің Итбайы
11 


С. Көбеевтің «Қалың малынан» алынуы мүмкін деген жорамал 
айтады. Тағы бір кейіпкер жөнінде Сәйділ Омарұлы былай 
дейді:«Ұқсағанның бәрі «шеттен» келген бұралқы нәрсе болмауы 
кәдік. Өмір ұқсастығынан шығуы мүмкін. Ал атаман Шайтанов –
болған кісі

Ол бұдан («Ботакөз» романын айтады

М. С.) 
әлдеқайда бұрын жарияланған Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» 
романында бар. Ендеше, С. Мұқанов болған кісінің өзін алуы 
ықтимал». Енді бір әдебиетшінің М.Ақынжановтың «Ыбырай 
Алтынсарин» пьесасындағы Берікбол мен Серікболдан Гогольдің 
Бобчинскийі мен Добчинскийін көріп, солардың әсері болуы 
керек деген
ойына қарсы С. Талжановтың пікірі нанымды көріне 
береді: «...Мұндай ұсақ
-
түйек некен
-
саяқ дүниені үзіп
-
жұлып ала 
бермей, тереңірек зерттеу, қажет тәрізді. Егер осы бетпен 
тартсақ, онда баяғы «Қозы Қөрпеш
-
Баян сұлу» жырындағы 
Қарабай мен Сарыбайды да, ескі фольклорда ұшырайтын 
Бекбикелер мен Тоқбикелерді де ұқсатуымызға болады. Бұлар 
жырланған заманда Гоголь дүниеге келмеген де болатын».
С. Талжановтың зерттеуші ретіндегі бір ұтымды қасиеті

сөз 
етіп отырған мәселесін әр қырынан қозғауы. Айталық, осылайша, 
Н. В. Гоголь мен қазақ жазушылары жайлы салихалы ой айтып 
отырып, туған әдебиетімізге басқа классиктердің әсерін де әсте 
кемітпейді, қайта, бұл мәселеде тереңдей түседі. Б. Майлинге 
А.П. Чехов әсерін жекелеген әңгіме, повестерді талдау 
барысында көз жеткізіп отырса, 
Ғ. Мүсірепов творчествосының белгілі белесі болып қалған ана 
туралы шығармалар циклын жазуда Ұлы Горькийдің әсерін 
жеріне жеткізе дәлелдейді. «Ғабитте арқалаған жүк көп,

деп 
жазады С. Талжанов.
Онда көп автордың әсері бар. Биязы әзіл
-
сықақ, ащы мысқыл, келемеж
-
кекесінге қазақ жазушыларынан 
Ғабит алдына жан салмайды». Мұны ол тәуекелмен айтып 
отырған жоқ: тілге тиек еткен дәлелдері, шүбәландырмай, бас 
шұлғытатын шығармалар тізімі мол, оларды салыстыра талдауы 
көңілге қонады.
12 


Қазақ әдебиетіне Гоголь әсері дегенде, ғалым бірер 
жазушының
туындыларын талдаумен
тынбайды және бір 
жақсысы 
сол 

көбінесе 
ондай 
әсерді 
классикальіқ 
шығармалардың табиғатынан тауып
отырады. Мәселен, М. 
Әуезовтің кезінде өзіне үлкен әсер еткен жазушы И. С. Тургенев 
екенін өз аузымен айтып, өз қолымен жазғаны мәлім. Әри не, М. 
Әуезов сықылды ұлы жазушының әйгілі туындылары бір ғана 
тұлғаның ықпалымен дүниеге келді деу ақылға оншалықты 
сыйымды бола қоймас. Сондықтан оның шығармаларыны ң 
сюжеті мен композициясынан, сөз кестесінен Гогольдің әсерін 
көрсететін сенімді мысалдар келтіруі тағы қисынды.
Кәнігі аудармашының көзіне шалынбаған мәселе жоқ десе де 
болады. А.
С. Пушкиннің афоризмін сәл өзгертіп айтсақ, 
«мәдениетті бір елдің екінші елге тасымалдап жеткізетін 
почтасы» аталатын аударманың үлкен маңызына тоқталғанда да, 
Сәкең ойлы, зерделі сөзбен ақылға қонымды ете сөйлейді.
Көркем әдебиеттің
аудармасы жайында сыр шерткенде, ана 
тілінің байлығы жайындағы, әсіресе, ана тілі мен басқа туы с 
немесе
көрші тілдердің қарым
-
қатынастары жайындағы ой
-
топшылаудың белең беріп отыруы ешбір артықшылық етпегені 
былай тұрсын, тіпті керек те. Қазіргі аудармашыға қойылатын 
міндет пен талап қай кездегіден де жауапты әрі ауыр болса, ол, 
әсіресе оның /аудармашының/ ой
-
өрісіне, біліміне тікелей 
қатысты. Бүгінгі күн деңгейінен қарағанда, тілдің байлығын 
толық меңгермеген, тілдің тарихынан бейхабар аудармашы 
өзінің құрметті атына толық сай емес деп есептеледі. Керісінше, 
әдебиеттің тарихы мен теориясын білумен бірге, тілдегі ауыс
-
түйісті де саралай алатын, тіліміздің баюы жолында басқа 
тілдердің игі әсері болып отырғанын пайымдай алатын 
аудармашы жоғары мәдениетімен көзге түседі және ісі де 
жемісті болары даусыз. Бұл мәселе де қазақ аудармашы
-
ғалымдарының ішінде
С.Талжановтың еңбектерін оқу үстінде 
ойға
13 


оралады. Тегінде, Сәкен осыған қатысты жайларды сөз ет у 
арқылы өзінің тағы бір қырын
танытады. Айтқалы отырғанымыз 

С. Талжановтың тілге тікелей қатысты ойлары.
Тіл тарихының беделді маманы болмаса да, ғалымның қазақ
тілі мен шығыс тілдерінің қарым
-
қатынастары турасындағы 
болжамдары қызғылықты. Академиктер В. В. Радлов, А. Н. 
Самойлович, Ф. Е. Корш, В. В. Бартольд, СССР Ғылым 
Академиясының корреспондент мүшесі С. Е. Малов, сондай
-
ақ 
қазіргі шет елдік және отандас түркологтардың еңбектеріне 
сүйеніп, соғдиян /иран/, монғол, араб тілдерінің ана тілімізге 
еніп, бұл күнде сіңісіп кеткен талай сөздерінің тізімін жасап, 
этимологиялық талдауға алады. Автор көп жайда
өзіндік 
толғамдарын білдіріп отырады.
Сәйділ Талжанов –
көрнекті ғалым болумен бірге, бірнеше 
прозалық шығармалар жазып, көркем әдебиеттің дамуына өз 
мүмкіндігінше үлес қосуды мақсат еткен жазушы.
Прозаик С. Талжановтың
кай туындысын алсаңыз да, 
жақсылықты үлгі ету, жамандық атаулыдан жиіркендіру тәрізді 
сезімге баулитынын байқау қиын емес. Әрине, барша жазушы 
аты бар қаламгерлердің кай
-
қайсысының да мұраты осы екені 
шүбәсыз. С. Талжанов болса, өзіндік оқиға, өзіндік шешімімен 
тартып отырады. Оның шығармаларының басым көпшілігі 
елеулі, салихалы ой тастарлық өмір құбылыстарына құрылған.
«Сейфулланың Сәкенінде» қазақ совет әдебиетінің негізін 
қалаған, революционер, мемлекет қайраткері дәрежесіне жеткен 
абзал адамның ұлағатты өмір жолының жанға жағымды әсер 
берер белгісінен хабардар қылады. Шығарманың «бірінші 
кітаптың соңы» деген сөздермен аяқталуына қарағанда, автордың 
алдына үлкен жоспар қойғаны аңғарылады.
14 


Шығарма Сәкен Сейфуллиннің ұзақ үзілістен кейін сүйікті 
халқы мен оқырмандарына қайта оралған кезімен
шамалас 
жарық көрді. Сондықтан әуелі автордың өзінің сүйкімді 
жазушысын ғана емес, елінің адал ұлының асыл бейнесін 
жасауға асығыс құмартқанын тек қана құптауға тиістіміз. Осы 
асығыстықтың ізі болу керек, композициялық жағынан, кей 
тұстарда
шашыраңқы, шұбалаңқы соғып жататын, кейде басы 
артық кейіпкерлер араласып жүретін жайттар кездеседі. Ең 
бастысы сол –
повесте туған халқының сәулетті болашағы үшін 
жаулармен
бітіспес күреске дайын азаматтың толық қанды 
бейнесі сомдалған.
«Сейфулланың Сәкенінен» жаңа заманды орнату жолындағы 
болашақ күрескерді көрсек, басқа шығармаларында Сәйділ 
Омарұлы С. Сейфуллиннің бейнесін басқа қырларынан 
суреттеп, оның жан
-
жақты сом бейнесін мүсіндеуді мақсат 
еткен тәрізді. Мәселен, «Ұлдай кегі» повесінің идеясы басқа 
бола тұра, онда да Сәкен кірістірілген. Мұндағы Сәкен –
күрескер. Демек, мұнда біршама әзірліктен өтіп, абыройы мен 
азабы көп іске қатынасып та қалған. Бірақ, ол –
әңгіме 
тыңдаушы ретінде, бөгде адам түрінде көрініп отырады; өзінің 
Сәкен екенін жасырады; оны қолдаушы күш әзір азшылық, 
солай болғандықтан жаулардың қолына түспей, аз уақыт тасада 
жүр, сырт бейнесі де жұпыны. Ал «Есен толғауларында» бүкіл 
өмірі мен талантын советтік дәуірді жырлауға арнаған, жаңа 
заман әкелген табыстарды шабыттана жырға қосқан ақынды 
естелік түрінде бейнелейді. Мұнда да Сәкен тұлғасы көз 
алдыңызға 
елестейді. 
Міне, 
көркем 
туындыларының 
көпшілігінде жазушы С. Талжанов Сәкен тануға өз әл
-
қадарынша бірталай үлес қосты деп айта аламыз.
Ғылыми еңбектерінде сын
-
сықақ шығармаларды көбірек 
зерттеу объектісі етіп отыратын С. Талжанов өзінің 
творчествосында да кейбір кемшіліктерді әжуамен өткір 
шенейді. «Қайып толғаулары» деген атпен топтал ған 
әңгімелері –
осының нақты мысалы. 
15 


Белгілі 
халық 
ақыны 
Қайып 
Айнабековтің 
шешендік, 
тапқырлық талантынан туып, ел арасына кең тараған, келте 
қайырылып, кысқа түйінделіп отыратын әдеби дүниелерін әдеби 
өңдеуден өткізіп, қалың оқырманның назарына ұсынғаны білініп 
тұр.
Сол шағын әңгімелерде езу тарттырарлық юмор мен ашу
-
ызаны 
келтірерлік сатира аз кездеспейді. Осы циклдағы «Түсте» діни 
әдетті сынайды. Бұл –
біреуге ақыл беру ыңғайында емес, 
көлденең күлкілі әңгіме ретінде баяндалады, сонысымен 
тартымды. «Бас балгерде» тапқырлығымен қарсыласын сөзден 
жыққан қарапайым шаруаның кейпі бейнеленеді; мұнда да 
күлмеске шараңыз қалмайды. Осылайша Сәкеңнің сатиралық 
қабілетін танытатын шығармалар тізіле береді. Бірақ, прозаик С. 
Талжановтың бүкіл творчествосына тән ортақ жай
жеңіл 
мысқылдан гөрі, окырманын ойға қалдыратын, толғандыратын 
салмақты сатира, салихалы ой тастау деп білеміз.
Бұл ретте «Ұлдай кегі»
аталмай тұрмайды. «Ұлдай кегі» –
жазушы өмірінің соңғы жылдарында жарық көрген көлемді 
туындысы. Тақырыбы –
біршама тарих қойнауына бойлап, 
революцияға дейінгі қазақ әйелдерінің теңсіздігі мәселесін 
көтеру болып табылады. Автор әдебиетімізде бұрыннан белгілі 
соқпақты қайталамайды, яғни жас қыз бен жігіттің бір
-
біріне 
ынтықтығын, армандарын жүзеге асыра алмай, ішқұса болған 
күйлерін бейнелеуді басты мақсатына алмайды. Әрине, Ұлдай да 
өзінің сүйгеніне, өз теңіне тұрмысқа шыққысы келеді, бірақ 
жазушының оқырманға айтайын деп отырғ аны ол емес. 
Жазушының айтпағы –
сондай бас бостандығы жоқ заманның 
өзінде, тіпті жүрек қалауынсыз, өзі ұнатпағаң кәріге тигеннің 
өзінде, өзінің намысын, өзінің өр қасиетін сақтай білетін қазақ 
қызының романтикалық, асқақ бейнесін алға тарту арқылы 
оқырманға ой
тастау. Біздіңше, автордың алға қойған 
16 


ниеті орындалған

Повестің бас жағындағы Балатай қарияның әңгімесіне құлақ 
түрсек, Ұлдай –
талай жігіттің көзін сүріндірген сұлу да ақылды 
қыз болып өсіпті. Кейін –
байдың тоқалы атанса да, еті тірі, 
ойындағысын бүкпесіз жеткізетін, ашық, өткір әйел болғанын 
көреміз. Осы екі аралықтағы талай қайғылы да, күлкілі де 
жайларға қанық боламыз. Шығарманың соңында Ұлдайдың бір 
ауыз сөзіне бола, оның келінінің күтпеген жерден сойылға 
жығылып, қан тамған қылыштан қаза болғанына ішіңіз удай 
ашиды. Осы бір детальді автор дәуірдің опасыздығын, 
әділетсіздігін жанға батыра сездіру үшін әдейі алған болуы 
керек.
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпаны» мен С. Талжановтың «Ұлдайының» 
үндес келіп жатқанын айта кеткен артық болмас. Әрине, Ұлпан 
мен 
Ұлдай 
бір
-
бірінен 
өзгеше 
адамдар 
ретінде 
қабылданады:екіншінің суреттелуі
жағынан да, бейнесінің 
сомдалу ауқымы жағынан да біріншімен /Ұлпанмен/ тең тұра 
алмайтыны хақ, сөйте тұра жалпы идея жағынан жақындас екені 
рас. «Ұлдай кегі»

С. Талжанов творчествосындағы көлемді, 
ысылып қалған шебердің талантынан туған көркем дүние.
С. Талжановтың қаламынан туған бірталай шағын әңгіме 
баршылық. «Гәп адамда...» атты әңгімесін оқығанда, арамызда 
әлі де болса қарапайым жандардың өтініш, тілегін жүре 
тыңдайтындардың бар екеніне сенесіз. Тұрмыстағы, үй ішіндік 
тіршіліктегі өз ара тіл табыса алмаушылықтың кесірінен от 
басының берекесі қашатын көңілсіз көріністерді де /«Қайырлы 
кеш»/ күлдіре отырып, түйрей жазады. Өз ісіне мығым, 
дәрежесін аспандатып тұрған атақтары болмаса да, тапсы

рылған міндеттерін абыроймен орындап жүретін адамдардың 
кейбір атақ
-
дәрежесі бар адамдардан да зор беделге лайық бола 
алатындарын «Әрине, үндемеген артық» деген әңгімесінде 
келісті 
17 


суреттейді. Мұнда да автор салыстыру әдісін ұтымды 
пайдаланады: 
соның 
нәтижесінде 
ілтипатындағы 
қаһармандардың бейнелері тұлғалана түседі. Сөйтіп, Сәкеңнің 
көркем проза саласында оқырмандардың кәдесіне жарарлық 
біраз дүние қалдырғанын көреміз.
Қолыңыздағы «Өткен күндер сөйлейді» атты жинағына, 
негізінен, эссеист, публицист С. Талжановтың туындылары 
енгізіліп отыр. Эссеист
С. Талжановтың бір ерекшелігі –
қайсыбір қаламгердей, басты арқау етіп алған жазушы немесе 
өнер 
қайраткерін 
жеке
-
дара 
қарастырмай, 
оның 
өмір 
материалдары мен шығармаларын ғана тізбей, сол қайраткердің 
өскен ортасын, ізденіс жолын, өсу барысындағы даралық 
белгілерін табиғи байланыста баяндайды. Туған әдебиетімізді 
талай көркем шығармаларымен байытып, мәдениет саласында 
көптің ілтипатына бөленген жазушылар мен өнер тарландары I. 
Жансүгіров, М. Әуезов, Ғ.Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, С. Бегалин, 
А. Жұбанов т. с. с. туралы естеліктері мен эсселері осыған дәлел 
болып табылады.
Күнделікті газеттер мен журналдардың беттеріндегі сан алуан 
мәселелерді
көтерген 
мақалаларынан, 
очерктері 
мен 
жолжазбаларынан Сәйділ Омарұлының публицистік талантын да 
аңғару қиын емес. Айталық, жазушылар бригадасының 
Қарағандыға сапары немесе Теміртау металлургтерінің
еңбектегі 
ерліктері мен тұрмысы, жаңарған Жаңаарқа еңбеккерлері жайлы 
жазғандары осы тұрғыдан бағалануға тиіс. Ал Ана атты қасиетті 
жандарды дәріптейтін,
оларға деген адал да асқақ сезімді 
насихаттайтын туындысы осы саладағы еңбектерінің ішінде 
үлкен шабыттан туған шығарма ретінде әсер береді.
Мерзімді баспасөзде шыққан шағын дүниелерінің бәрінде де 
автор советтік дәуір әперген табысты, адамдардың шат
-
шадыман 
тіршілігін зор дауыспен, кеудесін мақтаныш кере белсене 
насихаттаушылардың бірі болды. Ендеше, С. Талжанов архив 
қазынасын ғана ақтарып,
18 


тыныш өмір аңсаған кеңсе ғалымы емес, т аса жерден орын 
тауып, тек дайын шығарманы аударумен ғана айналысқан 
тәржімеші емес, осылардың бәрін атқара жүріп, республика 
өмірімен араласа білген, замана ағысын ойлы көзбен бағалай 
алатын, жай ғана сырттай байқау емес, көңілге түйгендерін 
көркем шығарма түрінде қағазға түсіре жүретін жазушы да еді 
ғой.
Бұл жинақты құрастырудағы басты мақсаттың бірі әр кез әр 
түрлі басылымдарда жарияланып, бірақ жеке кітап түрінде 
жарық көрмеген материалдардың басын біріктіру болғандықта н, 
Сәйділ Омарұлының ғылыми мұрасынан да бірлі
-
жарым 
еңбектер енгізілді. Мәселен, көне дәуір ақындары жөніндегі, 
Шортанбай, Ф. М. Достоевский туралы, аудармаға қатысты 
мақалалары, рецензияларында ғалымның құнды
-
құнды пікірлері 
бой көрсетеді.
Осындай қысқаша шолудың өзі ғана көркем әдебиет пен ғылым 
саласында С. Талжановтың аз уақыттың ішінде ауыз толтырып 
айтуға тұрарлық бірталай тындырымды іс атқарғанын көрсетеді. 
Сәкең жасының егде тартып қалғанына қарамастан, еңбектен бас 
тартуды білмейтін еді. Қайта, ілгеріде айтылған бар салада енді
-
енді шыңдалып, әсіресе, ғалым ретінде кең аудиторияға, 
одақтық көлемге таныла бастаған шағында дүние салды.
Өмірге құштар жан еді ол. Алдында тау
-
тау арман болатын. 
Сол арманның алға жетелегені де сөзсіз. Өзінің айтуына 
қарағанда да, талай істер әлі алда еді...
Қайсар ғалым, қажырлы жазушының өзінен кейін қалдырған 
мұрасы да талай уақыт тілге тиек етіп, талайға үлгі тұтуға 
жарарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет