"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет4/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

1
О. И. С
 
е
 
н к о в с к
 
и й. Собр. соч. том VI. СПБ.

1859, стр. 27—
28. 
Осип Иванович Сенковский (Россияға сіңісіп, профессор 
болып қызмет істеген, бүркеншік аты –
«барон Бранбеус») 
мақала жариялады, сонда:
«Қасиетті Иакинф көкеңнің (Никита Яковлевич Бичуриннің) 
еңбектерін оқығанда, әттегене
-
ай; осы шығармасын ол неге 
французша немесе ағылшын тілінде жазбады екен деп 
қынжыламыз. Өйткені ғылым дүниесінде белгілі орын тебе 
алмай келе жатқан орыс тілінде жазылғандықтан бұл туынды 
үшін көзі жоғалған еңбек болып есептеледі»,


деді. Сыншы 
профессор О.И. Сенковскийдің осы пікіріне –
орыс тілінде 
ғылыми еңбектің жазылуына қасарысып қарсы шыққан кыңыр 
ойына Н.Я. Бичурин былай жауап қайырған екен: «Егер Бірінші 
Петр заманынан бастап, осы уақытқа дейін алды
-
артымызға 
қарамай, үнемі шетел жазушыларына табынып еліктей бермесек, 
біз мәдениеттің сан
-
алуан саласында да өз бетімізбен баяғыда
-
ақ 
өсіп
-
өркендеп кетер едік
-
ау! Ғылым жолында шетелдіктер бізден 
көп бұрын озып кетті деп ойлау, сондықтан солардың ғана 
айтқандарын қотара беруіміз керек деп шамалау –
мүлде теріс 
бағу. Осындай доғал да тұрпайы пікір ғылымның әр саласында
-
ақ біздің ақыл
-
парасатымызды кері кетіріп келеді. Біз өзімізше 
(орысша)
ойлануды доғарып, бөгде елдерше долбарлауды 
міндетімізге алғандаймыз. Егер бір француз немесе неміс 
бірдеңені қоқсыта қалса
-
ақ, біз соны соқырқай пысықтайтын 
болсақ, үнемі артта қалуымыз даусыз, біздің ақыл
-
парасатымыз 
бөтен біреулердің топшылауларын ықтап, солардың көлеңкесі 
болып 
қалмас 
па? 
Ескерте 
кетелік, 
олардың 
тосын 
топшылаулары көбінесе орашолақ, ылғи өрескел де келеді ғой»,

депті Я. Бичурин.
Беріректе ана тілін көркейтуге, жаңғыртуға жанын салған –
А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.И. Герцен сынды ардагерлер 
болды. Пушкиннен Горькийге шейінгі, Герценнен Ленинге 
шейінгі орыс классикте

26 


рінің бәрі, ұлы орыс ғалымдарының күллісі жаңа орыс тілін 
жасады, оны француз, неміс тілдеріне жұтқызбады. Осы арнаны 
қуалап Н.А. Некрасов та ананың қадірін, ананың тілін аспанға 
көтерді. Оны тұтқында отырып, 1919
-
жылы қазақшаға аударып, 
Сәкен толғанды:
Тыншығар біраз жылап сүйген жары,
Ұмытар жақын деген достың бәрі;
Дүниеде ұмытпайтын жалғыз
-
ақ сол,
Сорлы ана, көкірек жарған қайғы
-
зары?..
Ананың қасиетін М. Горький де терең толғады. Оны қазақ 
тіліне сөз зергері Ғабит аға жеткізді:
«Анасыз ақын да, батыр да болмайды. Аристотельді де, 
Фирдоусиді де ана тапты. Іскендір мен соқыр Гомер де ананың 
баласы...»
деді.
Өмірінің көбін шетелде өткізіп, өзінің ана тілін сағынғанда;
Иван Сергеевич Тургенев те зарығып сөйледі. Тургенев өлерінен 
бір жыл бұрын туған тілге гимн жазды. «Орыс тілі» («Русский 
язык») аталған қара сөзше өлең туғызды. Оны Ісләм Жарылғапов 
қазақша туындатып күй шертті:
«Туған елдің тағдыры не болар деп қайғырып шерге бөккен ет 
жүрек
зар жылаған шақтарда, уайым
-
күдік молығып, қапалы 
көкірек долығып қақ айрылған шақтарда,

уа ұлығатты, 
құдіретті, адал, дарқан орыс тілі!

Сен ғанасың серігім, тірегім! 
Сен болмасаң ішқұсама жалғыз ем, ел халінің
сыйқы анау –
мен 
түңілмей қайтер ем? Жә,
тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? 
Жок, әзелде тілі зордың –
елі зор; осы сынды
асыл тілді абзал 
халық болмас қор!» –
деді. Туған елдің, ана тілдің сол кездегі 
екіталай, ауыр
халін орыс ойлылары осылай күңірене уайымдады 
да, болашаққа осылай асыл армандарын аттандырды да.
Ол дәуірде ақ патшаның ауызына қараған ақсүйектер қауымы 
орысша сөйлеуді
өзіне ар көріп, французша, немісше не 
ағылшынша былдырлауға әуес еді, Орыс данала ры осыған 
күйінді, бірақ орыс
27 


санасының зор екенін біліп, орыс тілінің болашағына алаңсыз 
сенді де. Тілді бұқара халық жасайды, осыны анық түсінген И. 
С. Тургенев орыс тілінің өскелең қуатын ерте ұғынды, сөйтіп 
өзінің туған тілін, туған ұясын, сол тілдің тегеурінді күшімен 
зорлық
-
зомбылықтың иесі

ақ патшадан да, оның
соңына ерген 
шәуілдек топтардан
да айырып алды, қорғап қалды. Жұртын 
сүйген жүрек осылай қимылдауға міндетті еді, адамшылық
азаматтық борышын ақтады. Орны келгенде ескерту жөн, И. С. 
Тургенев француз тілін Густав Флобер мен Проспер Мер имеден 
төмен білген емес. Француздың жазушылары –
өзінің жақын 
достары былай тұрсын, тіпті Жорж Санд пен Полина Виардо 
тәрізді ойлы, өнерлі әйелдерден де артық сөйледі, өйткені әрбір 
ұлт тілінің иесі әйел қауымы деседі ғой. Әрине, мүмкіндігі 
жеткенше: әр елдің өз тіл қоры өзінше кемелденіп өсуін, 
келешекте адамзат тарихына арнаулы үлес қосуын көкседі; 
мешеу қалған мәдениетсіз тілдің коммунизмге де пайдасы 
шамалы тәрізді, сөйтіп қазіргі жер бетіндегі ұлы тілдің бірі 
орыс тілі болып отыр, оған ойлы ұлы азамат тардың
еңбегі сіңді, 
мақсаттары орындалды демекпіз.
И. С. Тургенев бөтен елден үлгі
-
әсер алудан бас тартқан жоқ, 
тіпті орыс тілінде бұрын болмаған, латынның «нигилист» деген 
сөзін әдебиетке әкеп өзі енгізді. В. Г. Белинский сол латынның
«прогресс» деген сөзін орысшаға «наступательное движение 
вперед» –
деп аудартпай өз күйінде алдыртты. Өзінде жоқты 
көршіден алып пайдалануға ешқайсысы да
қарсы емес, өсу 
жолы тура осылай болатынын жақсы ұққан жандар, бірақ өз тіл 
қорың жете біле алмай, барын кәдеге асырмай, теріс бағуды, 
солақай қимылдап, сыңаржақ ширатылуды жек көрді олар.
«Ағылшын мен неміс тілі былай тұрсын, В. Г. Белинский тіпті 
француз тілін де білмеуші еді, сөйте тұрып, орыс әдебиетінің 
мықты діңгегі болды ол»,

дегенді де И. С. Тургенев айтқан 
болатын

28 


Осылардың артынша, 1909
-
жылы татар ақыны Ғабдулла Тоқай 
да өзінің туған тілін сүйсіне жырлады (жолма
-
жол аударма):
«Ей, туған тіл, анам менен әпкем тілі!
Дүниеде көп нәрсе ұқтым сен туған тіл арқылы.
Ең алғаш осы тілде анам бесігіме ән салған.
Ұзақ түндер бойы әпкем хикая шерткен,
Ей, туған тіл! Әр уақытта жәрдемің тиіп сенің,
Жас күнімде
-
ақ аңғарылды
-
ау, шаттығым, қайғым менің».
Күні
-
кеше, заманымыздың бұлбұл ақыны, Лениндік сыйлықтың 
лауреаты, авар елінің ардақты азаматы Расул Ғамзатов та 
тебіренді: «Егер туған тілім

авар тілі –
ертең өледі деген хабар 
естісем, өзім бүгін өлуге даярмын»,

деді. Осетиннің ғалым
-
жазушысы Нафи Джусойты да Расулды мақұлдап білімді, саналы 
мақала жариялады.
Қазақ ақыны Дихан Әбілев:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім –
тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып
-
ақ алыңдар.
Бұл сырымды тек Ленинше ұғыңдар,—
деп Расул екеуі қосылып ән салды.
Өз басым орыс тілін
көптен үйреніп келем. Орыс ойшыларын 
бір адам жақсы көрсе, ол мендей
-
ақ болсын дер едім. Өйткені, 
орыс әдебиетінен, орыс тілінен көп нәр алдым, ерте ауызданған 
тәріздімін. Сонда да осы күнге дейін төсекке жатсам
-
ақ түсті 
қазақша көрем; сөйлегенде де, жазғанда да, ең әуелі қазақша 
ойлап, сонсоң барып орысшаға аударып отырам, осының 
әсерінен орысша сөзім кедір
-
бұдыр шығады. Ендеше, ана тілінің 
орны, жүректе қалған ізі мүлде өзгеше болса керек
-
ті!
Үстіміздегі совет дәуірінде қазақ тілі мәдениетінің өсіп келе 
жатқаны даусыз шындық. Ғылым
-
білімнің тек бір саласында 
ғана емес, тіршілігіміздің барлық 
29 


саласында да жедел ілгері басу бағыты зор. Бірақ осы үдере 
көшу жолында кейбір жастарымыздың кейде «жаңалық» куып, 
қызулық жасайтын кездері де сезіледі. Кейбір кәрілеріміздің де
ұрт басып, жас буынды адастыратыны да жоқ емес.
Кейде қазақ тілінде жазылған газет
-
журналдағы әңгімелерде 
сан
-
алуан сөйлемдер ұшырайды, оларды оқығанда, тайлақтың 
тобығын жұтып қойғандай, қақалып
-
шашалып әлекке түсесің; ол 
әрі де кетпей, бері де қайтпай, көмейімізде көлденең тұрып 
алады. «Уссалам, ойдың ордасы !» дейтін өлең шықты. 
Ақынымыз –
Абай атындағы қазақ педагогтер институтын 
мақтап отыр және осы өлең
Абай күніне жазылған. Қазақ тілінде 
«Ассалаумағалейкум, уағалайкүмәссәләм» деп арабша амандасу 
әлі бар, бірақ мұны көпшілік түсініп те жатпайды. Ал осыдан 
барып: «Уассалам, массалам» дейтін кекесін тіркестер де туған. 
Тіпті ауыз әдебиетіндегі:
Мал десе жалғыз сиыр, торпағы бар,
Қасқырмен «салаумәлік» ортағы бар...
деген жолдар да кекетуден шыққан еді. Ғабдулла Тоқайдың 
«Жаңа кесік бас» атты поэмасында:
«Базар халқы» уассалам да уассалам,
Ол Қара
-
ахмад «Уағалейкүммассалам»—
деген келемеж өлең жолдары ұшырасады. Алайда, біздің
ақынымызда келеке
-
кекесін жасаудың ұшқыны да, орны да жоқ, 
ендеше негіз
түсініксіз және жиі қолданылып дағдыға 
айналмаған сөз тіркесін ұғыну өте ауыр тиеді. Қазақ тілін 
мәдениетті ету, шеңберін кеңітіп, әрі қарай байыта беруге 
мұндай адыра қалған араб сөздері, түп
-
тамыры түсініксіз бітеу 
сөздер себін тигізуі мүмкін емес сияқты.
«Жүректі қозғайтын
осы әсем жолдарда сөйлеу тілінен ерекше 
жаратылған сөз жоқ, ондағы сөздердің бәрі де халық тіліне тән» 
сыр, сандық, аш, қара,сым, 
30 


перне сұлу, жыр... дегендей жалпыға ортақ сөздер... Сәкен «Күй сандық» 
деген өлеңінде «жерлесім» дегендегідей етіп, «жырласым» деген сөз 
жасаған»

деп мақтауға кірісті бір ғалым.
Ниетінде жамандайын деген бұралқы жәйттің жоғы аңғарылып
-
ақ тұр, 
алайда ақынның аузына өзі айтпаған топас сөздерді салу, артын
-
ала 
соларды әдейі мақтау жөн болар ма?
Сәкенде «Күй сандық» атты өлең мүлде жоқ, онда «Сыр сандық»
бар, 
оның үстіне автордың
өз талдауында да «сыр, сандық» –
деп бастап тұр 
ғой. Ал енді, «жырласым» мен
«сырнай» Сәкеннің осы арада жазбақ 
түгіл, ойлаған сөздері де емес. Ол:
Сым
пернені басып қара,
Басып қара, жырласын!
Ақтаралық
алтын сарай,
Алтын сарай қойманы,—
деп жазды. Ал «сырнай» мен «қойманың» тіркесуі мүмкін емес, заты, 
корректурадан кеткен қате болуы кәдік. Дұрысы: «Алтын сарай 
қоймасын» болуға лайық. Ендеше, зерттеуші ғалым осы арасын абайлауға 
міндетті еді.
Осы автор мына өткен жылы шешендік жайында тағы бір мақала 
жариялады, сонда шешендер тізімінде Сәбит, Ғабит ағалар жүр, бұлардың 
шебер жазушы екенін білеміз, ал Горький де шебер ғой, бірақ ол халық 
алдында суырылып шешен сөйлеуге төселмегенін 1
928-
жылы Каприден 
(Италиядан) келгенде өзі айтып еді. Топ жарып, шешен сөйлей алмау 
жазушының қадірін түсіре ме?
Туған анасын сыйлайтын бала бөгде аналарды да құрметтей алады, 
сондай
-
ақ өзінің ана тілін жетік білген адамға шет тілді үйрену де
оңайға 
түседі. Әр шөптің басын бір шалып, шөре
-
шөреде жүрген шәлдіріктер 
тыңғылықты еңбекке олақтау болуы кәдік.
Біздің елде Сатылған Сабатаев деген кісі патша заманында «Петровско
-
Разумовская академиясының (осы күнгі Тимирязевская академия) бір 
факультетін бітіріпті
31 


де, оны назырқанып, Москвадағы филология факультетін тағы 
тауысыпты. Сөйтіп, екеуін бітіргенде де ол ешқайсысын жарытпаса 
керек. Қазақ
тіліне (ана тіліне) қандай салақ болса, орыс тіліне де сондай 
олақ қарапты. 1910

жылдары Москвада жүрген Сатылғаннан өзінің 
жақын жолдасы: «сіз биыл қайда болдыңыз» деп сұрағанда, ол: «Біз 
Москвадан шығып, жолшыбай Омбыға соқтық та, ауылға барып, мына 
Тәнімге үйленіп, осында қайтып келдік»—
деудің орнына: «Москвадан» 
«выехать» қылдық, Омскийге «заехать» қылдық, ауылға «приехать» 
қылдық. Тәнімге жениться қылдық, «обратно уехать» қылдық,

деп әрі 
«түсінікті», әрі «әдемі» етіп жауапты қысқаша қайырған екен.
Сатылған Сабатаев патша үкіметіне де кызмет істемеген немесе 
революцияның алдында Россияда болған бірнеше партияның ешбіреуіне 
де кірмей, дербес жүрген азамат. Сол кісіні 1919
-
жылы Қарқаралының 
маңында, айдалада біреу атып кетіпті. Оны атқан жанның кім екені осы 
уақытқа дейін мағлұм емес. Тек қана ел аузында мынадай өлең қалған.
Ходить қылып,
Қылып, қылып Сатылған,
Сол Сатылған
Бос шатылған, атылған,—
деп күледі жұрт.
Ғабдулла Тоқай татар тілінің шұбарлығын шенеп жазған «Сулы 
қадімше» атты өлеңінде:
«...Деді: барин, двадцать рублей с нас,
Давайте скорей, скоро уже час!
Дедім: деньги мои ептешлар украл,
Собакилар, они украл да удрал!..»
десе, біздің Сатылған одан анағұрлым асып түседі, бұл –
екі тілдің 
екеуінің де ішкен
-
жегенін желкесінен шығарады. Сатылғанда арам ой 
болмас, бұл –
оның тек қана бойгүйез –
бейғамдығы болар. Осы әңгімені 
де біз:
ең
әуелде өз тілін жете білмеген адам басқа тілді де дұрыс
біле 
алмайды деген
32 


пікірімізді дәлелдеу үшін келтірдік, әйтпесе өмір бойы көрмеген, баяғыда 
өліп кеткен әкеміздей адамды кеміту үшін айтып отырғамыз жоқ, кейінгі 
жас буынның есіне салып, салақтықтан сақтандыру мақсатын көздедік.
Қазақ тілі өте бай тіл. Бұл пікіріміздің айғағы адамзаттың данышпаны 
Карл Маркстің сөзі, ол кісі: «Туыстық терминдерге келгенде басқа 
елдердің тілінен түркі тілдері бай» –
деген болатын. Түркі тілдерінің 
сапына қазақ тілі де кіреді, Орыс
тілінде «братья», «сестры» деген сөздер 
бар, мұнда үлкені, кішісі ажырамайды.
Төрт түлік малдың атаулары мүлде көп, түйенің сексен аты бар. Малға 
теңестіріп сөйлеу: «бота көз, серке сан,
қоңыр қозым, ылағым, түйедей» –
деу адам айтқысыз мол. Жақтау есімдіктері мен жіктеу есімдіктері басқа 
тілде кездеспейді. Қазақ тілінде, көбінесе, өз ойын тура айтудан көрі, 
тұспалдап айту күшті. Осының бәрі қазақ тілінің төтенше байлығы.
Қорыта айтарымыз, совет дәуіріндегі қазақ тілі бұрынғыдай емес, 
мүлде қарыштап өскен тіл. Осылай өсуіне тарихтың ұзына бойында көп 
тілдердің мол көмегі тиіп, осы сатыға жеткен тіл. Әрі қарайда жедел өсе 
беруі үшін, өзінде барды көркейте түсуді,
ал жоқты бөгде елден, әсіресе 
өскелең орыс тілінен алуды қажет ететін тіл. Сөйтіп, келешекте, 
коммунизм заманына жеткенде өз үлесін жалпы қорға қоса алатын тіл. 
Ендеше осы ана тілін мүдделі шеңберге жеткізу игілі ісіміз болсын! 
Сондықтан барымызды құрметтеп, жоғымызды саралап алсақ екен! 
Тіліміздің мүмкіндігін екшеп отырсақ, бүгінгі мәдениетті тіліміз ертең 
бұдан да мәдениеттірек бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет