"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


1
 
Ф. М. Д о с т о е в с к и й .
«Бишаралар», А, 1955 ж. 71, 72, 73

беттерін қараңыз.
чинін жоғарылатып, жақсы жалақы берсе, байқап отырсыз ба, міне сонда 
қандай болар еді?!»
«Жауыздық жазасын тартып, ізгілік үстемдік алар еді, ал кеңседегі 
жолдастарының бәрі де далиып босқа қалар еді. Мысалы, мен болсам 
осылай істер едім; ал мұнда қандай ерекшелік, нендей жақсылық бар? 
Күнделік пасық тұрмыстан алынған бос мысал. Тұп
-
тура өтірік, өйткені 
мұндай чиновниктердің болуы мүмкін емес...»
1
деген сөздерді 
Достоевский Макар
Алексеевичтің аузынан айтқызады. «Шинельді», 
оның авторы Гогольді жақсы көретінін Достоевский жасырмайды. 
«Шинельді» қасақана жамандатып, Макарды келемеждеп отырады. 
Гогольдің әзіл
-
сықақ әдісіне өзінің еліктегенін де анық білдіреді.
Кейде Достоевский Гогольдің басқа шығармаларынан да сықақ әдісін 
қолдана кетеді.
Міне, осынша ұқсап, әсер алғаны айқын көріне тұрса да бұлар жеке
-
жеке мұралар. Өйткені «Шинельдің» басты кейіпкері Акакий 
Акакиевичті Гоголь сырттай келемеждеп, соның әжуаланған бейнесіне 
көбірек көңіл аударса, Достоевский Макардың ішіне тереңдей кіріп алып, 
ащы шегін айналдырады. Сорлы Макардың жан құбылысын ақтарып, 
оқушының сай
-
сүйегін сырқыратады. Ендеше, Достоевский біраз жерге 
шейін әсерін алып, Гогольше келемеждеп барады да әрі қарай өзінше 
баяндап кетеді. Гоголь тұспалдай сөйлеп, өзі көрінбей келемеждеуге 
шебер, ал Достоевский өз атынан айтуға бейім тұрады. Біздің ойымызша 
көбінесе, Достоевский көсем әдебиеттің (публицистика) шеңберіне қарай 
бұра жөнеледі. Бұлардың әдіс
-
стиль жағынан айырмасы
да осы арада 
байқалады.
1842 жылы К. Аксаков Гогольдің «Өлі жандарын» Гомердің 
«Илиадасына» апарып теңеді. Оның да арам ойы
47
 


1
В. Г. Б е л и н с к и й. том І

М. 1948, стр. 296.
жоқ
-
ты. «Ескі грек (Юнан) елінің эпосы мына біздің «Өлі жандарда» 
қайта жаңғырып туды»

деген пікірін айтты. Осыған қарсы шығып В. Г. 
Белинский:
«В смысле поэмы «Мертвые души» диаметрально противоположны 
«Илиаде». «Илиаде» жизнь возведена на апофеозу: в «Мертвых
душах» 
она разлагается и отрицается:
пафос «Илиады»
есть блаженное упоение, 
проистекающее от созерцания дивно божественного зрелища; пафос 
«Мертвых душ» есть юмор, созерцающий жизнь сквозь видный миру 
смех и незримые, неведомые ему слезы»
1
... деген болатын.
Орыс әдебиетінен қазақ әдебиетінің
үлгі алуы да қилы
-
қилы. Біз 
Гоголь әсерін барлық жазушылардан да табуымыз мүмкін. Алайда 
жазушылардың стильдері –
әдістері түрлі
-
түрлі болғандықтан, әсер 
алудың элементтерін біз де солардың ішіндегі стиль жағынан Гогольге 
бейім тұрғандардан іздемекпіз.
Орыс әдебиетінен үлгі алуымыз да, соның әсері көп тигені де даусыз. 
Осыған қарап Абай, Ыбырай, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, 
Ғабит, Ғабиден т. б. тек қана Гогольден әсер алды деу қатеге соқтырар 
еді.
Екінші бір мәселе орыс әдебиетінің әсері аударма арқылы келді ме, 
немесе тікелей түп нұсқадан нәр алдық па? Бұл сұрауға берер 
жауабымыз да жазушыларымызға қарай екі түрлі болу керек. 
Жазушылардың басым көпшілігі әсерді түп нұсқадан тікелей алып, ал 
біразы аударма аркылы да әсерленуі мүмкін. Бұрын да айтып едік, реті 
келгенде тағы айтып өтелік, аударма әдебиетінің өсу жолын төл 
әдебиеттің өсу жолынан бөлуге болмайды. Әсер алу мәселесін де 
зерттеушілердің біразы мүлт
басатын тәрізді. Осының басын аша кетелік. 
Ұқсастықтың бәрі әсер емес. Мысалы: ауыс
-
түйіс
(заимствование) бұл 
сыртқы көрініс, оны біз әрі кетсе еліктеу дер едік. Ал, ішкі әсер ол терең 
ұксастық, бұл сөз саптауға (слогқа)
48
 


байланысты. Ендеше терең әсерді –
слог ұқсастығын іздеуіміз керек.
Осылай шалыс басқандықтан,
кейде біз бір жазушының ерекшеліктерін 
зерттегенде үстірт қарап өтеміз. Мысалы, кейіпкерлерді дара
-
дара 
көрсетуді де бір автордың еншісіне тиген ерекшелік деп те ұғамыз, адам 
портретін шебер жасауды да ерекшелікке қосамыз. Бұлар жеңіл
-
желпі 
карағанда ерекшелік
-
ақ шығар, алайда жалпы ірі жазушылардың бәріне 
бірдей ортақ қасиет емес пе?
Қорыта айтсақ, ұқсастықтың тиекті айғағы автордың слогына 
байланысты. Стиль –
әдіс ұқсастығы, кей кезде, тікелей қарым
-
қатысы 
жоқ авторларда да болуы мүмкін. Сондықтан негізінен алғанда, слог 
ұқсастығы шешуші жәйттің тиянақты шарты.
Біздің ойымызша, Гогольдің негізгі ерекшелігі оның ащы мысқылында. 
«Әзіл түбі –
зіл» дегендей Гогольдің зілді мысқылы барған сайын 
айқындалып, өмірдің алуан қырын аша береді. Гоголь өз тұсындағы 
өмірде болған қайшылықты шебер сурттейді. Оның биязы сықақ әзілі де, 
өткір мысқылы да осы қайшылықтан барып қоздап жатады. Бірақ, 
мұндай әзіл, мысқыл әдіс басқа жазушыларда да болады, ендеше оның 
бұл да негізгі ерекшелігі емес тәрізді. Гогольдің
ешкімге ұқсамайтын 
оқшау ерекшелігі сөз саптауында демекпіз.
Пікірімізді айқындау үшін осы арада ұлы сыншымыз
В.
Г. Белинскийдің сөзін тағы құлақтарыңызға сала кетелік: «Слог –
это 
сам талант, сама мысль... слог делится на столько родов, сколько есть на 
свете великих или по крайней мере сильнодаровитых писателей. Если у 
писателя нет никакого слога, он может писать самым прекрасным 
языком, и все
-
таки неопределенность и ее необходимое следствие –
многословие будут придавать его сочинению характер болтовни, которая 
утомляет при чтении и забывается тотчас по прочтении...
Гоголь вполне владеет слогом. Он не пишет, а рисует, фраза как живая
-
картина, мечется в глаза читателю, по

49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет