"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

АЛҒАШ Қ Ы
 
РО МАН
 
Қазақ елі көшіп
-
қонып жүрген ел еді. Октябрь революңиясының, 
Коммунистік партияның жүргізген ұлт саясаты арқасында қарыштап 
өсіп, бүгін алдыңғы қатарлы ел санатына қосылып отырмыз. Бүгінгі 
қазақ халқы одақтас халықтармен терезесі тең ел. Ал әлеуметтік
-
саяси 
жағдайы жағынан социалистік ұлт дәрежесіне жетпей отырған 
халықтардан анағұрлым алда, анағұрлым биікте. Қоғамдық
-
экономикалық дамуымыз түрі ұлттық, мазмұны социалистік 
мәдениетіміздің гүлденуіне жақсы жағдай болып отыр.
Қай елді алсаң да, оның әдебиеті өзінің мәдениет сатысына, тарихи
-
шаруашылық жағдайына байланысты өмір сүреді, жарыса жүріп 
отырады.
Қоғам дәрежесі төмен, шаруашылығы малшылық, салты көшпелілік, 
мектебі атадан балаға ауызша сөз тастау болған, оқымыстылары 
дүмше қожа
-
молдалар болған
қазақ елінде халықтың ән
-
күйі, ауыз 
әдебиеті толысып шарықтай берді де, жазба әдебиет ішінде –
үлкен 
проза, драматургия Ұлы Октябрьге шейін туа алмады. Озғын елдердің 
мәдениетінен, ғылым
-
білімінен көп ғасыр қысыр қалған ел болдық. 
Бұратана ұлттарды қасақана қаранғылыққа қамау саясатын жүргізген 
патшалық төбеден басып, ішкі өз мешеулігі егектен тартып, қазақтай 
ақын халық, дарынды халық білімсіз надан болды.
96
 


Сол надандық Абайға да шырмау болды. Шідерлі аттай пәрменімен 
қарыштай
алмаған ұлы Абай қазақ ақындығын әлемдегі өскелең поэзия 
дәрежесіне көтере алды да, басқа жанрларды туғыза алмады. Етекбасты 
өміріне қапа болған Абай:
Атымды адам қонған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?—
деп зарлады.
«Абай зары» Ұлы Октябрьден бұрынғы халық зары еді.
Орыс халқының жазбаша әдебиет тарихы Қантемирден (1708–
1744) 
басталады. А. Қантемирдің «Ғылымды қорлаушыларға» («На хулящих 
ученье») атты тұңғыш мысқыл өлеңі 1729 жылы жарыққа шықса, атақты 
М. В. Ломоносовтың «На взятие Хотина» дейтін одасы Кантемирдің әлгі 
өлеңінен тура
он жыл кейін көрінген еді. Содан бері қарай ұсақ өлеңдер, 
шағын әңгімелер жазыла

жазыла келіп, жүз жылдан соң, атап айтқанда, 
1829 жылы Ф. Б. Булгариннің «Иван Выжигин» атты романы 
жарияланды. Осы романның басты кейіпкері Иван Выжигин жасында 
жетім қалып, иттің үйшігін паналап өседі, бері келе жасауы мол, бай 
қалыңдыққа үйленіп, «ауызы аққа тиіп», көкейін тескен арманына 
жетеді. Қысқа мазмұны осы. Бұл романды мезгілінде В. Г. Белинский 
іске алғысыз етіп сынады. Сонда: «Бұл роман ішкі қадыр
-
касиетінен 
емес, жарыққа шыққан мезгілін алғанда, Русь романдарының басы 
болып есептеледі... Қазір Вальтер Скоттың романдары аударылып
Россияны аралап жүр.
Орыс халқының өз өмірінен алынып, орысша 
жазылған роман сәтті еңбек бола алар ма еді? –
деген сұрақ туды,
сол 
сұраққа бірінші жауап берген . Ф. Б. Булгарин болды, міне, бар қасиеті 
осы
-
ақ», –
дейді атақты сыншымыз Белинский.
4-2462


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет