"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
97
 


Біздің казак әдебиетінің де жас тарихы бар.
Жазба жаңа 
әдебиетіміздің атасы Ыбырай, Абай десек, совет дәуіріндегі 
коммунистік идеяны ұран еткен төңкері сшіл жана әдебиетіміздің 
атасы –
Сәкен Сейфуллин. Ал енді сол Абайдан мына Сәкенге 
жеткенше бір ұрпақтың өмірі жатыр, осы аралықта бірталай 
қаламгер
болды, біз солардың біреуін сөз етпекпіз.
Заты, орыс даналығы айтқандай, әрбір жеке адамның өмірі 
тәрізді, әдебиеттің де өз өмірі бар. Ол да бір күнде, бір сәтте 
дүниеге келе
қоймайды. Оның да балалық шағы, есейіп ержеткен 
жігіттік кезі, жетіліп сақайған мезгілі болады. Әдебиет 
кұбылысының адам өмірінен бір айырмасы –
ол өлмейді, 
кұлпырып, қайта жаңғырып, жасара береді. Бұл жөнінен әдебиет 
жаратылыстың, халық өмірінің дәл өзіне ұқсайды.
Біздің әдебиетімізде шынайы татымды прогресшіл бұқарашыл 
бағыт Абайдан
басталды, жаңа жазба әдебиетіміз де осы 
бағытпен түйдей құрдас. Басқаша айтқанда, Абай негізін салған 
жаңа 
жазба 
әдебиет 
шын 
мағынасындағы 
прогресшіл 
демократияшыл ағартушы әдебиет болды. Сәкен негізін салған 
жаңа қазақ совет әдебиетінің мәйегін тоқ еткен, төл ұйтқысы 
болған –
сол бұқарашыл қазақ
әдебиеті еді.
Төнкеріс алдындағы өлі арада талпынған, тырбанған өнершең 
ой әр қияға құлаш сермей бастаған
-
ды. Ұлы Октябрьден кейін 
туашақ қазақ романынын толғағы бұрынырақ басталған. Нәресте 
проза –
«Қыз көрелік» пен «Қалың мал» еді. Сол кезде «шыр» 
етіп туған, іңгәлай бастаған. Әрине, бұлар әлі толысқан торсық 
шеке романның
өзі емес, соның алғашқы ырымы, тұңғыш 
нышаны 
еді. 
Бүгінгі 
локомотивтен 
алғашқы 
ағылшын 
паровозының айырмашылығы қандай болса, бүгінгі романнан
біз

дің бұл алғашқы прозаның айырмашылығы да сондай. «Бірақ 
екеуі де «паровоз», екеуі
де «роман» деп атала береді. «Қыз 
көрелік» пен «Қалың малды» осы логикамен біз де роман деп 
атай береміз.
98
 


Қазақ тілінде «Қыз көрелік» романы
1912 жылы жарыққа шықты. 
Авторы –
Тайыр Жомартбаев, кітапшаның көлемі 44 бет 
(Семипалатинск. «Жәрдем шіркәрі
нәшриятінден», 3
-
кітап). «Ыспандияр 
Көбеевтің «Қалың
мал» романы 1913 жылы Қазанда басылды, көлемі 94
бет. «Қазақтың жазба әдебиеті тарихында тұңғыш роман саналатын 
«Қалың мал» атты шығармасында автор
қазақ аулындағы ескілік салт 
пен әдет
-
ғұрыптарға қарсы
үн көтерді. «Қалың мал» романында көркем 
бейне арқылы әлеуметтік
маңызы бар екі мәселені –
қазақ
әйелінің
басындағы аянышты халді, ауылдағы тап
-
тартысын жазды», –
дейді 
профессор Бейсембай Кенжебаев пен филология ғылымдарының 
докторы Серік Қирабаев. («XXғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деген 
кітаптың 66
-
бетінде). «Қалың мал» көпке осылай таныстырылған 
шығарма. Бүгінгі елге беймәлім, бейтаныс «Қыз көреліктің»
мазмұнын 
қысқаша баяндайық.
Қазақтың бір руы Керей ішіне келіп, қазақ болып кеткен Ғайса. 
Бәкіжан деген бәйбішесінен бала көрмейді.
Содан Ғайса мал берігі, 
кедей Жұбаныштың қызы Жәкішті тоқалдыққа алады. Қешікпей
-
ақ 
Жәкіштен Ғайникәмал туады, оны бәйбіше өзі асырайды да, тоқалды күң
орнына жұмсайды. Бір жасқа толмай
-
ақ, Ғайникәмалды
атастыруға 
келеді. Сонда бәйбішесі Ғайсаға: «Осы Қарекеңнін өзімен құрдас 
бесіктегі баласына Ғайникәмалды
атастырайық, қыс жерін жейміз, жаз 
құдығына қонамыз
ғой»,

дегенді айтады. «Құдай өзіме және 
Ғайникәмалыма өмір берсе, осы баламды әбден оқытып, сүйгеніне
беремін», –
деп өзіне
-
өзі уәде еткен Ғайса бәйбішенің
тіліне көнбейді.
Қырымда оқыған, «сулы тағылымға жетік, қан түзету
үшін» сахараға 
келген бір мұғалімді айына
25 сом төлеп
жалдайды. Қысқа қарсы бөлек 
үй салып береді. «Ғайнішімнің
арқасында мына кедей балалары да 
оқысын, адам
болып бір нәрсе біліп қалсын», –
деп, әлгі мұғалімді үш
жыл ұстайды.
99
 


Ғайникәмал «орысшаның қарасын

азбукасын» таниды. Он 
жасымда өлең жазады:
Жолдасым қасымдағы бірге жүргсн,
Ата
-
ана надандықпен дәурен сүрген.
Сабақты, кел, оқылық, тырысалық,
Жарамас батпақ жалдап етек түрген...—
деп жырлайды. «Жаңа шыққан романдарды, Ибраһим Құнанбай 
ұлының өлеңдерін де бек көп оқиды»

деп, автор қара сөзбен 
түсіндіріп өтеді.
Үш жыл оқып көзі ашылған, он үш жасқа толға н
әрі зерек, әрі 
ақын Ғайникәмал төңірегіне сынай қарайды:
...Ағашты ат қып мініп кісінейсің,
Адамға ұнаса ма ит боп үрген?
Қыз болса, шиден кісі жасаймын
деп
Өнер ме қуыршаққа көйлек бүрген?
Бой түзеп бос жүргенше, ой түзеңіз,
Атанған бай баласы емес мақтан...—
деп толғайды. Бұл сөзді он үш жасар Ғайнидің аузына салу үшін 
автор мынадай даярлық жасайды. «Қызық хикаяларды Ғайни 
әке
-
шешесіне оқып беруші еді. Абайдың «Жасымда ғылым бар 
деп ескермедім»

дейтін өлеңін де жатқа біледі»

дейді.
Сондықтан Ғайни: «Әке, мені осы күнімде оқыт!» –
деп 
қолқалайды. Әкесі Ғайса қызының айтқанына көніп, Бәкіжан 
екеуін әлгі мұғалімге ертіп жібереді.
Ғайникәмал он үш жасында Уфадағы «Дәрілмұғалимат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет