"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет36/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45


 
ол бір бала.
(Аударған —
Жарылғапов Ісләм).
Тағы бір сәтте Михаил Степанович сабақ беріп отырды да, фарсыша 
бір өлең айтты:
Чи тәдбир, ей мусулманан,
Ки мән худра нәмидонам.
146
 


Нә тәрсә, уя яһуди
-
әм,
Нә гәбрә әм, на мусулман
-
әм.
Нә шәрки әм, нә ғарби әм,
Нә бәһри
-
әм, нә бәри
-
әм,
Нә аз мүлки ираки
-
әм,
Нә аз
хаки Хорасан
-
әм.
Қазақша мәнісі: «Ей мұсылмандар, айтыңдаршы, бұл не деген 
тәртіпсіздік, мен кім екенімді өзім де білмеймін. Мен отқа да 
табынбаймын, Яһуда да емеспін. Кәпір де, мұсылман да емеспін.
Шығыстан да, батыстан да емеспін. Оңтүстіктен де, солтүстіктен де 
емеспін. Ирак мемлекетінен де емеспін. Хорасан топырағынан да 
емеспін, ендеше мен кіммін?» –
деген екен.
Содан бері қырық төрт жыл өткеннен кейін тек есімізде қалғанын 
баяндап отырмыз,
мүлт кеткен жеріміз болса, оқырманнан кешірім 
сұраймыз. Қанша
білдік дегенмен білетініміз жоқтың қасы, білмейтініміз 
ұшан

теңіз. Телегей теңіз білімді, терең ойлы философ Сократ: «Я знаю 
то, что я ничего не знаю!»

«Менің бар білетінім –
мен түк білмеймін!» 
деген сөзді ылғи аузынан тастамайды екен. Бұл кішіпейілділік қана емес, 
ұлы шындық.
1929 жылы студенттердің біразын тәжік тілін үйреніп қайтуға 
Тәжікстанға аттандырды –
тіл тәжірибесіне жіберді. Соның ішінде мен де 
бармын. 19 январь күні Бұхар округіне қарайтын Ромитән ауданындағы 
бағы Шурча қыстағына бардым. Сонда Мағмур Нәбираев деген шалдың 
«бирунханасында» (қонақ үйінде) бір жарым ай жаттым. Үйдің 
ортасында «сандал» (еден пеш) бар, үстінде дөңгелек үстел, оның үстінде 
қалың қос көрпе, астында қазылған шұңқыр, оның түбінде шоқ жатады. 
Келген кісі аяқкиімін шешіп тастап, көрпенің астына кіреді. Жып
-
жылы. 
Сырткиім шешілмейді, түнде басыңа жастық береді, шалқаңнан түсіп 
ұйқтайсың, аяғы жылы жерде болған адам тоңбайды екен! Таңертең 
түрегеліп
147 


бетіңді жуу қиын, өйткені босағадағы шелекте тұрған судың беті 
қабыршақтанған мұз болады.
Мағмурдың кемпірі мен келіні «Дуруханада» (ішкі үйде) тұрады, 
тамақты екеуімізге кемпір әкеп береді, оның бетінде паранжасы бар.
Осы бір жарым айдың ішінде бір тәжік әйелінің бетін көрсем, көзім 
ақсын! Ол кезде солай еді, енді, әрине, өзгерді ғой. Бағы Шурча базарына 
сәрсенбі күні төнрегіміздегі қыстақтардың бәрі жиналады, сөйтіп базар 
әр қыстақта әр күні өтеді, екінші сәрсенбіге дейін азық
-
түлікті сол күні 
ғана жинап аласың.
Бағы Шурчаның ең байы осы Мағмур Нәбираев, оның қырық танап 
жері, бір аты,
үш есегі болды. Қышлақ Шора –
мені ауқатты үй деп 
осында орналастырған
-
ды.
Менің қызметім Ромитан ауданының ортасындағы «Пахта шіркәтіне»

(Мақта серіктігіне) әр қыстақтан мақта арттырам, мақтаны арбаға тиеп 
«Мақта серіктігіне» апара жатқан тәжіктердің бармақтарын бастырып 
қолхат алып қалам, қолхатты тәжікше өзім жазам. Бірте
-
бірте тәжіктер де 
маған үйренді, өздері келіп «шуг» (мәтел
-
ертек) өлеңдер айтып отырды. 
Сөйтіп, тәжікше жақсы
-
ақ біліп едім, енді қырық төрт жыл өткенде, тәжі

рибенің жоқтығынан ұмытып та қалған тәріздімін.
Қыстақ арасына мінуге Мағмур Нәбираев маған бір жүрдек есегін 
берді. Есек қамшылағанда
жүрмейді, қолыңа оқтаудай кәлтәк
(келте таяқ) 
ұстайсың да анда
-
санда «қық» деп шоқтығынан түртіп қойсаң болды, 
оның аяғы аяғына жұқпайды.
Алыстаған сайын адам сол өмірді сағынатын сияқты. Кейде өткен еске 
түсіп, мезетте сонау бағы Шучадағы Мағмур үйіне де барып қайтқым 
келеді. Тар кезеңде, бала күнімде дәмін татқан, құлағымның құрышын 
қандырып әңгіме айтқан Мағмур Нәбираевтай қарт атаны сағынғанда, 
осы еске түседі.
Бүгінде, шау тартқан шағымда, өткен кездің бір көлеңкесін елестетіп, 
жас ұрпаққа паш еттім, жастық ша

148
 


ғымды көз
-
алдымнан өткізіп, өзім де бір жасап қалдым. Мені де оқытқан, 
өсірген –
Сәкен айтқан Советстан. Советстанның бел балаларының бірі –
мен. Біздің басымыздан
кешкен сонау 20 жылдар өмірі бүгінгі жастарға 
да, келер ұрпаққа да бағы замандай таңсық қой деп жазғаным талшық 
болуға жараса, еңбегімнің жанғаны. Сәбит ағаша айтсам:
Ескі өмір құрысыншы, құмар емен,
Ескіге емес, алдағы күнге сенем:
Бірақ ескі өмірдің мұңды зарын,
Жаңа өмірге бейнелеп айтып берем





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет