Ө ТК ЕН ЕСК Е ТҮ СК ЕН ДЕ
Сонау 1930 жылдарда Москва университетінің профессоры
Никольскийдің «Тап қоғамына дейінгі тарих» («История до классового
общества») деген кітабы қазақ тіліне аударылды. Аударған –
осы
жолдардың иесі. Сол кітапта, ұмытпасам, мынадай деректер бар еді.
Біздің заманнан бес жүз жыл бұрын Грекия немесе Эллада елі үш
мемлекет шаһарға (полиске) бөлініп, біріне
-
бірі бағынбай, бытырап
дәурен сүреді екен: Афина мемлекет шаһары –
демократиялық ел,
Спарта мемлекет шаһары –
аристократиялы ел, Коринф сауда
-
саттық
шаһары болыпты. Афина қаласын Халық жиналысы билейді. Бұл кездегі
Афинаны басқаратын патшасы Перикл екен. Бұл Перикл өзінің мектеп
жолдасы, жасынан бірге өскен досы –
философ Анаксагорды жер
аударған, ал жолдасы философ Сократты отқа өртепті. Ендеше, ол –
Афинаның қатыгез де айлакер әкімі болған ғой. Перикл тұсында мына
фарсы елінің шаһы Дарий соғыс ашып, Грекияға шабуыл жасапты. Сол
заманда Персия империясында теңіз флоты күшті, кемелері көп екен де,
Грекияда теңіз флоты әлсіз екен. Грек елін, кеме жасамаса, ол кезде
соғыс қуаты күшті фарсы елі жеңбек, шетінен бөксере тиіп, Грекияны
тықсырып келе жатқан кезі. Гректің сол дәуірдегі көп құдайларының ең
ірілері Делос аралында, ұлы храмның жанында тұрыпты
-
мыс. Осындай
қысылшаң жағдайда Перикл Делосқа барып, храмның ұлы абызымен
(жрец) ақылдасады. Құдайдан тіл алып бер, діндар грек елін ағаштан
кеме жасататын ет дегенді айтады. Екеуі бір жігітті түнде шақырып
алып,
139
ақша береді: «Ешкімге аузыңнан
шығарма!»
–
деп келіседі де,
ертеңінде халық храмға намаз оқу үшін жиналардың алдында
әлгі жігітке Перикл үш сөз үйретеді: «ағаш, қабырға, сақтану»
деген; осы үшеуін созып, даусыңды көмескі шығары п, адамша
түсінікті сөйлемей, құдайша міңгірлеп, үздігіп айтарсың,
–
дейді.
Әлгі жігіт жасырын көрші бөлмеде отырады, сол бөлмеге
мехраптан (алтарь) шыққан газдың иісі баратын бір саңлау бар
екен, ол саңлаудан мына жиналған жұртқа да дыбыс естіледі.
Мешіттің абызы мехрапта тұрып, дәріні күйдіреді, содан газ
шығып,
әлгі саңлау арқылы жігітке жете
-
ді, осы мезетте ол жігіт
иіс тигендей сандырақтайды: «А
-
а
-
ғаш»... әлден уақытта «қа
-
а
-
быр
-
ға»... тағы біраздан
кейін талмаураған «са
-
а
-
қ
-
та
-
ну»...
деген булыққан үн азар шығады. Халық түгел естиді, бұл
сөздерді Перикл жазып алады да ұлы абызды куә есебінде
Афинаға ертіп әкетеді. Келе сала Перикл Халық жиналысын
ашып сөз сөйлейді. «Грекияның зор құдайынан үн келді, оның
жарлығы
мынау:
«Афиналықтар
қорған
-
пананы
ағаш
қабырғалардың тасасынан іздесін!
–
деп тұр, ендеше, ағаштан
кеме жасалсын, сонда ғана бас сауғалаймыз!» –
депті.
Осыдан кейін діндар
ел жұмыла кірісіп, кемелер жасап, екі
жылдың ішінде фарсы әскерін Грекиядан қуып шы ғыпты
-
мыс, –
деп толғайды профессор Никольский.
Үстіміздегі жыл санауымыздан алты ғасыр бұрын Иран елінің
(Фарсы) патшасы Кир Алдыңғы Шығысқа әмірін жүргізіпті,
сонда ең әуелі Лидия жұртын шауып оның атақты патшасы
Крезді тұтқынға алыпты. Сол заманда Крезден бай, одан күшті,
одан дана патша, көне шығыста болмапты
-
мыс. (Дарийдің әкесі
Камбиз –
Кирдің баласы –
С. Т.)
Лидияның патшасы (біздің заманымыздан бұрын 560 —
546
жылдарда болған.—С. Т.) тұтқын Крезді Кир дарға асуға
бұйырыпты. Дарының астында тұрған Крез: «Солон! Солон!
Солон!»—деп, үш қайтара ышқына айғайлаған екен. Сонда Кир:
«Не сандырақтап тұрсың,
Солоның кім?» –
деп сұрағанда,
140
Крез: «Мен дүние жүзінің бәрін жалғыз тарының қауызына
сиғызған қаһарлы, ақылды асқан бай патша атандым. Алтын,
күміс, лағыл, гауһар тәрізді асыл қазына менің ордамда тірелігі
тұрды. Қой бастаған
серкедей осылай дәурен сүріп жүргенде,
маған Афинаның данышпаны Солон қонаққа келді. Оған дүние
-
байлығымды алдына жайып, аралатып болдым да: «Жер бетіндегі
бақытты адам кім екен?» деп, дөрекілеу сұрақ қойдым. Мен
асылық жасадым, дәуде болса, «бақытты Крез» деп айтар
-
ау
деген дәмем болды. Қайран Солон дәметкенімді айтпады, өз
даналығын көйітіп: «Бақыт–сағым. Байлық –
ұрлық. Билік–
қорлық, Мақтан –
дарақылық. Өлім –
тыным» –
деп еді. Бәрі рас
екен. Ол мен туралы айтпады
-
ау деп ойлап ем. Жоқ, ол дәл мен
туралы
айтқан екен. Данышпан аз сөзбен көп айтыпты. Мен
байғұс түсінбеппін. Енді білдім. Кеш білдім. Ол менің бар өмір
-
баянымды он сөзге сиғызыпты
-
ау! Сол Солон есіме түсіп кетті»,
–
депті Крез.
Осындай бағы заманғы мәдениеті бар, ежелден белгілі философ
ғалымдар шыққан грек (Эллин) елін баяғыда аузына қаратқан
фарсы елін
ертеде казақ «қызыл бас» деп атайтын, ол –
мына
тәжік елімен туыстас, ежелгі сағдилар, согдийцы, согдияне. Иран
халқының бір тұқымы тәжік халқының бабалары.
Иран елінің бағы заманғы дінін біздің
заманға дейінгі 1000
жылдардан бұрын өмір сүрген Заратустра жасапты. Оны грек
жазушылары Зорохстр деп атап кеткен. Европа сол дінді
«зорохстризм» деп атайды. Заратустра дінінше, жарық дүни е мен
жаксылық дүниесін жаратушы ұлы құдай –
Ағырмазда
(Европаша: Егурмазда немесе Ормузд); қараңғылық дүниесі мен
жамандық дүниесін жаратушы құдай –
Әңгірмайныс
(Европаша:
Ангро
-
Майных немесе Аримон). Кейін, VIII—IX ғасырларда
ісләм дінін қабылдаған. Бұл екі діннен бұрын отқа табыну діні де
фарсыдан шығып, монғол мен қазаққа содан тұрады деген пікірді
жақтайтындар да болыпты.
141
Дарий шаһтың заманы бергі Фараби, Рудаки, Фирдоусилер заманынан
1500 жылдай бұрын. Мәдениеті ерте дамыған елдің ұлы ақыны
Фирдоуси 999 жылы «Шаһнаманы» жазып бітірді, ал Сағди Ширази
1208 жылы туса керек. Осы ақындардың бәрі де біздің Фарабидан бас
-
қалары фарсы –
тәжік –
бағы Сағдиядан шыққан алыптар. Біз орысша
жазылған тарихи деректерге сүйеніп айтып отырмыз. Түпкі куәміз –
тарихшы Геродот.
Кейінгі бір кезеңде Европа елі: «көркем әдебиет тілі –
ағылшында,
философия тілі –
немісте, дипломатия тілі французда»
–
деп бөлісіп
алды. Осылай айтушылардың тиянағы да болды, өйткені XVIII ғасырда
ағылшында ақын Уильям Шекспир туды да алдына жан салмады,
немістен Гегель, Кант, Фейербах, Маркс, Энгельс сынды философтар
шықты.
Жаңа заманда дүние жүзіндегі дипломаттар үлкен конгрестерде, зор
мәжілістерде француз тілінде сөйлейтін қағида болды.
Заман ауысып, қазір бұл дәстүрлердің бәрі де күйреді, біз тек өткен
кезеңді айтып отырмыз.
Бұрыйғы есте жоқ
ескі дәуірлерден бері қарай тәжік –
фарсы тілін
ақындар тілі, тәтті тіл деп атаған
-
ды. Мұны әуелі XI ғасырда Махмуд
Қашғари айтқан. Ол:
Арабтың тілі —
тіл,
Фарсының тілі —
шекер
Ләбзи араби —
ләбіз әст,
Ләбзи фарсы —
шәкәр әст,—
депті. Ал XVIII ғасырда фарсы –
тәжік ақындарын аспанға көтерген, оны
ақындардың ордасы деп атаған Европаның асқан данасы Вольфганг Гете
болатын.
Ол –
«Бес ғасыр бойына фарсы елі іріктеп, жеті ақынды таңдап
шығарды. Солардың ауызға ілінбей калғандарының өзі де менен артық
жатыр», –
деген болатын. Заты, Гете, Әбілхасан, Фирдоуси, Омар һаям
сияқты әлемге аян өрен жүйріктерді есіне алып отырған болар.
142
Осы санатқа кірмей қалған Аттар ақын да ошалаң торғай емес, ол бір
байға жалданып түйе бағып жүргенде, шахтың сарайын алыстан көріп
қызығып, қасида (мадақ өлең) шығарыпты. Ол өлеңді шах естіп, дән риза
болады да Аттарды өзінің сарай ақыны етіп алады.
Шах сарайына келген соң, оның ішінде болып жатқан неше
-
алуан
сұрқия
-
сұмдықты көзі көріп, адал туған шын дарынды ақын Аттар
шахтың да сұмырайлығын, сарайының бетімен кеткен бұзықтар мекені
екенін айтып, сынап
-
мінеп өлең шығарыпты.
Бұл өлеңге ашуланған шах Аттарды қайтадан түйеші етіп жіберіпті.
Түйе бағып жүрген Аттар өлеңінің мазмұны мынау еді: «Менің
шешемнен туғанда үш жолдасым болды, соның бірі –
«қуаныш»,
екіншісі «бақыт», үшіншісі –
«қайғы». Осы төртеуміз өмірді өрлеп
сапарға аттандық, ауылдан шыға бере
-
ақ «қуаныш» өз бетімен қаңғып
кетті, ал «бақыт» деген досым да алыс жолға төзе алмай қалып қойды:
дүниеде айнымайтын дос «қайғы» екен, сол ғана үдере тартып, өзімнің
қасымда болды, шіркін шын дос деп «қайғыны» айтсаңшы!»
–
депті.
Міні, бұл Аттар әлгі Гете айтқан жетеудің ішінде болмай
-
ақ, осал емес
екені көрініп
-
ақ тұр
-
ау!
Бағы мәдениеттің елшісіндей, тәжіктің классикалық әдебиетіне
мұрындық болған Әбілхасан Рудаки айтқан
екен:
Қанша бақыт бұлдыр сағым—
Ол жалғанның сырлары?
Бұхара мен Таразының
Тартты мені жырлары,—
депті. Бұған карағанда, өзінің Таразыда да (қазіргі Жамбылда,
революциядан бұрынғы Әулиеатада) болғаны анық. Туыстас, достас
тәжік
-
фарсы ақындарын ұлы Абай да өзіне пір тұтты.
Фзули, Шәмси, Сәйкали
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
143
Хожа Хафиз
–
бұ һәммәси,
Мәдәт бер, иә шағири фәрияд!
деп сыйынды.
Тәжік елінің туындыларын қазақ халқына Шәді төре, Ақылбек,
Мұхаметжан Сералин, өз заманында, өз әлдерінше жеткізіп бақты.
Өткен ғасырдың бас кезінде Сағдидің өлеңін аударып, өзінің әйгілі
«Бақша сарай фонтаны» атты поэмасына Александр Сергеевич Пушкин
эпиграф етіп алды.
Многие, так же как и я,
Посещали сей фонтан, но
Иных уже нет, другие
Странствуют далече,—
деп берді.
Ұстазы Пушкиннің жолын қуып, 1917 жылы қазақтың революцнонер
ақыны Сәкен Сейфуллин де Сағдиді аударды:
Қалтасында біреудің
Жұпары болса сақтаулы,
Жұпарын ол дауыстап
Көрмейді лайық мақтауды.
Мақтамай
-
ақ әркімге,
Жұпардың өзі
-
ақ білдірер;
Үндемей
-
ақ төңірекке
Тәтті иісін жәйіп сіңдірер,—
деді. Бұл өлеңді «Шейх Сағдише» деп өзі жазды.
Ал «Кәлилә мен
Димнаны» Сағдиден мың жыл бұрын Үнді елінде –
Қашир өлкесінде
тұратын бір брахман сансккрит тілінде жазып қалдырған, осы бағы
мұраны академик И. Ю. Крачковский 1957 жылы орыс тіліне:
«обладающий мудростью не скроет своего совершенства, несмотря на
свои усилия утаить его. Это подобно мускусу, который держит в скрытом
и запечатанном виде, что не мешает распространяться аромату его...» деп
берген
-
ді.
Сәкен Сағдиден:
«...Ән мен күйге түйе де
Шаттанар, хайуан десек те.
144
Сезбейтін оны адамды
Салпаң құлақ есек де!
дейтін өлеңді сол 1917 жылы аударып берген.
Сағдидың бұл жолдарының орысша аудармасы мынау.
Ты не видел как в пляс верблюд вступает,
Когда арабской песне он внимает.
Верблюда, знать, в восторг напев привел..
А тот, кто глух, хуже чем осел!
Сағдидың бұл өлеңі оның «Бустан» («Жеміс бағы») поэмасынан алынып
отыр.
Қазақ халқының қалам қайраткерлері туысқан тәжік елінің
мәдениетінен ылғи алып та келеді, үгіттеп те бағады. Сонау Шоқан,
Ыбырай, Абай, Сәкен, Мұхтар, Ілиястардан бастап, бері келе, Әбділда
Тәжібаев,
Қапан
Сатыбалдин,
Қуандық
Шаңғытбаев
тәрізді
ақындарымыз фарсы, тәжік поэзиясын қазак тілінде сайратуда.
Қазір біздің қазақ халқы Әбілқасым Лахутиді, Садриддин Айниді,
Мирзо Тұрсын
-
заданы, Мирсаид Миршакарды, М. Рахимиді, А.
Сухайлиді, С. Уәли
-
заданы, С. Улуғ
-
заданы, Фатех Ниязиді, Р. Жәмиді,
тағы басқаларды машық біледі. «Алаған қолым береген» демекші, біздің
ұлылы
-
кішілі табыстарымыздан тәжік елі де құралақан емес шығар
-
ау.
Осы арада бір шындықты айта кеткен жөн болар. Әрбір адам өзінің ана
тілін сүйеді, соны ерекше құрметтейді, өйткені ол, басқа тілді қанша
меңгерсе де, ана тілінен артық біле алмайды ғой. Алайда басқа тілдерді
де зерттеп, үйреніп көрдік. Соның ішінде ағылшын, неміс, француз
тілдерін де шет пұшпақтап оқыдық. Кейбіреулер итальян тілін музыка
тілі деседі. Ал, Тәжікстанға барып, аймағын аралап, тәжік елінің
адамдарымен өздерінше сөйлесіп, өлеңдерін тыңдағанда, жүрегімізде
сақталғанын баяндалықшы, бұл 1929 жыл еді
-
ау!
Өлең
–
сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы;
145
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп
-
тегіс, жұмыр келсін айналасы,—
деп Абай айтқандай, тәжіктің әдемі, ырғақты жұмсақ дыбысымен
әлдилейтін асыл өлеңдерін сол тұста естігеміз.
Қысыр сөз, құрғақ мақтау ешкімді ұйыта қоймас, фактіге жүгінелік.
Алдымызда өткен, өз ойларын бізге мұра етіп тастап кеткен, ұлылы
-
кішілі ағаларымыздан үлгі
-
өнеге алып, өзіміз де тәжік
-
фарсы тілін
үйренуге құмарттық. 1928 жылы Ташкенге барып, Орта Азияның
мемлекеттік университетінің Иран бөлімшесіне (Иранское отделение)
оқуға түсіп, студент атандық. Фарсы
-
тәжік тілін бізге бірінші
курста
профессор Михаил Степанович Андреев, екінші курста профессор
Александр Александрович Семенов оқытты. «Чанд хикаяти фарси»
(«Бірнеше фарсы әңгімесі») атты кітапшаны фарсы тілінде жаттадық.
Профессор Михаил Степанович Андреев –
өзі алпыстан асқан шал
,
кекештеу сөйлейтін кісі –
бізге анда
-
санда тәжікше
-
фарсыша, қысқа
-
қысқа нақылдар, өлеңдер үйретіп отырды.
Бір күні ұстазымыз Андреев сыдырта жөнелді:
Тауана буад, һәрки дана буад,
Зи (аз) даниші діл, пир бәрна буад.
Мұның мәнісі: «Кім дана болса, сол мықты болады, жүрегі даналыққа
толғандықтан шал бала болады»
–
деген сөз екен.
Қазақша өлең тілімен айтқанда:
Дүниедегі ең мықты болар дана.
Нұрлы жүрек дана қарт
Достарыңызбен бөлісу: |