"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


жиылғанын айтарда: Қараөткел келіп жатыр Қарқаралы, Кереку, Баян, Семей, Торғай бәрі. 177



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
жиылғанын айтарда:
Қараөткел келіп жатыр Қарқаралы,
Кереку, Баян, Семей, Торғай бәрі.
177
 


Жетісу осында кеп кұйып жатыр.
Арқаға аунап шөкті Қаратауы...
Дейміз бе осыларды нені іздеді?
Жын қуды астың етін жегізгелі.
Арқаға аударылды ас дегенге,
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.
Қысқа қайырған, сегіз жолға «қырық мың жолдық»
поэманың 
сөлін 
сыйғызған. 
Әрі 
қарай 
осы 
астың 
қонағасысын 
суреттегенде:
Тәтті жал, қазы, қарта мая
-
мая,
Дамылсыз дастарқанды жүрген жая.
Жігіттер тынымы жоқ табақ тартып,
Болғансып терлеп
-
тепшіп бая
-
шая...
Осындай болып жатты ұлы жиын,
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті —
тау, қымызы —
көл деуге болар,
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын,—
дейді Ілияс. Шыңғыстауда Мұхтар суреттеген Бөжей асындағы 
«ас та төк» қонағасыдан бұл да олқы соқпаған. Сағынай асында 
бір мың үш жүз ат бәйгіге қосылды десе, кейбіреулер артық
кеткен деп мін тағуы кәдік.
Сәкен, Мұхтар, Ілиястар бірдемені жазардан бұрын, оны 
зерттеп, біліп, егжей
-
тегжейіне көздері жетіп жазады. Сәкен аға 
«Қөкшетау» поэмасын жазудан көп бұрын Көкшетауға барып 
бір
-
екі жыл тексерді, Мұхтар аға «Қилы заманды» жазарында 
Ілияс екеуі Асы мен Қарқара жайлауларын аралап көп жүрген 
болатын. «Құлагер» поэмасын жазуға ниеттенгенде, Ілекем де 
біраз уақытын сарп етіп, Көкшетау, Ереймен тауларын
сүзген 
еді. Егер бармай, білмей жазса, Қараөткелдің оязы Измаилов, 
Батыраштың
аты Көк тұйғын, Айтпақ атының Күрең, 
Шорманның Сәдуақасының аты кәрі шораяқ Бурыл екенін қайдан 
білер еді? Ежелден құт дарымаған, жылан жайлаған жыра 
атанған Жыланды өзегінде дұшпанның айбалтасынан Құлагер 
қаза тапқаннан кейін, әңгімені Ілекем былай шертеді:
178
 


Алтайдың қосқан аты асып аруақ,
Көк аты Батыраштың келді заулап.
Даусы баласының азар шығып,
Шырылдап өте шықты «Бегайдарлап!»
Аяғы бұраң қағып бота маймақ,
Айтпақтың күреңі өтті «Төлебайлап»
«Шормандап» кәрі шораяқ Бурыл өтті.
Лап ұрып қозып кетті, жұрт айғайлап!—
деп, делбесі қозады. Олай
етпесе, қазақ сахрасының 
ақыныболмас еді. Оның үстіне:
Шаңы –
бұлт, екпіні –
жел, аттар –
қаңбақ;
Балалар ұран салып, безді зарлап,
Шапқан ат, салған ұран, күңіренді Арқа,
У да
-
шу, ұлан
-
аза болды жан
-
жақ,—
деп, көріп
-
біліп отырған кісі ғана айта алады.
Өйткені:
Жасымнан жылқы десе, менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын.
Жапанда жел жылқының үстінде өстім,
Мекендеп, өмірімде аттың жалын,—
деп, өзінің жылқымен
жасынан сырмінез екенін аңғартады.
Айтқанында ауытқу жоқ, үстінен дәл түседі, білетінін 
нәшіне келтіріп жеткізеді, бұлтартпайды. Үйде отырып, бал 
ашуға бармайды.
Баяғыда ағылшын ақыны Байрон «Абидостағы қалыңдық» 
деген бір аңызды естиді. Ол аңызда Абидос шаһарының бір 
жігіті 
өзеннің 
арғы 
бетіндегі, 
ұмытпасам, 
«Сечта» 
монастырында тұрған бір қызға ғашық болады. Жазғытұрым 
су тасып, сең жүріп жатқанда әлгі жігіт ғашығына барып 
жолығу үшін долысы күшті, түпсіз терең өзенге қойып кетіп, 
тұншығып өліпті
-
мыс. Ақын Байрон осы уақиғаны жазу үшін 
бір жылы көктемде сол Абидосқа барыпты. Әңгіменің бастан
-
аяқ бәріне қанық, жалғыз
-
ақ суға кетер алдында сол жігіттің 
бір батып, бір шығып, жанталасып жүргенде қандай әуре
-
сарсаңға түсетінін, тұншыққанда нендей халде болатынын 
білмейді екен. Білмей жазу оған ұят, сондықтан ақын Байрон
өзі барып,
179
 


сол өзенге қойып кеткен ғой. Ол да тұншыққан, бірақ өлмеген, судан 
сүйретіліп, жан
-
дәрмен қимылдап, жағаға әрең жеткен. Содан суық тиіп 
безгек ауруға ұшырап, Байрон Абидоста екі ай төсек тартып жатқан. 
Ақынның «Абидостағы қалыңдық» атты поэмасы дүниеге осылай 
келіпті.

Ілияс ағаның қаламынан шыққан дүниенің бәріне де мұқылас сенетін 
жанның бірімін. Құлагерді өлтірген телітентек, содыр сұмырайды 
бейнелегенде:
Айбалта ырғай сапты қойынында,
Сол еді мылтығы да, сойылы да,—
деуіне де күдіктенбеймін. Жар астында тұрып жазықсыз жан исін 
сеспей қатыратын, бір үзім нанга сатылатын жауыз жәндіктер болады, 
оларды Ілекем, жеріне жеткізіп айтқанына айызың
қанады. 
Жүйріктігінен өзге ешкімге зияны тимеген жаутаңдаған жануарды 
жазықсыз ұрып жыққан тіміскер сорлыға лағнат айту аздау болар...
Ақынды ақын түсінсе керек:
Не тапты қазақ Құлагерді ұрып жыққанда,
Ұят
-
ақ болды
-
ау көршілес мына жұрттан да.
Қазағын қарғап жылап жүр әлі сорлы Ақан,
Қанатын қиып діңкесін оның құртқанға...
деп қазіргі беделді де
белді ақынымыз Әбділда да шындықты айтқан 
ғой.
Ілияс аға тек қана ақын емес, ол алдына жан салмайтын, Жетісудың 
жер
-
су аттарын да, жәндігін де, өсімдігін де жете білетін ғұлама 
топонимик және ботаник екен.
Куәсіз сөз ешкімді ұйыта алмас, айғағымыз ақынның
өзі болсын:
Тарбиған Тарбағатай жердің кұты,
Барлық ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».
Оранған ақ кебенек аруақты Алтай,
180 


Төгіліп бізге таман жатыр мұрты...
Ақшұнақ, Жабағылы, Мыңшұқыр,Таз,
Бұлардың бәрін тізген Жоңғар тұрқы.
Аршалы, Амантекше, Қарасырық,
Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырық;
Сауыры Салқынбел мен Сайым бөлек,
Суығы соғып
тұрар аласұрып...
Шоқысын Бүркітінің Үш бүйенге
Қойыпты сәукеледей жарастырып.
Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей,
Құр жатпас Қора мұзбен жүгенделмен,
Тегерез, төңкерілген тегеш—Шажар,
Шамқой—шал қабақ жаба түнергендей.
Талақтап талаулаған Баян жүрек,
Тұнжырап тұқырып тұр «тірі өлгендей»,—
дейді ол! Әрі қарай сөзді ұзарта бермеу үшін, таулардың сыр
-
сыпатын, Ілекемнің олардан алатын әсерін айтпай
-
ақ, Ілияс 
жырлаған тау аттарын көзінен тізіп, санап көрсетейік:
Мұзбұлақ, Ақтасты, Шатыртас, Демікпе,
Айдарлы, Қоңыртау, Талғар, Үшқараш,
Асы, Бақай, Алматы, Қарқара, Текес,
Мыңжылқы, Былшықай, Бесжырғалаң—
Үйкүлше, Үш қарқара,
Лабас, Қөктөбе, Қулық, Шөладыр,
Қыземшек, Торайғыр, Үшмеркі, Сөгеті,
Құймақы, Шырғанақ, Қызылауыз,
Сарытау, Қарасай, Елшенбүйрек.
Науша, Нарша, Шалкөде, Бақай,
Теріскей, Сырт, Төр, Мұзарт,
Қудырғы, Өрікті, Байсауыр, Тайсауыр.
Хантәңірі, Кіндіктас.
Осы таулардың бәрін
алқа
-
қотан отырғызып қойып, ақын Ілияс 
сұқтана
сөйлейді:
Па, шіркін! Болады екен тау да сұлу,
Мұз көйлек көк мұнармен белін буу.
Көлдегі көп шағала ортасында
Тартпасын көзді қалай айдында аққу?..
Өзгені үйме
-
жүйме отырғызып

Ортада бір ақсақал кеңес құру.
Қайырып тапты үйірін бір боз айғыр,
Жусатып, қалғып көзін ашып
-
жұму.
181 


Осыған ұқсамаса, сөкші мені,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет