ІЛИЯС АҒА ТУРАЛЫ
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең».
Абай.
I
Әңгіме ақын туралы. Адам туралы болсын! Кеше ғана үдере көшіп
өткен ұзақ сапарда біз неше алуан адамдарды көрдік, солардан
ұмытылмас өнеге алдық, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрендік,
есейіп бүгін ержеттік. Сөзінде опа жоқ жанның өзіне де опа
қылмайтынын әбден таныдық.
Адам керуен, өмірі жол,
Ешкімге жат із емес.
Жолмен көшкен керуеннің
Алды
-
арты да біз емес.
Осыны жазар алдында біраз әуреге түстім. Әркім өзін тәуір көреді және
жақсы білем деп топшылайды. Сондықтан өз өмірбаянымды шертсем бе
деген толғақ ойыма орала берді. Өткенді еске алып тамсана бердім.
Үлгілі қызық нәрсе болмаса, не болса
-
соны жіпке, қылға тізіп көңірси
беруге, оқырман жастарды жалықтырар деп қаймықтым. Оның үстіне
адамның өзін
-
өзі тануы өте қиын деседі ғой...
Елімнің айтуынша, «өтіріктің құйрығы бір
-
ақ тұтам», Ендеше, баяғыда
ашылған Американы күнде ашып, анау
-
171
мынауды шатпақтағанша, өзімнің көз алдымда өткен, өмірде көрген
-
түйгенін жеткізе жазып кеткен ардақты ағаларымды сөз еткенім мақұл
болар.
«Мен бір жұмбақ адаммын
–
оны да ойла» деп Абай ата айтқандай,
менің көз алдымда өмір сүріп, кейінгі жастар көре алмай қалған сол
бір ағалар да жұмбақ жандар. Олардың өнерпаздық сырларын
шығармаларынан танитын жас ұрпаққа өмір жолдарынан, зәредей
болса да, дерек қалдырғым
келеді. Көргендер айтпаса, жазбаса,
көрмегендерге таптырмайтын деректер...
II
Хикаяны Ілияс Жансүгіровтай асыл да, ақын да ағадан бастайын. Ол
кісі 1932
-
34 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы
президиумының
төрағасы еді. Ол
кезеңде біздің Одақта машина түгіл, жегулі ат та
болмайтын. Ұзын бойлы, алпамсадай нар денелі, өзі мейлінше
кішіпейіл адам екен. Мен Халық ағарту комиссариатында
(Наркомпроста) Сейтақаңның (Сейтқали Меңдешевтің) қол астында
қызмет етуші едім. Мені көргенде, Ілияс аға күлімсіреп: «Өзіңнің тілің
шолақ қой, заты, Сұлтанбектің інісі емессің бе»
–
деп сұрады. Мен
Сұлтанбектен аттонымды ала қаштым. Сол күн кешке таман мені
үйіне жаяу алып барды, ағаның
үйіндегі шай сатусыз ғой. Осының
алдында Мұхтар аға
Зоя Сергеевна Қедринамен бірігіп Ілиястың
«Дала» атты поэмасын аударған болатын, ал мен
Сәкен Сейфуллиннің
«Қызыл атын
»
аударып, оны орысша редакциялап, өңдеп, өлең етіп
жазған ақын Михаил Баталов еді.
Үйінде отырып, Ілекең маған: «Күйді» аударып берші»,
–
деді.
Үлкен кісінің тілек аралас бұйрықтай, бұйрық аралас тілектей, бұл бір
ұсынысы мен үшін тым ауыр еді. Соны тіке айтуға бата алмадым.
Айдыны зор ақынның мысы басты ма, әлде әке сыйлап, аға сыйлап
өскендігіме бақтым ба –
әйтеуір жауабымды келте қайыра алмай,
172
мәймөңкелеп міңгірледім.
–
«Ілияс аға, қуана
-
қуана істер едім. Әттең,
қолымнан келмейді ғой, Өзіңіз білесіз, орыс халқында Байронды
аударатын адам Гетені аударуға баспайды ғой. Бұл екеуінің сөз саптауы
да, ойларының кестесі де басқа
-
басқа ғой. Сәкен шығармаларын
орысшаласам, ол кісі ауылдас адам болғандықтан, тілі маған таныстау.
Мен Сәкен
стиліне аздап төселіп қалдым. Сіздің ақындық тіліңіз де,
стиліңіз де өзгеше ғой. Сіздің «Күйіңіз» одан да өзгеше. Мұны аударуға
тісім батпайды ғой деп қорқамын. Міні –
қараңызшы, Сіз «Күйді»:
Қобызшы —
Молқыбай шал Матайдағы,
Матайда Кенже, Түнғат, Сақайдағы,
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы,—
деп бастайсыз. Осы төрт жолдың ішіндегі аударушыға ең ауыр сөз
«бақайшағы»
–
ойдың кілті де осы жалғыз сөзде тұр. Мен білетін орыс
тілінде «палец», «запястье» деген екі сөз бар, бұлар «бақайшақтағы»
ойнақы ырғақты бере алмайтын тәрізді. Сондықтан бұл сөздің
баламасын табу үшін біраз уақыт өтеді, ал баспа орны бір жол өлеңге
бір
-
ақ сом төлейді, оның үстіне, Ілеке, «Ақ көбекті», «Көк көбекті», «Боз
інгенді», «Қорамжаның» күйін тағы сондай тарихи мәні зор, сыры терең
жеке сөздеріңізді орысшаға аудару маған ақыреттің қыл көпірі
болмаса...»
–
деп күмілжідім.
Көмейімді емеурінімнен тани қойған Ілекең
–
«Одаққа ертең келіп,
хатшымен сөйлесіп кетерсің, оның қолында орыс тіліне аударылатын
шығармалардың тізімі бар»,
–
деді. Онда Одақтың хатшысы Әуелбек
Қоңыратбаев еді. Әрине, ертеңіне Одаққа бардым, шарт жасасып,
Сәкеңнің «Советстаны» мен «Сыр сандығын» аударуға алып қайттым.
Бұдан соң ол ағаның алдында өзімді кінәлі ұқтым да, бетпе
-
бет сөзге
келе алмадым.
Енді бір күні көшеде Ілияс пен Сәнжар Жапарұлы Аспандияров
екеуінің әңгімелесіп келе жатқанын көрдім.
173
Бойлары сұңғақ, иықтары тең екен. Мен сәлемдесіп болып, арттарынан
ілесе
аяңдадым. Мені жан деп қымсынған олар жоқ. Менің екі құлағым
соларда. Сонда Сәнжар Ілиясқа қырындай қарап:
–
Ілияс, мен жақында бір повесть жазып бітіріп едім, соны саған
берейін, өз атыңнан бастырып
шығаршы, сен жазушысың ғой, маған ұят
болып тұр,
–
деп аз
-
кем кідіріңкіреді де, Сәнжар аға үзілген ойын әрі
қарай созып,
–
өйткені, өзіңе
белгілі, мен орыс
-
герман соғысына
қатыстым
,
ол мезгілде әскери дәрігер едім ғой, төл мамандығымның өзі
де сол, бері келе
совет дәуірінде қазақ елінің тарихын жазып шығардым,
қазір жұрттың бәрі мені тарихшы деп таниды, сондықтан көркем
шығарма сияқтанған мына бір шағын повеске ие болуым орынсыз
тәрізденеді...
–
дегенде, Ілияс тұрып:
–
Сәке, сіз ол шығарманы орысша жаздыңыз ғой
,
ал мен орысшаға
мүлде шорқақпын, сондықтан сіздің елеулі еңбегіңізге, құдай аманаты,
қол қою маған да үйлеспейді,
–
дегенін естіп қалдым. Екеуі Карл Маркс
пен Комсомол көшелерінің түйіскен жерінде екі айрылды да қарасын
үзіп, екеуі де ұзай берді. Менің көзіме осы ағаларым жапанда жалғыз
жортқан екі жампоз атандай елестеді. Сарыарқаның отын оттап, суын
сулап жүрген, екі өркеші екі баладай еркін өрістеген атандарды
жанымдай жақсы көруші едім. Олар, үдере көшкенде, қанша жүк артсаң
да, мойымай ілгері тартатын еді
-
ау!..
Екеуінің де соңдарынан кезек
-
кезек алақтай қарап, сырттарынан қатты
қызығып, аңырып тұрып қалдым. Біріне
-
бірі өкпелесіп айрылысты ма,
жоқ қалтқысыз түсіністі ме –
сол сәтте осы арасын біле алмай арманда
қалдым...
III
Әр адам көбінесе, өзінің туған жерін, өскен елін есіне түсірмей өте
алмайды. Мен де өзім көрген, көз алдымда болған ағаларымды
әңгіме
етсем, сөкеттігі болмас.
Көр
-
174
мегенін де, білмейтінін
де топшылай салатын кейбір сыңаржақ әуесқой
сыншысымақтардан да кенде емеспіз ғой. Олар туралы Ілиястың өзі де
айтып кеткен болатын:
Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,
Сыншыдан сақта, құдай, сортаң тұздай!
Шатасқан шалдуардан жиіркенем.
Елімнің ескісінен сөз айтқызбай,—
деген
-
ді.
Туған жердің ыстықтығын айтуға келгенде Ілияс алдына жан
салмайды. Мысалы, Сарыарқадағы Ереймен тауында Қусақ көлінің
жағасында отырып, Сағынай асын суреттейді, сол кезде де өзінің ойын,
алған тақырыбын тастай беріп, ол туған жерін, Жетісу өңірін
толғай жө
-
неледі:
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім,
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.
Жасымнан жырлап едім тауда талай,
Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай..,—
деп мақтап, мадақтайды ол! Тегі Жетісуда туған Ілияс жақсыны
жатырқамайтын даңғыл ақын, шабарында жер таңдамайтын тұлпар.
Көңілден де жүйрік көк дөненге мініп, Парнас тауына құлашын
сермейтін самұрық. Ол Арқаны да аянбай жырлайды.
Ілекеңнің «Құлагерді» жазу үшін Ереймен тауына қызығып баруы да
тегін емес. Өйткені Ілиястың ағасы Иманжүсіп бұдан әлдеқайда бұрын:
Бүркіт алып басыңа бір шығайын,
Көзіме бір көрінші Ереймен тау,—
деген болатын. Осы сөз есіне түскенде ол Ереймен тауың алыстан аңсап
барғандай. Осы ырғақтың бәрі де махаббат күйіне барып паналайды.
Шын ақын сүюге, сүйсінуге елтіп отырады.
Сүйген жүрекке күйкі зат та әдемі боп көрінсе керек. Академик И. Ю.
Крачковский Ләйліні қара торы, кескін
-
175
сіз тапал қыз екен деп жеткізеді. Ләйліге ол ақын Мәжнүннің
көзімен қарай алмай, ғалымның көзімен қарайды. Джульеттаның
сұлулығына да Ромеоның ойы айыпты болар, сірә! Қазақ мақалы
«сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деп осы құбылысты айтады білем.
«Қарақшы мен қайыршының ішінен қаһарман шықпайды, оны
іздеудің қажеті аз! Қаһарман деген ойдан туған өтірік, өмірде
тек адам бар, кәдімгі қарапайым адам, одан өзге түк те жоқ»,
-
дейді Лев Николаевич Толстой.
«Әлемнің күміс қоңырауы» атанған асқақ ойлы философ
Толстойдың осы пікірін ақын Ілияс Жансүгіров анықтай түседі.
Қарашашқа Ұлы жүз Сары Үйсіннің күйші жігіті қызығады,
сонда:
Қара қас, қылаң қабақ, кер
-
кұба қыз,
Қара шаш, алма сағақ, құралай көз.
Сырықтай ортадағы сымдай бойы
,
Тал шыбық, қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал кыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңізде
-
ақ сұғынарсыз.
Молда айтқан ұшпақтағы хор қызы ма?
Періште, әлде пері, әлде жын ба?
Құлпырып қыздың беті албырайды,
Ұқсаған алтай түлкі жондығына.
Қүлкісі тау бұлағы төгілгендей,
Сөйлесе меруерт маржан себілгендей
«Алғандай жерден пішіп»,—
деген сұлу,
Көркіне көз тойынып семіргендей...
Қасынан бір моланың жүріп кетсе.
Жыбырлап көрдегіге жан кіргендей...—
деп
,
аузының дәмін алып, тамсанған күйші елігіп, елтіп кетеді.
Жақсы көрген жүректің махаббаты қозған заматта оған қыз
осылай көрінуі хақ. Енді осы қызды жек көріп көңілі қайтқан
кезде
күйшінің көзіне әлгі сұлу басқаша көрінеді:
176
Қылғынып қызға ұмтылған қызу да жоқ,
Қыз күйік —
күй сарынын бұзу да жоқ,
Қасарып алдында отыр сұр мегежін,
Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.
Шөп желке, шолақ бұрым қотыр
-
қотыр,
Қыз емес, қарсы алдыңда албасты отыр.
Жыландай жиырылған кесіртке қыз,
Осыны байқамаған неткен соқыр?
Қыз емес жалмауыз
-
ау, ауызы қалай,
Кісі емес, айдаһар ма, даусы қалай?—
деп
жеркене қарайды, шындықтың шымыр белгісі осы.
Ақын өсіріп айтады, өлшеу оның қолынан келмейді. Тек өмірдегі
болмыстың арнасынан шығып кетпеуі шарт. Осы
айтқан ойыма Ілиястың
өзі куә:
Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.
Көтеріп көптің көңілін, күнде шауып,
Жүлде алар жұма сайын туды күнім.
Шат елдің шешенімін, даңғылымын.
Шыным сол, правом бұл, заңды мұным.
Астанам Алатаудан саңқылдасам,
Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым?—
дегенде, Ілияс өтіріктен мүлде аулақ. Қисынын тапқан соң жарасып
-
ақ
тұр.
Ілияс аға өлең жазғанда ұйқасын қуып, ойдың желісін бұзатын ақын
емес».
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол—ақынның білімсіз бейшарасы...
екенін жақсы ұғады; өзі би, өзі қожа, өзі инженер. Ол алып
та жығады,
шалып та жығады. Қазақ сөздерінің бәріне де жан бітіреді.
Ымы
-
жымы
білінбей ұйқаса кетеді. Мысалы, Арқада болған Сағынай асына халықтың
көп
Достарыңызбен бөлісу: |