"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Қ АЙ ЫП ТО ЛҒАУЛАР Ы
 

КЕЗДЕСУ
 
Халық ақыны Қайып Айнабековты мен баяғыдан білетін едім, өйткені 
менің үлкен әкеммен Айнабек өз тұсында дос болыпты. Бұл әңгімені бір 
кезде ел аузынан еміс
-
еміс естігем. Ескі жайды
жақсы білетін өз әкем де 
ерте өліп кетті, сөйтіп Қайыппен бетпе
-
бет кездесіп, тізе қосып отырып 
сөйлесуге мүмкіндік болмай
-
ақ
қойғаны ғой. Әрі мен елден ерте қол үзіп 
кеткем
-
ді.
Анығырақ айтқанда, 1925 жылы оқу іздеп кеттім. Содан міне биыл 1947 
жылы 29 декабрь күні ескі Қарағандыдағы қарт ақын Қайып Айнабековке 
сәлем бергелі кеп отырмын.

Ассалаумағалайкум,

деп кіріп барғанда ол маған қолын ұсынды 
да, бетіме үңіле қарады. Танымай отырғанын түсіндім, өйткені ортада 
жиырма екі жыл аралады, бір кездегі қыршын жас енді өзгеріп кетсем 
керек. Баяғы мен көргенде қырықты қусырып жүрген егде Қайып, аса көп 
өзгермепті. Оның үстіне мен іздеп келіп тұрмын ғой...
Жөнімді айтқан кезде, орнынан ұшып түрегеліп, құшақтап көрісті де:

Баяғыда,

деп бастады қарт, азырақ алқынып жөтеліп қалды,

Шортанбай ақын мен мына біздің Алагөшек Сәттібай екеуі дос екен. 
Солар бір жылы үш айдай бірін
-
бірі көре алмай сағынып қалыпты. Ол 
кезде үш айдың өзі де көп уақыт болса керек қой,

деп бір толғап өтті

Мен тыңдап отырмын, ымырт жабылған кез, үйдің іші алакөлеңке. 
Бибіжан жеңгей амандасып болып, ауыз үйге шығып кетті, заты тамақ 
істеп жүрген сияқты.
321 



Бір күні Шортанбай мен Сәттібай екеуі бір қылтадан шыға келіп, 
оқыс кездескен достар аттарынан түсіп құшақтасқан екен, сонда 
Шортанбайға: «Тіліңнің желі, аузыңның ебі бар еді, сен осы 
кездескенімізге бірдеңе деші»,

депті. Сонда ақын Шортанбай жұлып 
алғандай:
«Бай да өлген, батыр да өлген.
патша да өлген,
Өлмей тірі қалған жоқ ажал келген,
Ұжмақтың кілтін ашып көрген жан жоқ,
Дүниенін ең қызығы тірі көрген...»
деген екен. Шырағым, аман
-
есен көріскеніме қуанған соң осы бір сөзді 
айтпауға болмады. Я,

деп барып, күллі денесі селкілдей қозғалып
ентіге жөтелді.
Мән
-
жайды сұрасып болғанша ет те пісті. Дастарқан жайылып бір 
табақ ет келіп ортаға орныққан мезетте, сақал
-
мұртын қырау басқан
сеңсең тонның жағасы шаңғытқан аппақ шал кіріп келді.

Жоғары шығыңыз...

Ой, мынау өзіміздің Қасым ғой...

Жолыңыз болсын.

Я, отыра қал, жамандамайды екенсің, дер кезінде келдің, шешін, 
ет же!...

деген танымал кісіге айтылатын жылы сөздер қайталанып 
жатты.
Бұл Қасым мына Қайыптың жақын туысы, момын кісі. Қайып ауырып, 
төсек тартып жатқалы көп болыпты, көңлін сұрауға келген беті екен...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет