қурап қалған аналар жөнінде толғауынызды
түсіне алмадым. Қандай байланысы барын айқындай кетіңізші.
305
–
Әй, балам
-
ай, солардың бәрі асыл анадан туды ғой. Үзілмес
әуен, өшпес күй ғой олар! Осы жақында Еділ, Кама бойынан,
Орал тауынан, сонау Қазан қаласынан татар әдебиеті мен өнері,
театры келе жатыр дегенді естіп қатты қуандық.
«Театр күлдіреді, ойнатады,
Өмірді өткендегі ойлатады...»
деген Ғабдолла Тоқайдың сөзі есімізге түсті. Бір кезде кұмарта
тыңдап, кұлақтың құрышын қандырған «Ғалиябану», «Қазан
сүлгісі», «Тәфтиляу», «Қара орман» әндерін елегзи күттік.
«Тойдың болғанынан болады дегені кызық». Жас күнімізден
оқып, әсерінен өмір бойы арыла алмай койған жез таңдай,
бұлбұл
ақын
Ғабдулла
Тоқайдың
сөздерін
татар
туыстарымыздың өз ауызынан естуге ынтыға бердік.
Рас, шырағым, бұл күндер Алматы толған тамаша мейрам
сияқты болды.
Ояну дәуірінде мәдени
-
шаруашылық жағдайы мешеу ел–
мәдениеті күшті көрші елден көп сыбаға алады. Алға ұмтылу
кезеңінде осы бағытты басынан кешірмейтін халық болмаса
керек.
Өткен XIX ғасырдың орта шенінде қазақ даласына үш ұдай леп
келді. Ең әуелі Батыстан соққан самалдың аңқыған жұпар иісін
Шоқан Уәлиханов еркін сезінді. Ол Достоевскиймен достасып,
Потанинмен бірге оқып, біте қайнасқанда Тоқай туған жоқ еді.
Ыбырай Алтынсарин екі кітабын жазып шығарғаннан кейін жеті
жыл өткенде Тоқай туды.
«Пушкин менен Лермонтовтан өрнек алам,
Бірте
-
бірте жоғарыға өрлеп барам»,—
деп, Тоқай тегін айтпаған ғой «ақыл ауыс, ырыс
-
жұғыс».
Осы қарсаңда екінші тарау жел құбыладан соқты. Анығын
айтқанда, Бұқар мен Тәшкен арқылы көне шы ғыстың –
араб,
персінің мәдениеті ауысты.
306
Бұл леп классикалық марғау бағытпен манаурай басып, ыслам
дінін арқалай кірді. Бастарында сәлдесі, ауыздарында «алласы,
ағузысы» бар қожа, молдалар келді, дін үйретті. «Кімнің жерін
жерлесе, соның суын сулады», бұл әсер өзбек елімен іргелес
отырған өлкедегі қазақ
-
қырғыз халқында көбірек орын тепті.
Үшінші тарау леп солтүстіктен –
Қазан мен Уфадан шығып,
сахараға қарай есті. Сауда
-
саттық жүрді, кездемеден киім кидік.
Мешіт пен медреседен молдалар ағытылды. Сонау алыста адыра
қалған жетінші ғасырдың сілімтір сергелдеңін алдымызға әкеп
тартты. Жаңа дүниеге жан тәнімен жау Мұса Бегеев бастаған
діндарлар осы әрекетті жасап жатқанда, революцияшыл
-
демократтық идеяның жаршысындай Ғабдулла Тоқайдың
өлеңдері де жедел жетті.
Бертін келе Сұлтанмахмұттың Тоқайдан әсер алып жазған
өлеңдерін де оқыдық. Сәкен Сейфуллиннің 1916 жылы Кәрім
Муксинов дейтін татардың үйінде отырып, гармон күйін
тыңдағанын, «татар күйі күйікті» деген сондағы сөзін де
білетінбіз. 1925 жылы Бурабайда жатып «Сыр сандықты»,
«Тәфтиләу» ырғағына салып жазғанын құлағымызбен естідік.
«Тәфлиләудің» бұрынғы сөзі Тоқайдікі ғой.
Біздің жазушы
-
ақындарымызға туысқан татар әдебиеті бірталай
әсер етті. Бұл жағынан келсек, Торайғыров, Майлин,
Сыздықовтарды атамай кету қиын.
Революцияның алғашқы кезінде Ғалымжан Ибрагимов «қазақ
қызын» суреттеді. Ал, Тоқай қазақ даласына келіп демалып
жатып, Троицкіде болды. Сахараның жұпар ауасын жұтып
қайтып бара жатқанда:
«Жектіріп пар ат, Қазанға тұп
-
тура кеттім қарап:
Шаптыра аттарды кучер, соққалап та тартқалап»,—
деген өлең жолдарын қалдырып еді.
Шіркін
-
ай, сол желдей ескен дарынды ақын Тоқай
-
307
дың «Государственная думаны» сонау бір кезде сөгіп, быт
-
шытын шығарған өлеңін де оқып едік. Уыты жайылып тамыр
-
тамырды кеулеп кеткен мұсылман дініне жапа
-
жалғыз шабуыл
жасауы, бүкіл байлық
-
бақыттың кілті болған алтынға қарсы
лағнат оқуы қандай күшті, қандай жігерден туған десеңші! Сол
кезде отызға да жеткен жоқ қой! Міне, шырағым, мен оны тек
қана жақсы көрмеймін, ғашықпын...
Бір сөзден бір сөзге кетті деп сөкпе, жаным, қиығы келіп
тұрған соң айтуым дұрыс болар. Осыдан бірнеше ай бұрын
Алматыда өзбек әдебиетінің он күндігі болып өтті. Онда да
өзімізбен бірге туысқан көрші елдің өнерімен
жақын танысып,
серпілісіп, мәре
-
сәре болып қалып едік. Мұндай достық пікір
алысу,
бет
көрісу
соңғы
жылдарда тамаша дәстүрге
айналғандай... Жаңғырып құлпырған игілі жемістерімізді,
сонымен қатар кейбір кемістерімізді де айқын көріп, екінші бір
соны сатыға көтерілгендей боламыз.
Ербулонжан, сен
білмейсің, жассың ғой, революцияның
алғашқы кезінде Ғалымжан Ибрагимов «Біздің күндер» деген
роман
жазды, артын ала Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ
кешуі» жарық көрді. Бұл екеуінен соңырақ келіп өзбектің ірі
жазушысы Абдулла Қадири (Жұлқынбай) «Өткен күндерін»
жариялады. Бұлар туысқан үш республиканың –
татар, қазақ,
өзбек совет елдерінің дәуір тудырған шығармалары. Бұлар
үндес шығармалар, өмір бойы өлмейтін мұралар. Осындай ұлы
еңбектің пелеріне ажалдың да әлі келмейді.
Шырағым, менің ойымша ақымақ ажал аяғын ылғи шалыс
басады. Ол құлағы жоқ керең, тілсіз мылқау, алатын адамын
танымайды! Құрығын теріс ұстайтын шалдуар, қасиетсіз
сұғанақ ол! Еңбектің иесі –
ері өлсе ел күйзеледі, енсесі түседі,
қабырғасы қайысады, сонда әлгі ажал қаншықтың құмары
қанатын болса керек. Бірақ күйзелген ел ашынып сол ажалмен
күресетін алғыр азаматтарын қайта тудыратынын білмейді
-
ау!
308
Елі өлмесе оның ері де өлмейді, қалқам, советтік қазақ елі бар,
артынан ерген
иін тірескен ерлері
–
інісі, қарындастары бар
ақын Сәкен мен сөз зергері Мұхтар неге өлсін! «Құмырсқаның
да сауыры болады» дегендей, әр ұлттың ажалға қимайтын ұлы
болады. Соның бірі тап кешегі Қаныш аға еді. Ол –
жапанда
жалғыз жортқан жампоз атандай, алып анадан жалқы туғандай
Қаныш аға болатын. Сондай ағаны мезгілсіз алған ажал соқыр
емей кім? Бұлар бізге тек қана жасы үлкен ағалар емес, өзімізді
өзімізге танытып кеткен дана жандар. Советтік қазақ елін дүние
жүзіне әйгілеп өткен ұлы адамдар.
Қарағым Ербулоным, мен қызыңқырап кетсем, сөге көрме.
Олар маған әлі ыстық, бірақ тірі күндерінде еш қайсысына
жарамсақсып жалынған жан емес едім, енді өлгенде де
табынғалы отырғам жоқ: тек шындықты шерттім, жақсы ағаны
тірі күнінде сыйлаудың керек екенін енді білдім. Ажал соқыр –
соны анық ұқтым.
Біз бақыттымыз, шырағым, сыйлай білсек солар сияқты
ағаларымыз әлі де бар: Ғабит, Ғабиден
тағысын
-
тағылар толып
жатыр. Мына мен сияқты «түстен кейін маңырамай» кезінде
сыйлай біл!
Я,
біз бақыттымыз, қазақ совет республикасын айдай әлемге
танытқан, сол ағалардан қалған мол байлықтың мұрагеріміз ғой,
–
деп Есен сөзін аяқтады.
–
Рас, бар болса, ажал соқыр екен,
–
деді Ербулон
.
Достарыңызбен бөлісу: |