"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет64/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

ЕСЕН ТО ЛҒАУЛАР Ы
 
«...Күн көзіндей жарық бар 
Ботакөздің көзінде,
Телегей
-
теңіз тарих бар 
Ботакөздің сөзінде...»
Сәбит
.
 
Бірінші әңгіме
 

Амансың ба, Бота? Адасып қалғанымызға көп жылдар өтсе 
де көзің өзгермеген екен...

Шырамытып тұрмын, жаза басам ба деген қаупым да бар. 
Жолың үлкен ғой, жөніңді өзің айтшы,

деп жымия күлді Бота.


Мен алғаш кездескенде сен де жас едің
-
ау, оған биыл 
ккәміл қырық жыл...

Аржағын айтпай
-
ақ қой, өзім де мұрныңды көргенде, дәу де 
болса сол Есен шығарсың деп едім...

Кел ендеше, Бота, қорықпасаң құшақтасып аман

дасайық,

деп, Есен екі қолым созыңқырап ілгері аттай бергенде:

Есен
-
ай, баяғы мінезің әлі қалған жоқ екен ғой, құшағыңды 
кеңірек ашсайшы!

деп күле сөйлеп, Бота қымсынбай айқаса 
кетті...
Есен мен Бота 1920 жылдан бастап Орынборда оқып еді. 
Жетісудан келген Есен үш жылдан кейін Ақмола кетті де, Бота 
Торғайда жүрді. Көп жылдарды араға салып, міне бүгін бұлар 
Алматыдағы 
Аманкелді 
Имановтың 
ескерткіші 
жанында 
ұшырасты.
279
 


Амандасып, мауқын басып болды да, ежелгі екі дос жұрттан 
шетірек барып бір орындыққа жайғасты.
Ботаның сол қолын екі алақанына салып аялап отырды да:

Мен кеш үйлендім, төрт балам бар, әлі қызмет істеймін, 
өлең оқимын,

деді Есен.

Сенің кәрі жыныңның басылмағанын мен амандасқанда
-
ақ 
білдім,
«мұрныңнан таныдым» деуім қалжыңға сүйеуім еді. 
Салған жерден көзің өзгермеген екен деп, елуден асқанда сенен 
өзге жан айтпайды. «Қорықпасаң, құшақтасайық» деу де саған 
ұқсап тұр,

деп, сылқ
-
сылқ күлді Бота.

Бір
-
екі жасы кіші 
болсам да, елуге мен де
жеттім. Өзіңнен озып та отырмын. Менің 
сегіз балам бар. «Ұлым ұяға, қызым қияға қонды». Жолдасым 
Отан соғысында
хабарсыз кетті, сол біраз қажытты, балаларға 
әке керек екен, солардың аңсауы жүдетті...

деп біраз мұңайды 
да, артынан есін жинағандай болып Есенге жалт қарады, жадырап 
сала берді: «Қазір мен –
сенермін»,

деп мырс етіп күліп 
жіберді. «Пенсионер» деген сөзді әдейі бұра сөйлеп еді.

Рас, Бота, өткен өмірдің көлеңке
жағын сөйлесек
мұңаятын 
да көп нәрсе бар шығар, бірақ, тап бүгін екеуіміз жоғалып 
табылғандай арсалаңдап, қуанып отырғанда күнгей жағын 
көбірек еске алғанымыз жөн емес пе?
«Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда
-
санда,
Сырласарлық жан керек...»
Өмірі де, өзі де әдемі, кестелі кесек сөзі де әдемі Сәкен ағаның 
осы өлеңін ұмыта аламыз ба?

дегенде, Есеннің сөзін аяқтатпай 
Бота бөліп жіберді:

Айтпақшы, Есен, сен тұра тұр, мен ұмытып қалам, осы 
Аманкелдінің ескерткішіне әрбір жексенбі сайын бір келем. 
Шынымды айтсам, сонда ең әуелі өз жолдасымды ойлап келем. 
Ол кісі Аманкелдіні көрдім деуші еді. Көз көрген қиын екен, 
біреуін ой

280
 


ласаң бәрі есіңе түседі. Сонда шаршы топқа кіріп, ұлы 
майданның додасына түскенде белі қайыспаған қажырлы Әліби, 
көркем сөздің бәсекелі бәйгесіне шапқанда суырылып озған 
Мырқымбай өмірінің айнасын бұлжытпай беріп кеткен Бейімбет, 
көсем сөздің иесі, келелі дауда ешкімге жол бермейтін айыр 
көмей –
ділмәр Мырасбек, міне менің ойыма солар
түседі, –
деп 
даусын көтере, қызыңқырай сөйледі Бота. Осы минутта сұрғылт 
көздері ұшқын шашып, жылт
-
жылт етті. Өңі кіріп, баяғы жас 
шағына қайта оралғандай еді.

Ренжімесең дауласқым келіп отыр, Бота, –
деп бастады да 
Есен 
азырақ 
аңыра 
қалды. 

Сен 
ылғи 
Қостанай, 
торғайлықтарыңды айтып өттің, осы елуден асқанша басқа 
адамдарды білмедің бе, әлде?

деп түйіле сұрау қойды, Сырты 
жайуат айтылса да, астарының ащы екенін түсінген Бота осы бір 
кезеңді жерде кідіре алмады.

Білесің бе, Есен, сен ең алғаш мені Сейтқали үйінде көрдің. 
Ол кісі Кирциктің председателі еді. Мен сені «Деевск ий 
переулокта» тұратын
Совнаркомның председателі Сәкен үйінде 
көрдім. Жақсыда жаттық жоқ, Сейтқали мені қызындай көруші 
еді де, Сәкен сені інісіндей көруші еді ғой. Тап сенің жетісулық 
екеніңді мен бүгін біліп отырмын...

деп, бір сәт мүдіре қалды 
да, сөзін тағы жалғастырды.

Мен Сәкен ағаны әлі ұмытқам 
жоқ,

деп бастады. –
Қиылған қою қара мұрт, маңдайдан тура 
түскен мінсіз қыр мұрын, күлімсірегендей қадала қарайтын 
жапарлы өткір көз, қазбауыр бұлттай әппақ, уылжыған жұмсақ 
жұмыр мойын, жүйткіген ұшқыр ой мен
нәзік сезімнің 
паналайтын алқабы тәрізді тынысы кең кеуде, бұғақты 
бұлбұлдың сом біткен мінсіз мүсіні әлі көз алдымда. Бұл әрине
менің сырттай көргенім ғой. Оның ішкі сырын жақсы білетін 
Сәбит, Ғабиттей жолдастары болмаса, жақын жүрген өзіңдей 
інілері білмесе, мен қайдан білейін. Алайда
Сейтқали

281
 


дың кейбір үзік
-
үзік сөздері есімде қалыпты. Ол кісі: «Осы Сәкен 
кейде, мейірі түссе, жылы ұшырайтын жайдары жігіт, кейде 
ызаланып түйіле қалатын долы бүркіт тәрізді... Бірақ өтірікпен 
өштесіп туған
жан, алдауды, қылтың
-
сылтыңды білмейтін, 
шындықтың шымыр белгісі... Қызмет бабында кейде келіспейді, 
үзе тартатыны да бар. Әйтеуір ойында арамдық жоқ, үкімет 
басшысы, Совнарком председателі деген орын, бұрынғы ақын 
Сәкенді әлі өзгерте алатын емес...»

деп отырушы еді. Қоңыр 
үнмен сүйсіне сөйлеп, биязы айтып отыратын осы сөздері қамшы 
болып, бері келе мен де Сәкенге арнап талай өлең жаздым ғой. 
Оларымды ешкімге көрсеткен де емеспін, міне енді оңаша саған 
ғана айтып отырмын. Қарашы өзің, оларда ауылдық, рулық салт 
бар ма еді? Солардың үлгісін көрген біз де тар шеңберден шығып 
кеттік қой,

деп түйді Бота.

Бота
-
ау, ғапу ет, қытықтай отырып шыныңды айтқыздым ғой. 
Мен өлеңді жақсы көрсем, сен ақын екенсің. Сәкен, Сейіт қали 
Меңдешевтердің ауыл шеңберінен ұзап кеткенін де дәл тауып 
айттың. Әйтпесе:
«Қызыл желдей гулеткен
Сөзді сенің қаламың.
Ұлы ұранға күй шерткен 
«Домбырасы» даланың.
Шап, жүйрігім «Тұлпарым»,
Шапсаң қуант халқыңды!
Шырқа, «Қызыл сұңқарым»,
Салшы көкте саңқылды!..
деп Жетісудың жүйрігі Жансүгіров Сәкенді өзі иеленбес еді ғ ой!
Сонсоң кейінгі жастың бірі Қасым Аманжолов та:
«...Сен ақын: «Қызыл сұңқар» қанат қаққан,
Сен ақын: «Қызыл тұлпар» өрге шапқан.
Сен ақын: «Экспресс» екпініндей,
Дүбірі дүниені солқылдатқан.
282 


Сен ақын: «Сыр сандықты» аша білген,
Сен ақын: «Сым пернені» баса білген.
Сырыңды күйге қосып, мың кұлпыртып,
Өмірге жыр ұрығын шаша білген...» –
деп, туған ағасын жырлап отыр емес пе? Ендеше, бұлар бүгін 
республикамыздың бетке ұстары. Я, Ботакөзім, менің баяғы жас 
кезімде үйренген атыммен атауыма рұқсат етерсің, өйткені 
«қорқатыныңнан»
–жар қосағыңнан ерте құтылыпсың ғой, –
деп 
әзілдей күлді Есен.

Құтылғаным рас, қорқу басыңнан кетпесін, қар

ғысым 
қабыл болсын, «аллау әкбар!»

деп, Бота бастырмалата айтқанда 
осы үннен кәрден шынының таза дыбысы естілгендей еді. Екеуі 
де әзілдесіп тағы біраз жадырасып отырды.

Сенің есіңде ме,
Ботакөз, Сәкеннің қоңыр кенеппен 
тыстаған тапал машинасы болды ғой,

деді Есен.

Я, ондай машина Сейітқалида да болды, осы екеуінен 
басқада жоқ еді. Ал,
Сәкен Орынбор ішінде көбінесе боз 
арғымақ жеккен
солқылдақ күйме мініп жүретін, –
деп, жауап 
қайырды Ботакөз.

Менің ойымша
сол Сәкен бақытты екен, Владимир 
Ильичтей данышпан әкенің өзімен бірге отырып қызмет істесті. 
Ұлы сапарда дана ұстазынан үлгі алып революциялық идеяға 
шынықты. Ал, Абай, Ыбырай, Ақан сері тәрізді ақын а ғалары 
әсерін тигізіп, ақындыққа бекінді,

деп ойын Есен түйе 
сөйлегенде, Ботакөз:

Оның рас, Сәкен бізге айтыпты ғой. Олар қызыл сарайдың 
негізін ғана қаласа, біз түгел бітіріп болдық та, ішіне кіріп 
рахаттанып отырмыз. Жер шарының үштен біріне «қызыл 
сарайды» орнатып бітіріп, Коммунист партиясы Айға да апарып 
отауын тікті. Ендеше, біз бақыттымыз, оның үстіне соларды 
көрген егде ағаларымыз әлі тірі, кәріліктің өзі бізден алыс 
тұрғандай...

Ал, Есен, мезгіл кешке айналды, көптен көріспей кездестік 
қой. Әңгімең қызықтырып тұр, өзің қорықпасаң менің қымсынар 
түрім жоғын байқадың 
283
 


білем. Егер қолың тисе, ендігі әңгімені балаларымыз да естісін, 
жүр, біздің үйге барайық,
онда кең отырып әңгімелесейік, –
деді 
Ботакөз.
Екеуі қолтықтасып «Мир» көшесімен жоғары өрледі.
* * * 
Ботакөз бен Есен үйге кіріп келгенде сұр вельветка киген, тар 
балақ шалбарлы, сида бойлы, шашы үрпиген жас жігіт:

Мама, мен бүгін драмтеатрға екі билет алдым, шай қайнап 
тұр, сағат сегізде басталады, кешігіп қалмайық, асығыңызшы...

дегенде Ботакөз Есенге бұрылып:

Міне, танысыңыз, Есен, 1943 жылы жарық көрген ең соңғы 
романым. Құлыншағым, Ербулон
-
ау, сен үлкен кісіге неге қол 
беріп амандаспайсың? Бұл Есен, әкеңнің жолдасы, Отан 
соғысында бірге болған кісі,

деді.
Ербулон қысыла жымиып, Есенге екі қолын бергенде:

Бақытты бол, шырағым, атың қандай әдемі, театрда не 
қойылмақ екен?

деп балаға таяна сөйледі Есен.

Гамлет...
Қонағын жоғарғы үйге кіргізіп, Ботакөз даяр столға шай жасай 
бастады.

Әттеген
-
ай, билет алып қойғаның жарамаған екен, қонақ 
келіп қалды, мен бара алмаспын...

Мама
-
ау, Гамлет қой...

Шырағым, мен бүгін төл Гамлетіміздің әңгімесін 
тыңдамақпын. Шекспирдің Гамлетін талай көргем, өзің бара ғой,

деді Ботакөз.
Бала шығып кеткеннен кейін, қонағына бұрылып:

Бұл баламның атын әкесі хат арқылы қойып еді. «Ербулон» 
деген сөздің әрбір әрпінде мағына бар. Бұл Белоруссия, Украина, 
Ленинград облысы, Недич (қала) деген сөздердің бастап қы 
әріптерінен құралады. Фашистерден осы айтылған жерлерді 
Қызыл Армия 
284
 


құтқарып алған күні Ербулон дүниеге келіпті. Бала туғаннан 
кейін бір ай өткен соң, әлгі хатты алдық та, сонда барып атын 
қойып едік,

деп, езуін тартты Ботакөз.

Мен Еркебұлан екен десем...

Сәкеннің Еркебұланын айтасың ғой, жүрегімізде сол тұрғаны 
да рас, екінші жағынан мына тарихи себеп күшті әсерін тигізді. 
Әркім қалағанын алар, Ербулоным тірі болса, бәріне де төтеп 
береді,

деп, шын мейірбан аналық сезімін білдірді Ботакөз.
«...Аяныш емес ердің қара басы,
Аяныш емес және жар
-
жолдасы.
Дүниеде ең аяныш естен кетпес
Тамшылап сорлы ананың аққан жасы...»
дегенде Сәкен сені айтқан екен
-
ау! Саған бүгін Отан үшін 
құрбандыққа барған еріңді ұмыттырып отырған осы Ербулоның 
емес пе? Соның табанына қадалған шөгір өз маңдайыңа қадалса 
да, ренжімес едің ғой, ә?! –
дегенде:

Бұл рас, бірақ Сәкен тек мені ғана ойлаған жоқ, дүниедегі 
барлық ананың тағдырын жырлаған ақын. Осы өлеңін ол 1919
жылы Колчактың абақтысында жүріп жазыпты... Білген, білген 
ол!.. –
деді Ботакөз.
Сағынысқан екі дос, егде тартқанда ұшырасып ақтарыла 
әңгімелесті. Біріне
бірі сандықтың түбінде сақтаулы жатқан 
жібектің қиқымындай құлпырып көрінді. Жастық шақтың әуенд і 
күйі ұлғайған тамырларды қайта тербеткендей болды. Көптен 
бері тотығып тоқыраған көңіл осы сәтте көтеріле бір серпілді де, 
желпіне жаңғырықты.

Мінезі де сом еді
-
ау Сәкеннің! Әлі есімде, енді мен саған 
жадымда қалған екі әңгімені айтайыншы,

деп бастады Есен,
сен де ұмытпаған шығарсың. Сәкен 1922 жылдың басына н 1924 
жылдың аяғына дейін Совнаркомның председателі болды ғой. 
Талай қызықтар бар, бәріне бірдей уақыт та жетпес, кешігіп те 
қалармын. Ұлық болғанда тасып төгілмеген, түсіп
285 


1
Белбеулі сырт көйлек.
қалғанда қамығып қабағын шытпаған жан Сәкен еді
-
ау! Өзінен 
төменге қайқаңдамайтын, орны жоғарыға байпаңдамайтын нағыз 
адам сол! Адал дос болса одан айырылысу, не оған жәбір жасап 
ренжіту дегенді білмеді. Қызметтен түсіп кішірейіңкіреп қ алған 
күнде де ол жолдасына бұрынғыдан бетер жақындап, именбей 
ақтарыла сырласатын жан еді...
1923 жылы Қызылжар келді. «Совнарком келе жатыр, 
Совнарком Сәкен Сейф уллин келе жатыр» дегенді естігенде 
Қызылжар теңселді. Алдынан шықпаған жан қалмады. Поезд 
онда мезгілінде келе бермейді. Иін тірескен халық вокзалды екі 
күн күзетті. Әрбір кеңсенің өз тізімі бар, арнаулы адамдары 
болады, олар алда жүреді. Губерниялық милиция бастығы 
Шәріпжан Тотаев тәртіпті
күзетеді. Осы қарбаласта сол 
Тотаевтың аяғы сынып
 
та қала жаздады. Ол Сәкенді жақсы көрді 
ме, жоқ Совнарком деген атына сыйды ма, ол арасы маған 
белгісіз, әйтеуір мертігуі рас.
Оқып жүрген жас кезім, мені кім елейді, екі күндей вокзалдың 
маңайына да бара алмадым...
Екі
-
үш күннен кейін Сәкенді мен Әлімбек Еркіновтың үйінде 
көрдім. Бұл Әлімбек жер бөлімінде істейтін ұсақ қызметкер. 
Алдынан шыққан елеулі тізімнің ішінде де жоқ. Алдынан 
шығуды ол ойлаған да кісі емес. Мен сол үйде жатып оқимын...
Үстінде қара барқыт «толcтовкасы
1
» бар, шашын иір қобыздап 
қайырған, қою қара мұртты –
өзіміз Орынборда көрген баяғы 
Сәкен. Енді шынымды айтайыншы, елдің екі күндей дүрлігуіне 
қарағанда Сәкен өзгеріп кеткен шығар десем керек.
Қасына отырғызып, арқамнан сипады да, қалай
оқып 
жүргенімді Әлімбектен сұрастыра бастады. Мені осында 
жіберуінің себебін түсіндіре сөйледі.
286 


Біраздан кейін Әлімбек екеуі Ақмолада жас кездерінде болған 
бір қызық уақиғаларды шертісіп, күлісіп отырды.
Аздан соң ақсаңдай басып Шәріпжан кірді. Жесір кемпір 
Парашаның үйі –
Әлімбектің пәтері. Аядай төргі үйінде кішірек 
стол, оң
жағында бұрышқа ілінген «Айсаның» суреті. Ауыз үйде 
Параша екеуіміз жатамыз, төргі үйдегі кроватта Әлімбек 
әйелімен жатады.
Міне, Сәкен осы төргі бөлмеде отыр.

Әй, Әлімбек, мынауың не?

деді Шәріпжан «Айсаның» 
суретіне үңіле қарап.

Бұл ма, бұл Айса пайғамбардың суреті, біздің Парашаның 
сыйынатын құдайы ғой,

деді Әлімбек жымия күліп. 
Шәріпжанның түсі суып сала берді, шын күйініп отырған кісіше 
кіжіне сөйледі.

Мұсылман құдайын құрта алмай жүргенде, сен енді 
«крестиян» құдайына табынып, бас жағыңа іліп қойғаның қалай? 
Оқыған адамсың... –
деді Шәріпжан алқымдай сөйлеп, біресе 
Айсаға, біресе Әлімбекке қарап қойды. Үстінде сары ала 
милиция киімі, белінде «алты атары» бар, қожаң
-
қожаң етеді. 
Сәкенге төрелете қарап
қояды. Дүниеде толып жатқан діндер 
бар, соларға қарсы болудан бұрын жете білу керек екенін 
Әлімбек те айтып көріп еді, оған Шәріпжан ұйымады. Сәкен 
тыңдай берді.
Дау кішкене толастаған кезде:

Коммунист болу, жалғыз ғана құдайды жоқ деуде емес қой, 
оны жоқ деу үшін білу керек. Владимир Ильич Москвада тұр, 
сондағы ескі шеркеулер әлі бар. Солардың бәрін өртеп жіберу бір 
күннің ісі, көп ақыл да керек емес. Ал, күлл і Россия ше? Оның 
ғасырлап бойына сіңген сана
-
сезімі бір күнде жойыла ма? 
Көшеде, әне жүгіріп жүрген баланың қолында кәмпиті бар, сен 
милицияның начальнигісің, барып сұрашы саған ол бала 
кәмпитін бермейді. Ал енді, сен оның қолына шоколад ұсыншы, 
ана кәмпитін өзі лақтырып жібереді де шоколадты 
287
 


алады. Міне, дін мәселесі осындай. Әлімбектің осы суретті 
сүйреп тастауға әлі келеді, кемпір түгіл бұл Әлімбек сенен де 
күшті! Бірақ, осы Қызылжардағы басқа үйлерде тұрған 
суреттерге не істер еді? Олар құрымайды ғой. Сонда Әлімбектің 
бітіретіні халықтың наразылығын күшейт у болады. Бұл 
Коммунист партиясының саясатына қарсы «ақымақ достықтан» 
туған қастық болып шығады,

деді Сәкен. Шәріпжан құлаққа 
ұрған танадай болды. Сөздің ішкі мәнісінен көрі, кімнің аузынан 
шыққанын ол жақсы аңғара білуші еді. Жылдам түсінді. 
Сәкеннің баяу айтқан осы бір сөзі жүрегімде қалды.
Екінші көруім, 1925 жылы Қызылжар бақшасының жанындағы 
Ярулиннің үйінде. Сәкен Совнаркомнан түсіп, Бурабайда 
демалып, Қызылордаға
қайтып бара жатыр екен. Милиция 
начальнигі Тотаевтің үйінде отыр едім. Күн жексенбі, сағат он 
екі кезі. Шытыралы шылиясы бар, есік пен төрдей қарагер ат 
жеккен сол

қылдақ күймемен келіп түсті де, Тотаев маған 
қарап:

Шырағым Есен, сен барып Сәкенді қонаққа шақыршы! 
Ұзақпай, Жағыпар, Нұрғалилер кәзір осында келеді, солармен 
бірге болсын!

деді. Ағаның сөзін екі етпей, жүріп кеттім...
Делбешіні есік алдына тастап, мен үйге сәлем бере кірдім. Оң 
аяғын сол тізесіне айқара салып, шалқия отырған Сәкен ілге рі 
ұмтыла көтеріліп, менің ұсынған қолымды алды да, қасындағы 
орындықты нұсқады.

Сен орысша оқығалы бірталай болды, әлі күнге Европа 
мәдениетіне үйренбепсің. Біздің ескі ғұрып бойынша үлкенге 
кіші қолын береді, ал мына Европа елінде кішіге үлкен қолын 
ұсынады. Мысалы, мен қазір сенің қолыңды алмай қойсам қайтер 
едің?... Ал, елдегі шалдарға біз өзіміз сәлем береміз, олай 
істеуіміз жөн, сол ортадан шықтық, үзе тартуға болмайды. Бір 
күнде барлық мәдениет, салт
-
сана жаңғырып қалыптаса да 
қоймайды,

деп, Сәкен кідіре қалды. Бойы талдырмаш,
аққұба 
әдемі қыз Сәкеннің
288 


қарсы алдында отыр екен, енді ол сол қызға қарай бұрылып 
орысша сөйлеп кетті, заты, мені таныстырып жатыр
-
ау деймін.

Тыста кім бар?

деді Сәкен өзін қонаққа шақыра келгенімді 
білген кезде.
Шай құйып отырған қызға делбешіні үйге кіргіз дегендей 
ишарат істеді. Делбеші келіп менің қасыма жайғаса бергенде, 
әлгі қызға виноның аузын ашқызып, делбеші алдына қойдырды. 
Үйіне келген кісіге Сәкеннің арақ құйып бергенін, не өзінің 
ішкенін көрген емеспін.
Осыдан кейін Сәкеннің бізде жұмысы болған жоқ. Әлгі ақ сұр 
қызбен бір ұзынсүре әңгімеге кірді де кетті. Жас шақтағы 
естіген сөз, көрген кескін ұмытылмаса керек. Сол сұлудың 
үлбіреген жалаңаш мойынында алтын алқасы бар, киген көйлегі 
«декольте». Төңкеріле қарап құйқылжып та отырған жоқ, тойған 
қозыдай маңғаз, бұғақты сұлу айналасына елеусіз көз тастайды. 
Ол өзі бөгде бір қалың ойға шомғандай томсаруда. Алайда, 
көлденең кезігіп отырған маған сол ару:
Мүшесі ақ бөкеннің жүйрігіндей,
Тұңғиық сыры судың иіріміндей.
Аппақ ет, алқызыл бет, тісі меруерт,
Саусағы жас қоғаның сүйрігіндей.
Жұқа ерін сүттің тәтті қаймағындай,
Ауызы зерігердің оймағындай,
Алқымы аппақ аққу мамығындай,
Құлпырған көркі жаздың сағымындай...
көрінді. Артық
-
кемі жоқ маған осылай әсер етті.
Бұйымтайымызды айтып болғаннан кейін, біз енді Сәкеннің 
қашан баратынын күте бердік. Жауабын алмай кете алмадық, 
ескертуге бата алмадық.
Сағат тура бесті соққанда қыз да, Сәкен де орнынан тұрды. 
Далаға шыққанда маған қарады, сол кезде мен Сәкенге қарадым. 
Ойымызды бет
-
бейнемізден түсінген Сәкен:
10

2462 
289 



Ал, қайта беріңдер, бақшаға кетті деп айта барыңдар! –
деді де, ағаш тротуарды қара ала таяғымен тықылдата түртіп 
сұлудың соңынан жүріп берді...
Арада екі
-
үш күн өткен соң мен Сәкенді Әлімбек үйінде тағы 
көрдім.
Шақырмай
-
ақ өзі жалғыз келді. Сонда әңгімелесіп отырып 
Әлімбек:

Сәкен
-
ау, мұның
қалай, әдейі шақырғанда Шәріпжан үйіне 
бармауың дұрыс емес қой; ол аңғал жігіт арамдық қолынан 
келмейтін бір жақсы адам емес пе? Маған оның ақымақтығы
да 
ұнайды, өйткені өтірік айтпайды,

дегенде:

Оның рас, ақ көңілдігі маған да ұнайды, бірақ үлкенге 
табынғыш, өте жарамсақ жан. Былтыр мен келгенде алдымнан 
шығам деп аяғын қиратқан Шәріпжан, биыл мені шақыртып 
мына қаршадай баланы жіберіпті. Ендеше, ол былтыр 
Совнаркомды сыйлаған, ал биыл мен Совнарком емеспін. бірақ 
Сәкен екенім өзгерген жоқ. Ендеше, ол ит неге өзге ре қалды? 
Менің ойымша, ол ұлық болсаң шыр айналып алды
-
артыңды 
орап жүргізбейтін соқыр тауық.
Шырқ айналар шіркін тауық
Жемің болса қолыңда
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама,
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама...
Я, Әлімбек, сол жем
іздеген тауықтың нағыз өзі Шәріпжан!

деді Сәкен. Осы минутта қынжыла қалған Сәкеннің сұрғылт 
кескіні әлі қарсы алдымда тұрғандай...
Есен сөзін бітіргенде...

Өлеңді тек оқып қана қоймайсың өзің де ақынсың ғой 
деймін. Қыздың бейнесін жеткізіп
-
ақ айттың
-
ау! Сен Галинаны 
суреттеп отырсың, ол ақылды да, кескінді де адам еді. Сыртынан 
талай жігіттер өліп

290
 


тірілгенде Сәкен оған жолдас деп қарады. Соңынан Галина 
Мәскеуге оқуға кетті, –
деді Бота. –
Шіркін
-
ай, Сәкеннің мінезі 
де сом еді
-
ау! Совнаркомнан түскенде де ренжімегенін білуші 
едім, оның кесек мінезіне дұшпандары да сүйсіне тін. Ал, мына 
Шәріпжанның доғал қылығы ақынның нәзік сезіміне қатты қаяу 
салған екен. Сәкеннің тағы бір оқша у жері, ол кейіпкерді 
алыстан іздемеген ғой...

Я, осы сөзің рас, әлгі айтылған өлең «Сыр сандық

тың» 
кейіпкері осы Шәріпжан,

деп бекітті Есен,

Сәкен атын 
атамай
-
ақ жеткізген екен. Осы күні сіздер бірдеңе жазатын 
болсаңыздар творчестволық командировка аласыздар, ал 
Сәкеннің бар өмірі творчестволық командировка ғой. Сіздер
қойшының басына обязательно тымақ кигізесіздер. Шын өмірде 
қойшылар қазір шляпа киіп жүр. Әңгіме киімде ме? Мысалы, 
Сәкеннің 
Айшасына 
Толстойдың 
Наташасының 
киімін 
кигізіңізші, бәрібір ол Наташа болмайды. Шолоховтың 
Аксиньясын қалай киіндірсең де ол не Наташаға, не Айшаға 
ұқсамас еді ғой. Міне, жаңалық сөз! Ал, жазушының біреуі 
өзіңсің, сіздер қалай жазасыздар?

деп тік сұрақ қойды Есен.

Біз әліміз келгенше жаңалыққа ұмтыламыз. Жастар 
еліктейтін жағымды кейіпкер іздейміз. Үлгі ет іп тартуымыз, 
тәрбиелеуіміз керек,

деп жауап қайырды Ботакөз.

Я, сіздер іздейсіздер, ойларыңызда арамдық жоқ, бұған 
сенем, бірақ сіздер көбінесе мезгіл шындығын әдемілеп айнаға 
түсірудің
орнына, құрғақ қиялдарыңызды шынайы өмірге 
айналдырғыларыңыз келеді, сондықтан сағымдай әдемі бұлдыр 
келешекте, ұлы ұрым
-
бұтаққа нақыл үйретесіздер. Міне, гәп 
осында. Ал, Сәкендердің жазғаны уақыт шындығы, көрген
-
білген өмір кұбылысы, тарихи кезең. Сол Сәкен суреттеген ұлы 
дәуір өмір бойы өлмейді, ендеше соны айнаға түсірген еңбек те 
еш болмас,

деп қыза сөйледі Есен.
10*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет