та отырады. Өмірдің қитырқосын жетік білген шораяқтар ғой, бір
ауыз сөзін мыңға балап айта алады. Бірақ сұлу сыртына
әуестенбей, ішкі сырын ұғалықшы, жылтырағанның бәрі алтын
емес
-
ау, сірә!..
–
Есіңде болсын, қалқам, ақылдың да, ардың да иесі кедей
сорлылар, олар өмірдің ыстық
-
суығын жетік біледі, неше түрлі
нақылдарды да солар тудырған ғой, міне сондай сұңғыла жандар
өлсе атаусыз кетті
-
ау, ал содырлы сотқар байдың біреуі өлсе ұлы
думан ас
беріледі, елдің аузында қалады, менің шымбайыма осы
батады,
–
деп ауыр күрсінді қарт Мұхаммедия.
Арналы тарланның ырғақты үні, ойлы сөзі мені салған жерден
билеп әкетті. Үнсіз тыңдай
бердім.
–
Бүгін мен де сені ежелгі сүрлеуге салып көрейін; балам,
керегін өзің таңдап ала бер,
–
деп бір жымиып қойды қарт.
–
Өзіңе мәлім, Мұхтар ағаң суреттегендей,
Тобықты Бөжей
асын Қазбалада –
Шыңғыстау баурайында берді. Сонда жер
қайысқан топ
жиналды, май сайдан ақты. Сойылған малдың ұшы
-
қиыры жоқ. Желінбеген ет, ішілмеген қымыз қалмады.
Әр атаның ұлы осы асқа өз сыбағаларын әкеп жатыр. Бір атадан
келіп Құнанбайдың Абайы да он үй тіктірді, сол он үйге түсетін
қонағына арнап он ақ байтал, қысырдың бес тайы, жиырма қой
сойдырды, соның ішінен он қойды
Абайдың туған шешесі Ұлжан
үйттіріп, екі кебеже сүрді араластырды. Басқалармен бәсекеге
түскенде Абайдың талайы асты.
«Бөжей асына Карқаралының Арғыны, Жетісудың Жалайыры,
Семіз Найманы, Ылдидың
Уақ Бурасы, Дағандының Керейі бар,
талай үлкен рулар келді...»
«Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс
ертоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер
бастарына тегіс жібек
орамал байлапты, Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан
алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей
болады».
9
—
2462
Достарыңызбен бөлісу: