Менің педагогикалық философиям



Дата07.02.2022
өлшемі14,06 Kb.
#90237
Байланысты:
Менің педагогикалық философиям


Менің педагогикалық философиям
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

Осынау өлең жолдарында айтылғандай, мен бақытымды осы ұстаздық жолда таптым деп санаймын. Оқу-ағарту саласында 24 жыл еңбек етіп келемін. Мұғалім болу өзіндік қиындығы мен қызығы мол мамандық, жауапкершілікті талап етеді. Әрине әр мамандықтың өзіндік қиындығы мен өз қызығы бар, бірақ маған балалармен жұмыс жасаған өте ұнайды, себебі үнемі ізденіс үстінде болып, бірге қатысып, жетістіктеріне бірге қуанып, шаттанасың. Осы мамандықты таңдауда себепкер болған әрине өз мұғалімім әрі сынып жетекшім Сулейменова Орынбасар апай болатын. Біраз жылдар өтсе де шәкірт жүрегіне жол таба білген апайдың әрбір сабағы, әрбір айтқан тәрбиелік сөздері әлі есімде. Еліктеп өскен көптеген түлектер оның ішінде мен де мұғалімдік мамандықты таңдаған болатынбыз.


Менің өмірлік қағидам ешқашан қадір-қасиетімді жоғалтпау, еліктеуге болатындай тұлға болу. Балаларды жақсы көру, өзім жұмыс істейтін мектебімді жақсы көру, білім саласындағы жаңалықтарға құлағым түрік жүру, жұмысымда кез-келген нәрсені сөзбен емес іспен дәлелдеу.
Математика мектептегі басқа пәндерді оқытуда жетекші пән болып табылады, бәріне бірдей беріле бермейді. Оны қиынсынатын оқушылар математикалық амал-ережелерін игере алмағандар, немқұрайлы қарайтындар. Қай пән мұғалімі болмасын, алдына қойған негізгі мақсаты оқушыларға сапалы білім беру. Ол үшін ең бірінші оқушыларды пәнге қызықтыра білу керек, білімге деген көзқарасын қалыптастыру қажет. Оқушылардың біліктілігін оқу материалын тек қабылдауы мен есте сақтауы ғана емес, олардың өзіндік іс-әрекеттері арқылы, өз бетінше жұмыс жасап есептерді өздері шеше алатын дәрежеге жеткізу және өз бетінше ізденуге үйрету. Оқушы алған білімін өзі практикада қолдана білсе, өзіне деген сенімі мен білімге деген құштарлығы артады. Қазіргі таңда компьютерлерді, электронды оқулықтарды, интерактивті тақталарды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұл сабақта оқушылардың белсенділігін ғана арттырып қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуге жағдай жасайды. Заман ағымына сай сабақта жаңа технологияларды тиімді қолдана білу керек. Ол үшін мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет.
Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А. Байтұрсынов: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі – бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да - қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек », -деп жазады.
Сабақтарымда деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқыту технологиясын оның ішінде Эдвард Де Бононың «Ойдың алты қалпағы», «Венн диаграммасы», «Жұппен, топпен, жеке жұмыс» стратегияларын қолданамын және бұл әдіс-тәсіл элементтері оқушылардың ойлау қабілетінің артуына, алған білімдерінің бекуіне, өз ойын ашық айтуға, белсенділігіне, қызығушылықтарының артуына септігін тигізіп жүргеніне көзім жетті. Жаңа технологиялармен сабақ өту оқушыны жүйелі жұмыс істеуіне толықтай мүмкіндік берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет