Жоспар: I. Таныстыру (ұран, төсбелгі)



Дата31.01.2018
өлшемі144,16 Kb.
#36450
Интеллектуалдық сайыстың мақсаты: оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, танымдық деңгейін көтеру, ұйымшылдыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жоспар:

  • I. Таныстыру (ұран, төсбелгі)

  • II. Жорға. ( сұрақ-жауап)

  • III. Жанды табло

  • IV. Химиялық лото

  • V. Есептер додасы (есептер шығару)

  • VI. Кім зерек?

  • VII. Мықты болсаң тауып көр

  • VIII. Химик-сараман

Жүргізуші:

Дармштад гимназиясының директоры болашақ мамандығы жайлы Юстус Либихтен сұрағанда «Менің химик болғым келеді» деп жауап беріпті. Оған жиналғандар, мұғалімдер мен гимназистер біраз уақыт күліп жүріпті. Неліктен? Себебі ол кездерде Германияда және т.б. елдерде бұл мамандыққа аса көңіл бөлмеген, олар химияны жаратылыстану ғылымының қолданбалы бөлігіне жатқызған және де заттар туралы көзқарас қалыптасқанмен практикалық жағы әлі де жеткілікті дәрежеде емес еді.

Ал қазір ше? Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді.

Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп орынды айтылған.

Жүргізуші:

Химия – ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз – нұр сәулет.
Аялдама, алға ұмтыл,

Құдіретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой.


Сонымен, қазылар алқасын таныстырып өтейік: колледж әдістемелік кабинет меңгерушісі Зауреш Мұхамеджановна Жакупова, ...

Құрметті 1 курс, қаржы-01, 02 топ оқушыларынан тұратын ойыншыларымызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.


Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


Сайысқа түсуші 2 топқа сабырлылық пен жеңіс тілей отырып, ойын шарттарымен таныстырайық.:

1-топ: «Жас химик»;

2-топ: «Алтын»

Әр сайыстан кейін қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.



  1. Таныстыру .

Топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісі мен ұранын таныстырады.

Ұраны:


  1. Жорға.

Ең қиыны сайыстың жорға келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.



Бұл бөлімде әр топқа сұрақтар беріледі, 1 минуттың ішінде мүдірмей жауап беру керек. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.

1-топқа:

  1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. (атом)

  2. Ең жеңіл металл. Литий

  3. Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы. 23

  4. Реттік нөмірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент. Калий.

  5. Қандай металл адманың қолында балқиды?

Цезий. Б.т 28,5.

  1. Менделеев өз мұғалімдерінің ішінен кімді «Орыс химиясының атасы» деп атады? Воскресенскийді Александр Абрамович.

  2. Қандай химиялық элемент сарымсақ иісті? Таза ақ фосфор

  3. Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл бар? Тұз қышқылы.

  4. Қандай элемент қазақ тіліне аударғанда сасық деп аталады? Бром - бромос-грек тілінен қазақ тіліне аударғанда сасық, қызыл-қоңыр түсті, ауыр сұйық зат.

  5. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. Иод

  6. Азот қышқылының формуласы НNO3

  7. Сұйық металл. Сынап

  8. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды? Көміртек

  9. Патша сұйығы деген не? 1 көлем азот қышқылы мен 3 көлем тұз қышқылының қоспасы

  10. Қандай су дем алудан лайланады? Ізбес суы, бром суы түтік арқылы үрлегенде лайланады

  11. Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. Ковалентті полюссіз

  12. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? Силикаттар

  13. Ең ауыр металл. Осмий

  14. Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? 21 %

  15. Металдардың бұзылуы. Коррозия

  16. Периодтық жүйені жасаған кім? Менделеев

  17. Марганцовка формуласы. КMnO4

  18. Фенолфталеин, метилоранж, лакмус. Индикатор

  19. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? Бекетов Н.Н.

  20. Ас содасының формуласы NaHCO3

2-топқа:

  1. Галогендер немесе тұз түзушілер

  2. Ас тұзы (NaCl)

  3. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым. (М.В.Ломоносов)

  4. Сұйық металл. (сынап)

  5. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі (молекула)

  6. Консерві қалбыры қандай металдан жасалады? (қалайы)

  7. Сақар деген не К2СО3 – калий карбонатының техникалық атауы

  8. Иіс газы деген не? (СО-көміртек (II) оксиді)

  9. Қандай қышқылда алтын ериді? (селен қышқылында)

  10. Ең қатты металл. (хром)

  11. «Фосфор» деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)

  12. Гидроксоний ионы (Н3О+)

  13. Ең алғаш белгілі болған элемент. (алтын)

  14. Қанның құрамына кіретін элемент. (темір)

  15. Құрамында алюминий бар минерал. (боксит)

  16. Ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. (изотоптар)

  17. Алмаздағы кристалдық тор типі . (атомдық)

  18. Иондар арасындағы химиялық байланыс. (иондық)

  19. Зарядталған бөлшектер. (иондар)

  20. Натрий селитрасы формуласы (NaNO3)

  21. Тұз қышқылының тұздары. (хлоридтер)

  22. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі. (моль)

  23. Металдың фосформен қосылысы. (фосфид)

  24. Кристалл түріндегі су. (қар)

  25. Теріс зарядты бөлшек (анион)

3. Жанды табло. Сұрақтар беріледі. Элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай жауапқа 5 ұпай.

1-топқа:

1. Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай?

(Натрий хлориді

Хлорид натрия

Натрий хлоридиум)



2. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургия наны

Темір
Железо
Феррум

3. Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға қолданады. (қорғасын, свинец, плюмбум)



4. Өзі жылтыр күмістей,

Жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар.

Алюминий

Алюминиум


2-топқа:

1. Сүйекті қаптайтын элемент

Кальций
Кальций


Кальциум

2. Нені періште көрсе жолдан таяды?

Алтын
Золото


Аурум

3. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді.

Күміс

Серебро


Аргентиум

4. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

Күкірт

Сера


Сульфур

5. Химиялық лото. «Металдардың химиялық қасиеттеріне негізделген лото ойыны». Ойын картасында заттардың берілгені және реакциялардың шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп, коэффициенттерін қойыңдар. Дұрыс тапсырмаға 30 ұпай. 3 минут уақыт беріледі.

1-топқа:

Cu2O+H2 → 2Cu+H 2O

t

Cu(OH)2 → CuO+H2O


4Fe(OH)2 ↓+O2 +2H2O→4Fe(ОН)3
4Fe+4НNO3сұй → Fe(NO3)3 +NO+2H2O
2-топқа:

SiO2 +4HF→SiF4 ↑+2H2O


16HCl+2KMnO4 →2MnCl2 +2KCl+5Cl2 +8H2O
Na2CO3+2HNO3 →2NaNO3+H2O+CO2
Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.

     


6. Есептер додасы. Дұрыс орындалған есепке 10 ұпай. Есепті шешуге 5 минут уақыт беріледі.

1-топқа:

Егер сутектің шығымы теория жүзіндегімен салыстырғанда 90% сәйкес болса, массасы 2,7 г алюминий сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп қанша литр (қ.ж.) сутек газын бөледі?

Берілгені: Шешімі:

m(Al) =2,7г 1.Өнімнің зат мөлшерін табамыз

ɳ (H2) =90% m=M·ν, ν (Al) = m / M = 2.7/27 = 0.1 моль

Т/к: V(H2) 2. Реакция теңдеуін жазып, бөлінетін сутектің зат мөлшерін табады

0.1 моль х, моль

2Al + 3H2SO4 = Al2 (SO4) + 3H2

2/0,1 = x/3, x = 0,15 моль H2.

3. Теория жүзіндегі өнімнің көлемі.

V(H2) теор. = Vm · ν = 22,4 л/моль · 0,15 моль = 3,36 л.

4. Іс жүзіндегі өнімнің көлемі.

V(H2)пр. = ɳ · V теор. / 100% = 90 · 3,36 л.

ɳ пр.өнім = V(H2)пр. / V(H2)теор. ·100% = 3,02 / 3,36 · 100% = 89,88%



2-топқа:

Массасы 1,7г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде массасы 5г аммоний хлориді түзілген. Бұл алынған өнім теория жүзіндегімен салыстырғанда қанша массалық үлеске сәйкес екенін есептеңіздер.



Берілгені: Шешуі:

m (NH3) = 1,7 г 1. Реагенттің зат мөлшерін табамыз:

mпр. (NH4Cl) = 5г ν (NH4Cl) = m/M; ν(NH4Cl) = 1,7 / 17 = моль.

Т/к: ɳпр. (NH4Cl) - ? 2. Тиісті реакция теңдеуін жазып, теориялық өнімнің массасын табады. Ол химиялық теңдеу бойынша есептеледі.

X, моль

NH3 / 1моль + HCl = NH4Cl / 1моль ν (NH3) = ν (NH4Cl)



демек, ν (NH4Cl) = 0,1 моль

Массасын тапсақ, m(NH4Cl) = ν · M = 0,1 моль · 53,5 г/ моль = 5,35 г.

3. Іс жүзіндегі (пр.) шығатын өнім:

ɳпр.өнім = m (іс жүзінде) / m (теориялық) · 100% = 5г / 5,35г · 100% = 93,4%.



Көрермендерге сұрақтар:

  1. Күнделікті тұрмыста алтыннан жасалған сәндік бұйымдарға қандай зат әсер етеді?

Не себепті? Сынап әсер етеді, өйткені сынап пен алтын амальгама деп аталатын қосылыс түзіп кетеді.

2. Қай ғалым сыйлық ретінде 1 грамм металл алған? 1921 жылы М.Кюриге радийдің 1 грамы сыйлық ретінде берілген.

3. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар? Ауадағы NО2, SO2, SO3 газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі.

4. «Түссіз көмір», «сары көмір», «жасыл көмір», «көк көмір», «көгілдір көмір», «қызыл көмір» деп нені айтамыз?

Түссіз көмір-газ, сары көмір-күн энергиясы, жасыл көмір-өсімдік отыны, көк көмір-теңіз суының энергиясы, көгілдір көмір-желдің қозғаушы күші, қызыл көмір-жанартаудың энергиясы.


  1. Кім зерек. Дұрыс орындалған тапсырмаға 40 ұпай. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

1-топқа:

  1. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? (Калий)

  2. Айналымды жүзеге асыр: NH4Cl → NH3→ NO→ NO2→ HNO3→ NO2

1. 2NH4Cl+Са(ОН) 2→ 2NH3 + СаCl2 + 2 H2O

2. 4NH3 +5 O2 →4NO+ 6 H2O

3. 2 NO+ O2→ NO2

4. NO2 + O2 +2 H2O→4 HNO3

5. 4HNO3+Cu→Cu (NO3) 2+2 NO2+ 2H2O


2-топқа:

1. Қандай химиялық элемент өмір мен ой элементі деп аталады? (фосфор)

2. Айналымды жүзеге асыр: P→ Ca3P2→ PH3→ H3PO4→ Na3PO4→ Ca3(PO4)2

t

1. 2P+3Са→ Ca3P2



2. Ca3P2+6HCl→3СаCl2+2PH3

3. PH3+ 2O2→ H3PO4

4. H3PO4+3NaОН→ Na3PO4+3H2O

5. Na3PO4+3 СаCl2→ Ca3(PO4)2+6NaCl


Көрермендерге сұрақтар:

1. Химиялық таңбалардың алдына қойылатын сан немесе цифр (коэффициент)

2. Адам мен жануардан бөлінеді

Өсімдіктің торына ілігеді (СО2)

3. Мыстың латынша аты (купрум)

4. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды

Өзін оттектің үш атомы құрайды (озон)

5. Тамақ өнеркәсібінде темірмен байыту үшін қай азық-түлік түріне темір қосылады (ұн)

6. Теңіз балдырлары құрамында болатын химиялық элемент (иод)

7. Хлордың сынаппен қандай қосылысы ең күшті у болып табылады? (Сулема – медицинада дезинфекциялағыш зат ретінде қолданады)

8. Түсі де жоқ, көрінетін тұманды,

Иісі де жоқ көңіл ашар ұнамды.

Көңілдеткіш қандай газды білесің,

Қасиетін осының кім ұға алды? (NO2 қосылысы)

9. Кейде тас тілген болаттан да,

Кейде жұмсақ қолға алсаң, қалады таңба.

Бар ма элемент осындай табиғатта,

Аташы тағы ойланып ұзақ таңға (көміртегінің түр өзгерісі- алмаз бен графит).



8. Мықты болсаң тауып көр. Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қойылады. Экранда сандар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әр дұрыс жауапқа торкөздегі сан мөлшерінде ұпай қосылады.

Периодтық жүйе 10

Алтыншы периодта неше элемент орналасқан? (32 элемент)



Периодтық жүйе 20

VI периодта реттік нөмірлері 90-103-ке дейінгі 14 элемент қалай аталады? (актиноидтар)



Периодтық жүйе 30

I, II және III периодтар ........ қатардан тұрады және ......периодтар деп аталады



Периодтық жүйе 40

Тігінен орналасқан элементтер қатары ....... деп аталады.


Химиялық байланыс 10

Коваленттік байланыс дегеніміз ........

(ядролар арасында молекулалық бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі)
Химиялық байланыс 20

Металдық байланыс дегеніміз.........

(металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланыс)

Химиялық байланыс 30

Сутектік байланыс дегеніміз ............

(бір молекуладағы оң полюсті сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек, азот атомы арасында түзілетін ерекше байланыс)

Химиялық байланыс 40

Донорлы-акцепторлы механизм қай байланысқа жатады және мәні қандай?

(ковалентті байланыс донорлы-акцепторлы механизм бойынша да түзілуі мүмкін. Донор – бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор – бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек)

Химиялық реакциялар 10

Экзотермиялық реакция дегеніміз не?

(жылу бөле жүретін реакция)

Химиялық реакциялар 20

Қосылу реакциясы дегеніміз

(екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы)

Химиялық реакциялар 30

Жану реакциялары дегеніміз

(реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығады)

Химиялық реакциялар 40

Тотығу реакциясы дегеніміз

(заттардың оттекпен әрекеттесуі)

Ғалымдар тоғысында 10

Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Ж.Пруст)



Ғалымдар тоғысында 20

Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым (М.В.Ломоносов)



Ғалымдар тоғысында 30

Универсалды тұрақты- идеал газдың 1 моліндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым (А.Авогадро)



Ғалымдар тоғысында 40

Электролиттік диссоциациялану теориясын ашқан швед ғалымы

(С.Аррениус)

Минералдар 10

FeS2 атауы - пирит



Минералдар 20

КCl атауы - сильвин



Минералдар 30

Ca3(PO4)2 атауы - апатит



Минералдар 40

Al2O3 атауы- рубин



Жүргізуші:

Сайыстың ең соңғы тапсырмасы – «Қызықты тәжірибе»



1-топ: Достар! Мен сіздерге «Жараның жазылуы» деп аталатын тәжірибені көрсеткім келеді. Қан аққаннан қорықпайтын адам болса ортаға шықсын.

Тәжірибенің сипаттамасы. Ортаға шыққан оқушының жеңін түріп, дезинфекция үшін деген сылтаумен «йодты» (хлорлы темірдің әлсіз ерітіндісі) молынан жағады. Осыдан кейін тәжірибені көрсетуші оқушы жіңішке түтікке калий роданидінің ерітіндісін алып, түтіктің ұшын майланған жерге тигізеді (әсерін күшейту үшін өтпейтін пышақты пайдалануға болады). Теріде «қанаған жара» пайда болады, оны сумен оп-оңай жуып, орамалмен құрғатып сүртіп тастайды.



2-топ:

1-оқушы: Бұл жер ыстық! Шөлдедім мен!

Су сұраймын енді кімнен?
Лимонад және нарзан жасау. Екі стақан, аздаған құмшекер, натрий бикарбонаты, лимон қышқылы бұл тәжірибені жасауға жетеді. Егер лимонад керек болса, бір қасық құмшекерге оның 1/5 бөлігіндей натрий бикарбонатын қосып, 100 г суда ерітеді де, үстіне жарты шай қасықтай лимон қышқылын салып, тез-тез араластырады. Осылай дайындалған лимонадты быжылдап тұрған күйінде адамдардың қолына беруге болады. Егер «нарзан» суын даярлау керек болса, 100 г суға тең мөлшерде жарты шай қасық сода мен шай қасық лимон қышқылын араластырып қосады. Бұдан кейін нарзан да дайын болады. Нарзан мен лимонадты бір-бірінен тек дәмі арқылы ғана ажыратады, өйткені оның бірінің дәмі қышқыл болады да, екіншісі тәтті болады.
Ішінде сұйықтық бар құты ұстаған оқушы шығады:
Достар-ау, қолымдағы құтыдан,

Ертегідей бір сұйықтық ұсынам.

Керемет ісқолымнан да келеді,

Химияны оқып жүрмін себебі.

Құйып берем стақанын тосқанға,

Тәжірибе жүргізілді дәлме-дәл,

Бізде бәрі лайық қой жоспарға!
Сұйықтықты химиялық стақандарға құяды.
Балалар стақандардағыны ішкісі келген түр көрсетеді.
Зиянды боп жүрмесін, о, балалар, тоқтаңдар,

Өтінемін, судан да, сироптан да татпаңдар.

Химия кабинетіндегі тәртіп қатал, тыйым көп,

Еш нәрсені ішпе, жеме, осыны есте сақтаңдар!


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай, - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.



Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономикалық колледж

Химия пәнінен

1 курс қаржы (салалар бойынша) мамандығы

оқушылары арасында өткізілген

«Бақытты сәт» интеллектуалды сайыс

Дайындаған оқытушы: Тлеуова Ғ.М.


АЛМАТЫ 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет