3
«БАС БАЛГЕР»
–
Қайқа, әңгімеңіз өте қызықты екен. Біз де, мына балалар да тыңдап,
әбден рахаттандық. Айта беріңіз,
–
деді Сәби.
–
«Айта беріңіз, айта беріңіз» дегенше өзің неге айтпайсың?
Қайнағаны шаршаттың ғой, түк білмейтін бозымсың
-
ау, ә?!
–
деп,
Жаңыл өз күйеуін бір түйреп өтті. Сәби үндемеді, оның
үйренген сөзі
тәрізді. Отасқалы екі
-
ақ
жыл толған, егде Сәби өзінің жас келіншегі
Жаңылды өте еркелетуші еді.
«Бозымсың
-
ау»,
–
деген ұрт айтылған ерке сөзді естігенде біз Қайыпқа
да, Сәбиге де жалтақ
-
жалтақ қарасып қалдық. Балаусыз айтылған бөгде
«бозым» көп нәрсені еске түсіргендей. Сәбидің кәрілігі де, көп жыл
отасқан қосағы өлігі жаңа алған жас тоқалдың өктемдігі де, екі баланың
жетімдігі де көз алдымызға көлденеңдей берді. Мұндайда ешкім өз үйін
ойламайды да, өзінен өзгеге басалқы айтуға шебер ғой.
Түйіле қалған осы кезеңде де даңғыл жүйрік –
кәрі тарлан керек екен.
Алғашқы қалпынан өзгерместен қарт Қайып үзілген
ойын сабақтай
жөнелді. Ешбір оқшау әңгімені естіген де, сезген де жан тәрізді емес.
Әңгіменің желісін аудара қағу үшін тақпақтай тартты.
324
«...Тәтті дәмнің иісін,
Адамнан бұрын ит білер.
Құлқып құмар кейбіреу
Тіміскілеп итшілер.
Мақтанғысы келгенде,
Итшілеп жүріп итше үрер.
Ит мен итпін демейді.
Ит екенін жұрт білер»,
–
деп, бір толғап өтті. Қасындағы балаларға айтып отырғандай жымия
күліп, соларға емірене үңілді.
Аңырып біз отырып қалдық. Ежелгі шораяқ біздің ындынымызды
шенеді ме, жоқ келінін
түйреді ме, бұл арасын ашпады. Әркім өзінше
түсініп, сыбағасын үлесіп алып жатқандай.
Дәл осы бір сәтте Қайып:
–
Баяғыда Отырар жерінде бір шал болыпты. Сол шалдың жас әйелі
бар екен. Екеуі моншаға барыпты. Моншаға жаңа ғана түсіп жатқанда
иесі келіп хабар беріпті: «Моншаны босатыңдар, ханның бас балгері
келе жатыр»,
–
депті. Осындай әділетсіз қылыққа қорланған келіншек
моншадан амалсыз шығып, киініп жатқан күйеуіне қарап: «Әй, құрысқан
шал, ендігі жұмаға шейін ханның бас балгері болмасаң мен сенен
айрыламын»,
–
деп, үзілді
-
кесілді ант беріпті...
Екінші жұмада моншаға тағы келіпті. Бәлеге не кезікпейді десейші!
Монша иесі тағы да хабарлапты: «Ханның бас балгері келе жатыр,
моншаны тез босатыңдар!..»
–
депті.
Шал екі оттың ортасында қалыпты. Балгер болайын десе «балдан» дым
білмейді, ал балгер болмаса нақ сүйер жарынан айырылады. Не істеу
керек? «Былай тартса өгіз өліп, былай тартса арба сынып» көп дағдарады
да, ақыры шал ажалға басын байлайды. Моншадан жалаңаш суырыла
шығып, көшені бойлай жүгіре жөнеледі... Жан ұшырып келе жатса, хан
өзінің үй ішімен бас қосып, лапастың астында көлеңкелеп, шай ішіп
отыр екен. Есеңгіреп келген шал ханды жағасынан
сүйреп лапастың
астынан
325
суырып алып шығады. «Іс оңаларда жел оңынан соғып», лапас құлап
ортасына түседі... Ханның үй іші түгел қырылады. Сонда өз тірлігіне
шүкіршілік еткен хан: «Әй, қаңсыған шал, сен менің өлім
аузында
тұрғанымды қалай біліп
келдің?»
–
деп сұрапты. Реті келген жерде шал
да қара жаяу болмаса керек: «Тақсыр
-
ау, мен өңімде де, түсімде де сіздің
тірлігіңізді ойлаймын. Бал ашатын да өнерім бар еді...»
–
депті. Хан
тұрып: «Ендеше ертеңнен бастап, сен менің бас балгерім боласың»,
–
деп
жұртқа жариялайды.
Балгер болғанына он күн өтпей
-
ақ ханның қазынасы ұрланады. Хан
шақырып алып, «жоғалған қырық сандық алтынды «тап!» деп бұйырады.
Хан зіркілдеп отыр, алтынды таппаса басы кетеді, табуға мұршасы жоқ,
бал ашуды ол білмейді... Дағдарған шал қырық күнге мұрсатана сұрайды.
Ондағы ойы бүгін өлгеннен көрі, қырық күннен кейін өлуі дұрыс тәрізді.
Хан қырық күн мұрсатана береді. Шал қаңғырақтап жүріп базарға
барады, өрік сатып алады...
Үйіне келіп қалтасынан бір өрікті суырып алып әйеліне айқай салады:
«Қатын, қатын, мына бір кішкенесі қолыма түсті...»
–
деп сандырақтайды.
Қатыны аң
-
таң...
Ұрылар да қарап жатпайды, ханды өлім аузынан құтқарған бас
балгердің ізін аңдиды. Соңына түсіп, күзетіп жүрген біреуі, балгердің
әлгі айқайын естіп тұра қашады. «Мені біліп қойды, мына бір кішірегі
қолыма түсті»
–
деп әйеліне сыбырлағанын құлағым естіді. Енді мен
бармаймын, өздерің барыңдар»,
–
деп әлгі бала ұры безек
-
безек етеді...
Содан кейін ұрылар қуыстанып кезек
-
кезек аңдитын болады.
«Құланның қасынуына, мылтықтың басуы кез келіп» бәрі де ылғи;
«мынасын ұстадым, анасын ұстадым» деген сияқты үрейлі сөздерді
естиді. Жанын
қоярға жер таппай аласұрып жүрген
326
шалдың «ұстағаны» қалтасындағы өрік екенін ұрылар аңғармайды...
Ақырында ұрылардың басшысы: беті бұжыр, мұрны пұшык, кеспелтек
қара кісінің өзі жансыз келіп тыңдайды. Сол күні шалдың қалтасында
өрік таусылып, бір кұрт жеген тастай қатты, түйіртпек біреуі қалған
екен. Соны суырып алып: «Қатын, қатын мына бір бет
-
ауызын құрт
жеген, тастай қатты, шағалдақ біреуін ұстадым...» депті. Осыны естіген
ұры үйге кіріп, шалға қарап: «Қазынаны ұрлаған біз едік, ханның
алтыны қаланың сыртында, көп қорымның қасында көмулі жатыр, енді
бізді сен көрме, сені біз көрмейік»,
–
депті де, жүріп кетіпті. Ақылынан
шатасқан шал есін жиып, ханның алтынын тауып беріпті. Кездейсоқ
таңылған ұлы атақтың қуатын ол сезбесе де керек.
Біраз күннен кейін, ашқан балына өте риза болған хан бір күні балгерін
қаланың сыртына серуенге ертіп шығыпты. Бір көгалға келіп, аттан
түсіпті де, хан отырып дем алыпты. Бір шегірткені шөптің арасынан
уыстай ұстап алып, саусақтарын жұмып, қолын жоғары көтеріпті де:
«Балгерім, тапшы, осы жұмырығымда не бар?»
–
депті.
Хан жарлығы екі болмайды, таппаса басы кетеді. Осы ойлар билеген
сорлы шал өз мұңын шертеді: «Бейшара
-
ай, бір секіріп едің, құтылып
едің... екінші секіріп едің, тағы құтылып едің, ал үшінші секіргенде, дәу
де болса, тұтылған шығарсың...»
–
деп зарланады (біріншісі –
моншадан
қашуы, екіншісі –
ханның алтынын табуы, үшіншісі –
осы жағдайды
айтып тұр ғой). Сонда хан: «Әй, бәрекелді
-
ай, балгерім балгерақсың
-
ау,
мұның шегіртке екенін қайдан біле қойдың, оны менің екі секіріп,
үшінші секіргенде ұстағанымды қайдан білдің?..»
–
деп қарқ
-
қарқ
күледі.
Қарттың ишарасынан көрі әңгіменің өз желісі билеп кетті де, бәріміз
мәз болдық. Ой
-
өрісін қысыр сөздің
мазмұны меңге
-
327
ріп әкеткендей боп еді. Ешкім ешнәрсені дық көріп, ішіне түйген де
жоқ, жаяу әңгіме осылай жәйуат аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |