Бағы заманғы әдебиетіміздің тарихын зерттеп бүгінгі жас буынға ғылыми түрде жеткізу кезекте тұрған келелі міндет.
Қазақ әдебиеттану ғалымдарының табыстары толып жатыр. Әр кезде, әр жағдайға арнап, өз пікірлерін ортаға салған, совет дәуіріндегі қабырғалы қаламгерлеріміз: Сәкен Сейфуллин, Мұхамеджан Сералин, Мұхтар Әуезов, Кұдайберген Жұбанов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұландар әдебиет, мәдениет тарихына көшбасшылық жасады; бұлармен өкшелес шыққан:
Қажым Жұмалиев, Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Есмағамбет Ысмайылов, Бейсембай Кенжебаев, Белгібай Шалабаев, Темірғали Нұртазин, Ысқақ Дүйсенбаев, Мәлік Ғабдуллин, тағы басқалар толқыны келіп, арнаға құйылды. Дәл бүгінгі күні әдебиет сахнасына көтеріліп, ұлы майданға белсене араласып жүрген жастарымыз бар, олар: Серік Қирабаев, Тәкен Әлімқұлов, Тұрсынбек Кәкішев, Мырзабек Дүйсенов, Рахманқұл Бердібаев, Зейнолла Қабдолов, Хасен Әдібаев, Әнуар Дербісалин, Нығмет Ғабдуллин. Бұлар кейін бой көрсетсе де, көптеген зерделі зерттеулер, күрделі монография еңбектер беріп тастады.
Атом дәуіріне сай өскелең әдебиет таудан құлап тынбай ағатын долы өзен Амудария сияқты немесе ешбір жерге қонбай, аялдамай ұшатын реактив самолетке ұқсайды. Әлеумет өмірі үнемі өзгеріп, жаңғыра береді, сондықтан әрбір кейінгі ғалымдар ілгергі ғұламалардың өз кезіне тән пікірлерін түгел қостай алмай, ескіргенін танып, өз заманына жарасымды ойларын жұртшылықтың алдына тартады, тіршілік заңы осылай болса керекті. Сөйтіп, шындық шешіледі, жаңа ойлар, толғам- талғамдар туады да ой көкжиегін кеңейтіп, соны сатыға көтереді.
Жоғарыда аты аталған ғалымдардың бәрі де совет дәуірінің жемістері. Әрине, ол еңбектердің өздерінде де некен-саяқ кемшіліктер, үстірт айтылған пікірлер де болуы керек. Бірақ солардың қайсысы болса да, әдебиетке шын жаны ашитын азаматтар деп ұғамыз.
Енді толғай беруді доғара тұрып, мақсатты мәселемізге көшелік. 1957- жылы шыққан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысында әдебиет тарихын жасауға көп көңіл аударылды. Сонда:
«Қазақ халқының өткендегі мәдениет мұрасының көп жақтары әлі де жиналмай және зерттелмей қалып отыр», – дей келіп, сол қаулыда:
«1958-жылы филологтар мен тарихшыларды қатыстыра отырып, XVII– XIX ғасырлардағы және ХХ ға-
сырдың бас кезіндегі қазақ фольклорының, дербес жазба әдебиеті тарихының маңызды, түйінді мәселелері жөнінде ғылми-теориялық конференция өткізу Ғылым академиясына жүктелсін» – деп тапсырды. Партияның осы нұсқауын нысанаға ала отырып, Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институттары ХVIII-ХIХ ғасырда болған көне бейнелердің бетін ашуға, маркстік-лениндік ғылыми көзқараспен олардың еңбектерін екшеп, тотын аршып, сұрыптауға жедел кірісті.
Осы күнгі заманымызға сай әдебиет тарихын бір арнаға салуда, өткеннің керекті-керексіз жағын ескермей болмайтыны белгілі. Сондықтан XIX ғасырдың өн-бойында өмір сүрген Шортанбай ақынның, сол өз заманында да көп ауызға ілінген Шортанбайдың, әліміз келгеншінше артық-кемін жасырмай алдарыңызға тартамыз. Бір ке- зеңде белгілі бағытқа ие болған Шортанбай ақынның беті ашылса, оның өзімен тұстас-тұрғыластарының да бастары біраз ашылып қалмақ деп ұғамыз.
. ШОР ТАНБАЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
Шортанбай 1818-жылы осы күнгі Түркістан ауданы, Қарнақ кыстағында туған. Жас кезінде шаруа баққан диқан Шортанбай XIX ғасырдың орта шенінде Сарыарқаға келген. Сол кезде Қарқаралы дуанына қарайтын Арғын руынан тараған Қара Үсен, Керней Сарым ішінде өмірінің соңғы кезін өткізген1.
...Қара тауда қалушы ем, Көк есекті мінуші ем, Масақ теріп жүруші ем... Сарыарқаның наны үшін,
1 Шортанбайдың өмірбаяны жөнінде Академияның кітапхана- сында бір белгісіз автордың жазғаны бар. Оның айтуынша, Шортанбай 1801–1805 жылдарда туып, 1870–1875 жылдарда өлген сияқты. Бұл жәйтті де еске алған жөн болар, ал біз 1942 жылы жазушы академик Сәбит Мұқанов көрсеткен жылдарды алып отырмыз, –С. Т.
Шалқып жатқан малы үшін, Бері таман ауып ем...—
деп, Шортанбай «бала зарында» өз өмірін баяндайды.
Ал енді сол Шортанбай келген кезде Сарыарқада ша- руашылық жағдай қандай еді? Мәдениет сатысы, әдет- ғұрып, салт-сана қандай еді?
Ауыл-ауылға бөлініп, ру намысын жыртып, көшіп- қонып жүрген кез. Ауылды ақсақал билейтін, ру басшысы–ауқатты бай билейтін, аймақты хан билейтін мезгіл. «Хан өтірік айтпайды...», «у ішсең руыңмен...» «түбі бірге түтпейді...» деп ханды қолпаштап, ру бірлестігін дәріптеп, кедей мен байдың ынтымағын көздейтін мезгіл.
Сауда-саттық араласпаған, орта ғасырлық ескі өмірдің қаймағы бұзылмаған, мұсылман діні де мықты орын теппеген, феодалды- патриархалды ауыл еді. «Қырғыз (қазақ) ұлыстары Мұхамет дінінде жоқ, ескі заман дінін қолданатын түріктерге таяу. Мұсылман діні бұларға әлі сіңбеген, мұсылман дінінің ішкі мәнісін жетік білмейді» –дейді академик В. В. Радлов 1870-жылы шыққан «Түрік ұлыстарындағы халық әдебиетінің үлгілері» деген кітабында.
Міне, Шортанбай Сарыарқаға осы кезде келді. XIX ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірінде, Кенесарының қылышынан қан тамып тұрған кезде келді. Сол кезде Шортанбай ақын Жамантай, Құсбек дейтін төрелерді шырғалап, солардың жыршысы болды.
Ендеше, Шортанбай феодализм заманында туып, сол дәуірдің ыстығына күйіп, суығына тоңған адам.
. ШОР ТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ БҰР ЫН ДА, КЕЙІН ДЕ КӨП АУЫЗҒА ІЛІНГЕН АҚЫН. ОСЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕ?
Шортанбай – өз заманындағы әлеумет өмірін жете білген, кем-кетігін сынай отырып, көргенін қаз-қалпында айнаға түсірген шебер ақын.
XIX ғасырдың екінші жартысына қарай феодализмніц іргесі ыдырап, ауыл «бүтіндігі» қожырай бастайды, Россияда 1861 жылы болған өзгерістің лебі Сарыарқаға да тиеді. 1868 жылы «Жаңа заң» шығып, қазақ елін билеу саясаты өзгереді. Бұрынғы хан, төрелердің беделі кеміп, қазақтың өз ішінен шыққан байлар, жуандар қатарға енеді. Сарыарқаға сауда-саттық жайылады, мал-мүлік базарға түседі, жәрмеңке ашылады, базар нарқын ақша билейді. Қысқасын айтқанда, капитализм элементтері, сауда капиталының нышандары өміріне кіре бастайды. Міне, осы «жаңа заң» тұсында ел билеген болыс, ауылнайлардың атағы зораяды. Кешегі феодализм дәуірінің дәмін татқан Шортанбай қысылшаң жағдайға душар болып, «өлі араға» кезігеді. Жаңаны танымайды, өткенді қия алмай күңіренеді.
Әуелгі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды... Қайыры жоқ бай шықты, Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты,—
деп, ауыл ішіне жаңа кірген айырбас – сауданы шеней суреттейді. Патша үкіметінің отарлау саясатын ауылға ала келген «жаңа заңның» ұлықтарын көреді, «үріп ішіп-шайқап төгіп» отырған берекенің шайқалуын солардан деп біледі. Капитализм қарым-қатынасы кіріп, жұрттың бәрі ақшаға табынғанын, феодалдық-патриархалдық заманның тозғанын аңғарады да қынжылады. Ауылдың ішіне «іріткі» түсіп, жұрттың саудаға жұмыла кіргенін байқап қамығады. Баяғы феодализм заманындағы «бірлік» ыдырай бастайды, ру дәнекерімен біріккен ескі заманның арқауы сөгіледі, ауыл ішіне жік түседі, жаңа дәстүр кіреді. Әркім кәсіп істеп, өз күнін көруге тырысады.
Елге егін жайылды, Байға қоңсы жоламас;
Бай кедейді көрмейді, Кедей байға ермейді,—
деп, кедей мен байдың арасы алшақтай бастағанын ақын көре білді.
Байлардың кедейді қалай қанайтынын, аяусыз эксплуатация жасайтын жауыздығын ашып та ашынып айтады. Кедейдің титықтағанын көреді. Қанаушы таптың қомағайлығын жақсы біледі де:
Жарлының жаны берік екен, Жыл-он екі ай қой бағып, Жалғыз тоқты алады,
Тоқты берсе, ісек деп, Құнан шығар тұсақ деп, Саулық берсе, егіз деп, Қыстан шыққан семіз деп,—
жырлап, жарлыға жаны ашып күйзеледі ақын.
Кедейдің сол кезде көрген жапасын көз алдына келтіреді. Жеңгетай тілмәш, делдал, сәудагерлердің де сазайын тартқызады.
Кедей қайтіп күн көрер?— Жаз жатақта жатқаны, Жаздай арық қазады, Күздей пішен шабады, Оны-мұны жиғанын Шығын деп тілмәш алады, Жалғыз сиыры бар болса, Соғымына сояды, Қағаздатып бұзауын Ноғайына қояды.
Кедейге салып шығынды, Негізі байдың тояды,—
дейді Шортанбай («Бала зарында», 13-бетте).
Байлардың ауылдағы тиянағын – жаңа дәуірдің жендеттерін:
Болосной, би, ауылнай Сырттан қарап шолып тұр, Бір ауыз оғат сөйлесең, Алдыңнан тұзақ құрып тұр. Елу басы, он басы,
Ол — шайтанның жолдасы,—
деп, шенеп өтеді де, байлардың оңаза кылығын, бұқараны қалай талап жатқанын да аша түседі.
дейді.
Байлар ұрлық қылады, Мал көзіне көрінбей, Байлап жейді нараны Сақтап қойған сүріндей, Ойлағаны жамандық Жарадан аққан іріңдей...
Ақ патшаны да, сол патшалы Россияның отарлау саясатын жүргізіп, бұқараны қанап жатқан «жаңа заңның» ұлықтарын жандарал, майыр, князь, тілмәш – бәрін де көзінен тізеді, солардың жемтіктесі – би, болыс, ауылнайларды да – бәрін де Шортанбай көзінен тізіп әшкерелейді.
Патша жұртын қанады, Байлар жөргем санады, Жандарал болды ұлығың, Майыр болды сыйларың. Князьді көрдің піріңдей, Тілмәшті көрдің жеңгеңдей.—
дейді.
Осының бәрін зәрлі сықақпен суреттей келіп, өмірдің өзгергенін де ІІІортанбай түсінеді:
Ұлың киді дүрия, Ұстараның жүзіндей, Аударылған дүния... Қызың киді биқасап...—
деп толғанады. Осы арада өткен дәуренін сағынып, іші удай ашиды. Адамның пиғылы өзгергенін, капитализм дәуірінің талай «құбыжықты»
өзімен бірге ала келгенін, феодализмнің жыршысы Шортанбай өз табының мұнарасынан қарап, әралуан өмір шындығын анық айтып береді. Қожа-молданы да ол аямайды.
Қожа-молда көбейіп, Отырғаны шөмейіп,
Жамандығы ішінде
Жан-жағына қарасып...—
дейді. Оларды да келемеждейді, жек көреді.
Байын да, чиновнигін де, қожа-молдасын да аямай сынайды. Сондықтан да оның аты халық арасына көп тарайды. Оның өлеңдерінен әркім өз керегін алады.
Біздің академияның кітапханасында «Шортанбай ақынның шығармасы» деген 70 бет қолжазба бар, № 780.
1941–1949 жылдарда жиналған екен. Сонда «Зар заманның» бірнеше жүйесі тізілген.
Шортанбай мен Шөженің, Шортанбай мен Орынбай ақынның айтыстары бар. Баспаға басылған «Бала зары» — бар; академик Радлов жинаған «Түрік ұлыстарының әдебиет нұсқалары» деген кітабының үшінші томында 714–737 беттерінде «Зар заман», «Заман ақыр» бар, бұларды Радлов жұрт аузынан жинап, 1870 жылы бастырған. 1883 жылы Ташкентте басылған Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітабының 225–249 беттерінде «Зар заман» бар.
Бір көңіл аударатын нәрсе, 1870 жылы академик В. В. Радлов «Зар заман», «Ақыр заман» өлеңдерін Семей, Сергиополь (Аягөз), Қапал, Верный (Алматы) төңірегінен, Бұқтырма өзенінің бойынан жинаған, ал Лютште «Қырғыз хрестоматиясын» 1883 жылы ел аузынан жинап шығарған, бірақ Лютш бұл әңгімелерінің бәрін Әулиеата (Жамбыл), Түркістан, Ақмешіт (Қызылорда) қазақтарының аузынан жинадым дейді. Радловтың «Зар заманы» да, Лютштің «Зар заманы» да, мына қолжазба «Зар заман» да – бәрі де бірімен бірі сабақтас. Жалғыз-ақ Лютштің «Зар заманы» Шортанбайдың «Бала зарының» сөзімен басталады да, артынан мына қолжазба «Зар заманы» болып жүре береді. Радловтың «Зар заманында»:
Жандарал балды ұлығың, Майыр болды сыйлығың, Арылмастай дерт болды,
Нашарға қылған зорлығың. Князьді көрдің піріндей, Тілмәшті көрдің биіндей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты тұр көріңдей Байлар ұрлық қылады, Көзіне малы көрінбей, Билер пара жейді екен, Сақтап қойған сүріңдей, Заманның түрі бұзылды, Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық Жарадан аққан іріңдей...
(Радлов— 1870 жылы, 722-беттер) десе, Лютштің Зар заманында»:
Генерал болды ұлығың, Майыр болды сыйлығың, Князьді көрдің піріндей, Тілмәшті көрдің бегіңдей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты көрдің көріңдей. Байларың ұрлық қылады, Сан қарасы көрінбей, билерің пара шайнайды Сақтаған сары сүріңдей. Заманың, тәңрі, бұзылды, Текеметтің түріндей, Ойлағаны жамандық Жауырдан аққан іріңдей..
дейді (Лютш, 240-241 беттерде).
Шортанбайдың халық арасына кең жайылғаны көрініп-ақ тұр, қазір 3500 жолдай Шортанбай өлеңі жиналған, бірақ бұл ақын өлеңдері әлі түгел емес, өйткені осы күнгі Қарағанды, Қарқаралы-Ақмола төңірегіндегі қазақтардың Шортанбай сөзі деп айтып жүрген өлеңдері мұнда жоқ.
Мысалы:
Бай да өлген, батыр да өлген, патша да өлген, Өлмей тірі қалған жоқ ажал келген, Ұжмақтың кілтін ашып көрген жан жоқ, Дүниенің ең қызығы–тірі жүрген,—
124
деген өлеңді Шортанбай көптен көріспей жүріп, кездескен досы Жанғұттыға айтқан екен деседі. Ел аузында осы тәрізді басқа өлеңдері де, сөздері де болу керек. 40–30 жыл сөз додасына түсіп, қиыстырып өлең айтқан, жұртқа көп тараған ақын Шортанбайдың мұрасы аз болуы мүмкін емес.
«Бала зары» 1888 жылы Қазанда басылды, содан кейін төрт рет қайталанады. Ендеше, сол Қазан мен Уфа төңірегінде бұл кісінің қолжазбалары жоқ деу де қиын. Осының бәрін іздестіріп жинақтау керек. Ленинград архивінде де бар шығар, өйткені сол кезде Қазанда басылған Шортанбайдың «Бала зарына» Санкт-Петербург цензурасы ұлықсат берді» – деп, кітапша сыртында көрсетіп қойған екен.
Қазақ поэзиясының тілін де, түрін де, мазмұнын да мүлде жаңартқан, өлең сөзі, «сөз патшасы» дәрежесіне дейін көтерген, «іші алтын, сырты күміс сөз сарасын» жасаған Абай. Шортанбай, Дулат, Бұқарлардың ескі жыр үлгісіндегі өлеңдерінің поэзиялық дәрежесі төмен екенін танытады.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі жамау, бірі құрау,
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау!—
деп кіжінеді. Шортанбайлар поэзиясы ескінің соңы еді. Абай – жаңа поэзияның басы еді. Жаңа поэзия биігінен қараған Абай сыны дұрыс-ақ. Екінші жағынан Абайдан бұрынғы және Абайға жете жыршылар мен кітаби ақындар көп еді. Солардың ішінен осы үшеуін Абай айырықша бөліп алып сынағанының өзі тегін емес. Мұның мәнісі – ескі қазақ поэзиясын жасаушылардың ішіндегі ең кұлжалары осылар, осы Бұқар, Дулат, Шортанбайлар деген сөз. Абай ауызға алуға жарағанның өзі, Абай сынауға татитын болудың өзі осал еместікті көрсетеді. Абай жілігі татымайтындарды сынамайды, ол түгілі, татымсыздарды ауызға да алмайды. Абайдың әділ сынына ұшы-
125
раған үш ақын – жілігі татитын ақындар екені даусыз.
Қазақ елінің көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы шығарған «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітабында «Зар заманды» былай қойып, Радлов жинағындағы «Ақыр заманды» пайдаланған.
Діни сөз, еңіреп жылау «Ақыр заманда» көп қой. Елді прогреске сүйреген, ағартушы Ыбырай «Ақыр заманда» кездесетін «кәләм- сәлемдерді» алмайды. Мысалы Радлов:
Заман ақырдың хандары Қасындағы сұлтандары, Тақ үстінде жұртын
Тұтып тұрғандары Жарлыдан алып байларға Ақыл қылса керек-ті,-
(В. В. Радлов — 1870 ж. 728-бет.) десе, Алтынсарин:
Азған елдің хандары Тақ үстінде отырғандары, Жарлыдан алып байларға
Сыйлар берсе керек-ті,—
(Ы. Алтынсарин — 1879 ж. 54-бет.) дейді. Радлов:
(Радлов. 728-бет.) Алтынсарин:
Заман ақырдың қожасы — Қайырылып келер есікке, Бұл үйде кім бар екен деп, Көзін салар есікке.
Бала-шағасын бастырып, Төрге шығып отырып, Дұға қылса керек-ті.
Азған елдің қожасы Қыдырып келер есікке. Бұл үйде кім бар екен деп, Көзін салар тесікке Балаларын бастырып Қатындарын састырып, Төрге қарай ұмтылып,
дейді.
Тамақ үшін қылқынып, Дұға қылса керек-ті,—
Әрі қарай Шортанбайдың «Ақыр заманында» (Радловтың нұсқасы бойынша) «Заман ақырдың» молдасы, билері, байлары. сыналады. (728— 729 беттерде), ал Ыбырай Алтынсарин сол жерлерін алып, өз хрестоматиясына кіргізеді, бірақ бұл кісі «Заман ақыр» деген сөздің орнына «Азған елдің молдасы, азған елдің билері, байлары» деп өзгертеді (Ы. Алтынсарин. 55, 56, 57, 58 бет- тер).
Өзімен идеялас, бағыттас, тұрғылас ақындардан Шортанбай әлдеқайда жоғары өрлейді, әлеумет ішінде болған кем-кетіктерді батыл сынайды. Сондықтан ол сахараға көп жайылды, ауыздан-ауызға көшіп тарап кетті.
БҰРЫН КӨП БОЛЫП ЕЛ АУЗЬІНА ІЛІНГЕН ШОРТАНБАЙДЫ, СОНАУ ФЕОДАЛИЗМ АҚЫНЫН, ЕНДІ БІЗ НЕГЕ СӨЗ ЕТІП ОТЫРМЫЗ?
Біздің заманымызда Шортанбай туралы айтылған пікір оның өз өлеңінен әлдеқайда көп. Таласу таусылмай келе жатыр, осының себебі не? Бұл сұраққа тікелей жауап берместен бұрын, Шортанбай жөнінде пікірлерін ортаға салған адамдарды атап өтелік. Шортанбай туралы болсын, жалпы алғанда ескі мұраларды игеру жөнінде болсын, 1940 жылдарға дейін «біріңғай» бетте келдік: өткеннің бәрі «оңбаған, феодализм, мистик; керітартпа» деп ат тонымызды ала қаштық. Ал енді 40-жылдардың басынан бері қарай мына 1947 жылдарға дейін бұрынғы сыңаржақтыққа қарама-қарсы бетке түстік. «Жоқ, бұрынғы пікіріміз теріс екен, бұл ескі ақындар феодализм жыршысы емес, мистик-діндәр да емес, бұларда кері- тартпалық жок, халық жырлаған-бұқараның өз ақыны
екен» дестік. Дәлін айтқанда, 1942 жылы белді жазушымыз, белгілі ғалым Сәбит Мұқанов «Қазақтың XVIII – XIX ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» атты кітабында осы соңғы пікірді қолдады. Сонда:
«Шортанбай кедейдің ауыр халін жай сыпаттаушы ғана емес, кедейге шын жаны ашитын ақын«– дегенді айтты (124 бет).
1943 жылы «Қазақ әдебиетінің оқу құралында» профессор Қажым Жұмалиев те Шортанбайды феодализм ақыны дей отырып, оның
«халықшыл» жағын баса көрсетті. Профессор Е. Ысмайылов та, тағы басқалар да сол бағытта болды.
Ал, бері келе, былайша айтқанда, 1948–50 жылдарда шыққан «Қазақ әдебиетінің оқу құралында» профессор Жұмалиев бұрынғы пікірінен қол үзіп, сын көзімен қарап, дұрыс бағасын берді. «Шортанбай өз дәуірінде көп шындықтардың бетін ашты, кедейлердің ауыр тұрмысын көре білді, бай, болыс, ел билеуші әкімдердің жалпы еңбекші халықты қанап отырғандығын көрсетті. Бірақ осыларға Шортанбай феодал табының көзқарасымен жауап берді» дейді. (1950 жылы бесінші басылымының 207-бетІ) 1957 жылы «Қазақ әдебиетінің» 12 апрельде шыққан 15 санында «Ана тілі мен әдебиет сабағы туралы» жазған мақаласында жазушы академик Сәбит Мұқанов Шортанбай туралы өз ойын ортаға салғанда, оның екі-жақтылығын атап көрсетті. Сол 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде Т. Нұртазин, Ы. Дүйсенбаев, Ғ. Мұсабаев, С. Нұрышев жолдастар пікір алысты. Әрбіреуі өзінше адал ойларын жариялады. Әрине, бұлардың біріне бірі қайшы келгендері де болды. Мысалы, Мұсабаев «Шортанбай діндәр емес, оның шығармаларындағы дін сөздері: тегі, Қазан молдаларының жамау-жасқауы болар» деп жорамалдаса, Нұртазин «жоқ, бұл мистик-ақырет ақыны» – деп қарсы шықты. Шортанбай туралы пікірін айтқанда, әр автор түгіл, бір автордың да әр кезеңде әртүрлі айтқандары болды. Бірақ бәрін
талдап жатуға уақыт та, орын да жоқ. Сондықтан кейінгі 1957 жылы пікір алысуда аты аталған жолдастардың тірелген ортақ пікірін қысқаша айтып өтелік.
Олардың бәрі де бір ауыздан: Шортанбайды пайдаланайық, ол өз заманының елеулі ақыны, өзінің орнын берелік, оны Абайдан бұрынғы әдебиеттің көрнекті уәкілі етіп, марксше-ленинше сын көзімен қарап, екшеп, керегін кәдеге асыралық — десті. Біз де осы пікірді жақтаймыз. Алайда, «осы таластардың тууына себеп не?» деген сұрақ тұр, бұған жауап бере кетпей болмайды.
Әрине, феодализм мен капитализм біріне-бірі қайшы тұрған екі формация екені белгілі. Осы екі формацияның тоғысқан кезеңінде өмір сүрген Шортанбайда да қайшылық болуы заңды. Жаңа келген капитализм элементтерін: сауданың, ақшаның күшін, халықты қанаудың жаңа түрін Шортанбай өзінше түсінді, ақын оның кескінін, отарлау саясатының өкілдерін, парақор чиновниктер мен жебір болыстардың сыйықтарын, кедейлердің көрген зорлығын, капитализм дәуірінде күшейген мұсылман молдаларының да іс-әрекетін анықтап ашты. Өз заманындағы өмірдің шындығын бергенде, тайға таңба басқандай етіп бадырайтып-ақ көрсетті. Міне, Шортанбайдың бізге керекті жері осы. Ал, екінші жағынан қарасақ, Шортанбай өз кезіндегі көзіне түскен кемшіліктерді міней келіп, келемеждеп, сорақылығын анық айтып бере алады да, Шоқан, Ыбырай, Абайларша жоғары көтеріле алмайды. Капитализмнің феодализмнің анағұрлым жоғары формация екенін түсіне алмайды, кейін тартады.
Заман жауға кеткен соң, Кім үлкенді сыйлайды? Қыз сыйламас анасын, Қыз, жігітте әдеп жоқ, Зақұн айтып қатын тұр Қойнында жатқа еріне, Ағаны іні көрмейді, Атаға бала араз боп...
Сызылып тұрған келін жоқ,
Тергеп тұрған заман жоқ, Күйерсің де пісерсің Жанған отқа түсерсің...— деп назаланып, өткенін көксейді де: Заман кетті қырымға,
Бұрынғы, шіркін, заманның Исі де келмес мұрынға, Биттей нәрсе қалсайшы Бұрынғыдан ырымға,—
деген өкініш жоқтауға тіреледі. Ескіні үлгі етеді, феодализмді аңсайды. Шортанбайдың бізге ұнамайтын жағы осы. Ендеше, осы таластардың шығуына ақынның өзі айыпты, өйткені бұл Шортанбайдың өз қайшылығы да зор ақын. Шортанбайдың қайшылығы – сол заманғы өмір қайшылығының ақын санасындағы суреті ғой.
4. ШОРТАНБАЙДЫҢ ДІНШІЛДІГІ ТУРАЛЫ
Шортанбай құдайға сенеді, «құдай бір, пайғамбар хақ» деп біледі. Ол мұсылман дінінің қабырғалы молдасы, өйтсе де үнемі молдалық жолын қумай, заманында айтысқа түскен – суырып-салма ақын Шортанбайды өз қалпында көрсету жөн.
Ұлы ұстазымыз Владимир Ильич орыстың кемеңгер жазушысы Л. Н. Толстойды «орыс революциясының айнасы» дегенде, ол революционер деген жоқ, ол шын мағынасында суреткер, өз заманын объективті негізде дәл көрсетті деп бағалады. Плеханов та «Толстоймен бірге отыру қауіпті, ал Толстойсыз өмір сүру көңілсіз» – («С Толстым жить страшно, без Толстого скучно») деп бекер айтпаған болар. Толстойдың дінішілдігін,
«жаманшылыққа қарсы шықпа, тағдырға мойынсұну керек» деп інжіл (Евангелия) жолын қуаттап айтқан пікірін Плеханов жақтырмайды, бірақ оның өмірді шебер суреттеп, өз заманында болған әлеуметтік жараның аузын ашып, айқын
130
көрсеткендігі үшін жақсы көреді. Осы жерде ескерте кетелік, біз ұстазымыз В. И. Лениннің пікірін айтқанда, Шортанбайды Толстоймен қатар қою үшін емес, ой жүйесін тиянақтаудың айғағы есебінде алдық. Шортанбайдың Толстойға үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны мәлім ғой. Жалғыз-ақ айтарымыз, Шортанбайдың қасиеті де шындықты дәл айтуында. Капитализм дәуірін суреттегенде, соның ішінде болған өз қайшылықтарын ашып айтқанда, байлар мен кедейлердің жігі ашылғанын, олардың өштесіп, біріне-бірі рақымсыз бола бастағанын ақын батыл көрсетеді, ендеше бұл жәйт Шортанбай өлеңдеріне ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Шортанбай өлеңінде араб сөздері кездеседі, бірақ жалпы елге таныс сөздерді ғана алады, бұған қарағанда, заты, оның діндәрлығы ескі шағатай тілінде жазыған, ел арасына көп таралған «Бақырған, Хикмет, Дақайық, Мұхамедиялар» көлемінен аса алмайтын сияқты. Солардың әсерін қазақ әдебиетіне ала келген кісі болар.
5. ШОРТАНБАЙ АҚЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
Біріншіден: Шортанбай ақынның бұрынғы фольклор дәстүрінен недәуір алға кеткендігін көреміз. Өйткені Шортанбай өлеңінің варианты біреу-ақ. Екіншіден:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы,—
деп Абай айтқандай, Шортанбай сөзін ескі ақындарша бастамайды. Айтатын пікірін тура айтады. Бұрынғы ақындар төрт жолды өлең айтса да, шұбыртып жырлай жөнелсе де айтайын деген ойына тікелей қатысы жоқ, басы артық сөздерді көп қыстыратын:
Тесіп алып, ендеше, тесіп алып, Жылқы айдамай қайыңнан кесіп алып, Аулың алыс кеткенде, беу қарағым,
Мен құрбыңды жүргейсің есіңе алып,—
131
дейтін еді. Осында айтайын деген пікірі соңғы екі жолда тұр, ал бастапқы екі жол ақынның басында бұрын қалыптасқан ұйқастар.
Ал жырлардың басында да:
Бәленше сонда сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді, Асу да асу бел дейді, Аса бір соқан жел дейді...—
деп шұбырта жөнеліп, өз ойын артынан ағытатын жыр дәстүрінен де Шортанбайдың озат тұрғандығы байқалады. Шортанбай көлденең сөздерді азайтып, тура өзінің нақтылы пікірін кесіп айтатын ақын.
Ескі фольклордан көркем әдебиетке, немесе тарихи әдебиетке таянған, бірақ ескі фольклор салтынан ат құйрығын мүлде кесіспеген ақынға енді өлең кестесінде мегізінен, бұрынғы он бір буынды өлең мен 7–8 буынды жыр түрі ғана бар, басқа түр жоқ тәрізді.
Біздің ойымызша, Шортанбай ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында жатқан көпір. Бұрынғы көлденең сөздерден арылып, әлеумет мұңын жырлағанда айтатын сөзін сұйылтпай дәл айтқан, ойын бірсыдырғы көркем бере білген ақын. Метафораның ұлғайған түрін қолданып суреттейді:
Белгісі деген бейіштің Жазғы бір салқын самалды, Тарлығы деген тамұқтың Қысқы суық амалды...
Алақандай ай мен күн Ғаламның ортақ жарығы. Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек, Шынарға біткен мақтадай. Шырайлы болса алғаның,—
дейді.
Шортанбайдың осы өлеңінде артық сөз жоқ. Көздеген ойын табиғат құбылысы арқылы, теңестіру, халық шешендігі арқылы жеткізіп отыр.
Көпке тентек–аз қисық Қамшыменен ій болар. Ер басына күн туса, Бұта түбі үй болар.
Жан жоламас жатқанға Жүргенге жөргем ілінер,—
дейді. Ақындық тілді, афоризмді қолданады.
Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиядан кұзға түсе алмай...—
деп келеді Шортанбай. Ұластырылған эпитет, метафора мен параллелизм осы арада әдемі үйлескен. Осы тәрізді әдемі сөздің кестесі – айтайын деген ойын оқырмандарына дәл жеткізуде Шортанбайдың өзінен бұрынғылардан шеберірек ақын екендігін дәлелдейді. Сонсоң осы күні ақын Сәбит Мұқановтың ел аузында жүрген бір ауыз өлеңін де ескерген жөн болар. Ол:
дейді.
Шерлі туған Шортанбай, Қайрандаған шортандай, Замана жүгін арқалап Шірене сүйреп тарта алмай,—
Әдебиет тарихын сөз еткенде, ауызша да, баспаша да халыққа көп тараған Шортанбай жөнінде үндемей өтуге болмас. Сондықтан марксшіл-лениншіл сын көзімен қарап, ғылыми тексеру, Шортанбайдың өз орнын беру қажет дейміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шортанбай феодализм мен капитализмнің түйіскен дәуірінде туып өскен ақын. Өз заманында капитализмді ол түсінген жоқ, патшаның отарлау саясатына қарсы ақын.
Шортанбай діншіл — үлкен молда және айтысқа да түскен суырып-салма ақын.
Шортанбай халық арасына кен жайылған ақын, өйткені өзі дұрыс бағыт сілтей алмаса да, көп нәрсеге керітартпалық тұрғысынан қараса да, ол өз заманындағы әлеуметтік мәні бар зор мәселелерді қозғаған ақын.
Қазақ өлеңін бұрынғы көлденең сөздерден-құтқарып, ауыз әдебиетін жазба әдебиетке карай жетектеген ақын.
Шортанбай капитализм заманында болған ішкі қайшылықтарды көрсете білген, бірақ феодализм оның алғашқы аттанатын бекеті, сүйікті мекені.
Шортанбай шығармаларының тіл жағынан мәні зор.
Шортанбайдың мұрасы түгел жиналып, сұрыпталып, зерттеліп, аршылу керек.
АҚЫНДАРДЫҢ АҚЫНЫ ӘЛ МҮТӘНӘББИ
Тарихты сөз еткенде, Адам ата, Хау анадан қозғаудың қажеті жоқ; ол тарих емес, бағы заман аңыздары. Біз ақиқат өмірдің ғылыми тарихының шарлауынан өз соқпағымызды табайық.
Бізге мәлім нәрсе, үстіміздегі жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын фарсы елінде Кир патша болыпты, талай жерді шауып алып, талай елді зар еңіретіпті. Бұдан екі жүз елу жыл кейін Іскендір Зұлқарнайын (Қос мүйізді Іскендір – Александр Македонский) дулығасын басына осқырта киіп, Бунефалды астына мініп, біраз елдің төбесіне төніп, әңгіртаяқ ойнатыпты, Іскендірдің артын-ала тарих бетіне Рим мемлекеті шығыпты. Енді үстіміздегі жыл санауымыздан 632 жыл өтіп, Мұхаммет өлген соң, араб елі күшейіп шабуылға шығыпты, бұл ел 712 жылға дейін толлассыз соғысып, осы 80 жыл ішінде бұрынғы болған Фарсы, Іскендір, Рим мемлекеттерінен әлдеқайда озып кетіпті.Тарихшылар осылай дейді.
Араб елі өзінен бұрынғы елдерде болған жазуларды аударып, рухани мәдениетті күшейтуге кірісіпті. Бағы дүниедегі философ ғалымдардың, тарихшылардың айтқандарын өз мүлкі етіп алады. Сократ, Диоген, Де- мосфен, Геродот, Платон, Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристотель, Бейдауа («Кәлилә мен Димнаның авторы) сынды даналардың шығармалары дүние жүзіне араб тілі арқылы тараған деседі.
Араб тілінде сөйлеген атақты ғалымдарды санамай-ақ, атышулы ақындарына соға кеткеніміз жөн болар. Мысалы, Ақтал ақын (640–710), Джарир (653–733), Фараздақ (641–732), эл Кумейт ибн Зейдал Асади (679–734), Абу Нувас әл Хасан ибн Хани (762–813) тәрізді кесек ақындар ертеде болса керек. Беріректе оныншы ғасырдың жүйріктері: Абут Тайииб әл Мүтәнәбби, Аннами Әбул Әлә әл Мағарри, Ибн Джинни тағы басқалары лек-легімен шықты, бұлардың арасында жалы кыңыры болмайды.
«Өлеңге әркімнің бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы»,—
демекші, жүйріктен жүйрік озып, суырылып шыққан оныншы ғасырдың дүлдүлі әл Мүтәнәбби болатын. Бірақ мұндай дарындылар өз заманында жарық-сәулені аз көреді. Елу жылдық өмірі қуғын-сүргінде өткен әл Мүтәнәббиді сөз етелік.
Ол А. С. Грибоедовпен тағдырлас.
Орыс халқының ардақты ақыны, атышулы драматургі, «Ақыл азабы» («Горе от ума») атты пьесаның авторы, Александр Сергеевич Пушкиннен бес жас үлкен әрі ағасы, әрі досы, – Александр Сергеевич Грибоедов еді. Ол 1825 жылы 14-декабрьде «Сенат алаңында» бұрқ ете түскен декабристер көтерілісіне де қатысқан болатын. Осы көтерілістің басшылары: Пестель, Муравьевтардың жақын досы да – А. С. Грибоедов. Сол үшін солармен бірге Петропавл қорғанына қамалған да – А. С. Грибоедов.
Содан 18 күн қапаста отырып, жездесі генерал Паскевич арқылы босанып шыққан да – А. С. Грибоедов, өйткені Бірінші Николай шаһзада күнінде Паскевич оның әскери командирі болған екен. Кезінде Кавказдың «жарты патшасы» атанған Паскевич туған балдызы А. С. Грибоедовты қамаудан босаттырып, артынша оны Иранға дербес уәкіл еткізіп жіберген-ді. Грибоедов қиыр шетте – Иранда жүріп, Ф. Б. Булгаринге жазған хатының басында әл Мүтәнәббидің бір ауыз өлеңін арабша келтірген болатын сонда: «Шаруль биль аз канала садық» («Шет жерде доссыз тұру көңілсіз-ақ!» – «Как скучно жить без друга!») депті. А. С. Грибоедовтың осы сөзін совет жазушысы Юрий Тынянов өзінің
«Уәзір Мұхтардың өлімі» («Смерть Везиря Мухтара») деген романында келтіргенді. Алдыңғы Шығыс елі А. С. Грибоедовты «Уәзір Мұхтар» деп атаған, арабша, фарсыша, ағылшынша, немісше, французша өте терең білген ақын да, драматург та – өзі, оның үстіне ұлы адам ғой ол!
Жоғарыда көрсетілген – ақын Грибоедовтың аузына түскен өлеңнің иесі Әбут Тайииб әл Мүтәнәбби, грек философы Аристотельден кейін дүние жүзінің ұстазы болған, бағы заманғы казақ елінің ұлы ғалымы Әбунәсір әл Фарабидің (870–950) шәкірті және замандасы да – әл Мүтәнәбби.
Айдай әлемге әйгілі арабтың атақты соқыр ақыны Әбуль-Әлә әл Мағарридың (979–1057) ағасы да, ұстазы да осы әл Мүтәнәбби. «Әл Мүтәнәббидің өлеңіндегі жалғыз ауыз сөзін түзетіп, оның орнына бір әдемі сөз кіргізіп өңдеймін деп ойламаңдар, егер осы сөзіме сенбесеңдер, байқап көріңдер! Мен де осылай түзеткім келіп, талай жыл талпындым, бірақ бөгде сөзге ауыстырып, оны әсірелеудің мүмкіндігін таба алмадым. Осы айтқаныма нанбаған жан өзі байқап көрер, сонда сөзімнің дұрыстығын өзі де ұғынар-ау!» – деп оған мүлде табынған ғой әл Мағарри... Әрі қарай тағы бір кезеңде Әбуль Әлә әл Мағарри өзінен бұрынғы ақындардың ойларын зерттегенде:
«Әбу Нувас былай дейді екен; әл Бухтури (819–897) алай деген екен; Әбу Таммам (805–846) осылай айтқан екен» деп отырып, мына әл Мүтәнәббиге келгенде: «ардагер шайырдың айтуынша» («поэт аш- Шаир») деп құрметтеп сөйлейтін болған. (Академик И. Ю. Крачковский, ІІ-том, М., 1956, 66 бет.)
Өз заманындағы үстем өкіметпен ауыз жаласпай, оған қарсы шыққан, сол қылығы үшін зынданға да қамалған, жер ауған, жігерлі ақын – әл Мүтәнәбби; оны әмір Химсаның өктем дәуірі жұбата алмаған, сондықтан ол әмірді жақтайтын жарамсақ топас замандастарын да қатты сөгіп, жер жебіріне жеткізген: «Егер бір адам жұртты әбден таныдым десе, ол тек сырттай байқағанын ғана баяндайды, – дейді әл Мүтәнәбби, – ал мен болсам, олардан әбден жалықтым, өйткені олардың сүйіспеншілігі алдау, нанымы екі жүзділік екенін анық көрдім» – деген ғой. Тағы бір өлеңінде әл Мүтәнәбби: «Осы күнгі адамдар кекешті – нағыз шешен ғалым деп таниды, олардың нағыз білгіші ақымақтың тап өзі, асыл тұқым дейтіндері – үріп жүрген иттер, нағыз көрегендері – соқырлар, мейірімдісі – ұйықтап жатқан суыр, батыр дейтіндері – су жүрек маймыл», – деген екен. (Акад. И. Ю. Крачковский, II том, 77-бет.)
Үстіміздегі заманнан мың жыл бұрын әл Мүтәнәбби: «Бірімізбен біріміз жауласып, көзімізді құртуға тырыспайықшы, өйткені көздеп отырған ойымыздың өресі өте шағын, соншама құрбандық жасауымызға татымайды», – деп ойын түйген-ді.
«Жастық – тек мастық болса, кәрілік – тек қайғы-қасірет болса, онда өмірдің өзі де өлім екен ғой!» – деген де сол әл Мүтәнәбби. Заты, ол – адамның әр дәуірінде өзіне лайық қызығы болады, соны ұға біл, ал түңілудің түбі ажалмен аяқталады деп кесіп айтқан-ау, сірә!
Әл Мүтәнәббидің тұсында Испанияның Севилье қаласында туып (973-
жылы өлген) Ибн Хани әл Андалуси өз
отанында 27 жасқа дейін ғана тұрған ақын. Азаттықты көксеген еркін ойлы өлеңдері үшін Африкаға жер ауған, сонан Мысырдағы (Египет) Фатимидтер тұқымынан шыққан сұлтан әл Мұғиззбен (953–975) жақындасқан екен. Жас ақын ибн Ханидың кенеттен қапыда өлгенін естігенде, әлгі султан әл Мұғизз: «Шіркін-ай, осы адам арқылы Шығыс ақындарының бәрінен де жоғары атаққа ие болатын едік-ау, бірақ тағдыр бізге мұны қимаған екен ғой», – депті. Бір кезде атақты араб тарихшысы ибн Халикан да (1211–1282): «Ерте күнде де, кейінгі заманда да Батыс ақындарының бұған тең келетіні болған жоқ. Олардың арасынан суырылып шыққан жалғыз ақын ибн Хани, ол Шығыс ақындарының ішіндегі әл Мүтәнәббиі еді», – депті.
Ақынды ақын алыстан көреді демекші, біздің терең ойлы А. С. Грибоедов та әл Мүтәнәббиді қиырдан таныған екен!
Адамзаттың ұлы ұстаздары: грек елінің Аристотелі, қазақ елінің Әбунәсір әл Фарабиі, арабтың ұлы ақындары: Абут–Тайииб әл Мүтәнәбби, Әбуль-Әлә әл Мағаррилар, орыс халқының ардагер ақындары Александр Сергеевич Грибоедов, Александр Сергеевич Пушкин, тағы басқалары біздің бүгінгі жастардың күнде үлгі алып үй- реніп отыратын ұлы адамдары ғой. Комсомолдың III съезінде данышпан Владимир Ильич Ленин жастарды оқуға, білімге шақырды; сонда коммунизм жөніндегі ұрандарды жаттап алумен ғана тынбау керек екенін ескертті. Ғасырлар бойы адам баласының қолы жеткен та- быстарды меңгере білу керек екенін, адамзаттың бар ғылым-білімін білген адам ғана анық коммунист болатынын ашық айтты Ленин. Ескі қоғамның мәдениетіне бәрі де ескі, бәрі де жаман деп қарамай, ескі мұраның жақсысы мен жаманын ажырата білу керек деп үйретті Ленин. Сол ескі мәдени мұрадан жаңа қоғам ісіне, жаңа адамдардың қажетіне жарайтынын іріктеп, сын көзімен талғап ала білуге шақырды ол дана!
138
Осы бір азғана дерек бүгінгі жастарымыздың керегіне жараса, одан үлкен бақыт жоқ, білгенімізді жеткізу біздің міндетіміз. Артық кеткен, кем соққан жерлерімізді тезге салу сендерге тиген сыбаға болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |