«Сендерге оларға тұрақтауларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда болдырғаны да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларды ойланған елге белгілер бар» 1 , – деген.
Олай болса, адам өзіне-өзі дөрекілік, тасбауырлық, қаталдық
танытуы мүмкін бе?! «Оның ешкімі жоқ» деген оймен әйелін күң
ретінде ұстайтын еркек Аллаһ тағаланың зәбiр көруші адамға
көмекші екенін, зұлымдық жасаушыны жақсы көрмейтінін
ұмытпауы қажет. Ал әйел адамға күйеуін сыйлауы, оның
артықшылығын мойындауы міндеттеледі. Күйеуі – әйелінің ар-
намысы
мен
абыройын сақтаушысы,
әкесінен
кейінгі
қамқоршысы. Әрi ол өмірінің көп уақытын онымен бiрге өткізеді.
Сондықтан отбасының ұйытқысы болғысы келген әйел
қолындағы бақытынан айырылып қалмас үшiн «еркек пен әйел
тең құқықты» деп, өзін әкесіне, күйеуіне қарсы қойып
жатқандардың сөзіне еріп адаспауы керек.
Ерлі-зайыптылар Аллаһ тағаланың: