96
3. Ерiнің әйелiндегі хақтары
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (Аллаһ
әкесі екеуіне разы
болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Дүние – бір зат. Ол заттың ең
жақсысы – игі әйел»
, – деді»
, – деген
1
.
Әлбетте, игі әйел бірінші орынға Аллаһ тағаланың хақтарын,
содан кейін күйеуінің хақтарын қояды.
Мұндай әйелдің
сипаттары: үйінде отырады, қажетсіз кіріп-шықпайды, өзін
барлық жағынан түзетеді, үй
істерін басқарады, балаларын
тәрбиелейді, отбасының
берекесiн сақтауға тырысады, намазы
мен
оразасын қаза қылмайды, зікірлерін
2
айтып жүреді. Аллаһ
тағаланың берген ризығына қанағат қылады. Күйеуінің хақтарын
біліп, оларды орындағанда ғана ол игі әйел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: