121
негізінде әйел өзін күйеуінен талақ етіп ала алады. Бұл мәселе
фиқһ кітаптарында кеңінен түсіндірілген.
Ал ажырасуға жетерлiк тұрақты себептiң болуына қарамастан,
ерi әйелін талақ етуден бас тартса, ондай жағдайда әйел қазыға
шағымданып, күйеуі мен өзінің арасын ажыратып беруін өтінуге
құқығы бар. Әйел тарапынан мұндай өтініш айту бірнеше
себептерге байланысты жасалынады. Мәселен, ерлі-зайыпты
арасындағы келіспеушілік пен талас-тартыс тоқтамаса; ерiнiң
асырауға мүмкіндігі жоқ болса; жыныстық жағынан жарамсыз
болуы сияқты қосылуға кедергі болатын кемшілігi болса; алапес
сияқты кесел салдарынан ағарып қалып, әйелі онымен тұра
алмайтын болса. Әйел осындай жағдайларда ғана өтiнiшпен
қазыға жүгiнуге болады.
Қорыта айтқанда, Ислам шариғаты қай кезде де адамның
ауыртпалық пен қиындыққа ұрынғанын, зұлымдық пен
зорлықтан жапа шеккенiн қаламайды. Аллаһ тағала әрбір
қиындыққа бір жеңілдік, әрбір түйiнi күрделi iске бір шешім
берген. Сондықтан мұсылман адам ер болсын, әйел болсын
Аллаһтан ғана қорқып, Оның белгiлеген шегiнен шықпаса, дүние-
ақыретте Аллаһ тағаланың мол нығметiне бөленедi.
Достарыңызбен бөлісу: