122
ажырасқан болып саналады. Бұдан кейін ері әйелін келісімі
арқылы және жаңадан неке қию арқылы ғана қайтара алады.
Талақ ражғи «талақсың», «талақ еттім» деген сияқты, әйелінен
ажырасқанын аңғартатын сөзді ашық айтумен жүзеге асады.
Осындай және басқа да талақты аңғартатын сөздер айтылса,
еркекте талақ ниеті болмаған болса да, талақ болады. Егер еркек
«Мен талақты ниет етпеген едім» десе де, оның бұл сөзі
қабылданбайды. Сондай-ақ бұл сөз бірінші немесе екінші рет
айтылып жатқан болса, онда ері әйелін қайтарып алуға болады.
Ал талақ сөздері үшінші рет айтылған болса, онда әйелі басқа
ермен некеге отырып, одан ажыраспайынша, әйелін қайта ала
алмайды. Өйткені шариғат үкімдерінен мәлім болғанындай
үшінші талақпен әйел мүлдем ажырасады.
Достарыңызбен бөлісу: