1
Мұхаммед
Ахмад Канған
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ
Ерлі-зайыптылар
арасындағы қарым-қатынас негіздері
Арабшадан аударған:
А.Ахмад
2
УДК 28
ББК 86.38
Ж 80
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ
КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН
Ж 80. Жұбайлар шаттығы/араб тілінен ауд. А.Ахмад –
Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
ISBN 978-601-7016-24-1
Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл кітапта автор
мұсылмандар арасындағы жұбайлық өмірдің қыры мен сырын,
сүйіспеншілік пен мейірімділік нығметтерін баяндайды. Құда
түсу, неке қию, үйлену, той жасау, перзент сүю, бақытты
отбасы атану мен жұбайлардың міндеттері, хақтары т.б.
маңызды мәселелерді кеңінен қарастырады. Қасиетті Құранның
аяттарынан, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
хадистерінен және әһлу әс-сунна уәл-жамаға ғұламаларының
тұжырымдарынан нақты дәлелдер келтіреді. Сондай-ақ Ислам
табиғатына жат, тұрмыс-тіршілікті бұзатын нәрселерден
дінімізді жағымсыз етіп көрсететін әрекеттерді жан-жақты
ашып түсіндіреді. Кітаптың тілі көркем, қалың көпшілікке
арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7016-24-1 © «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013
3
АСА МЕЙІРІМДІ,
ЕРЕКШЕ РАҚЫМДЫ
АЛЛАҺТЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН
КІРІСПЕ
Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға сансыз мадақ! Бізге жер
бетіне түсірген барлық шариғаттарын қамтитын,
ардақты
Пайғамбарымыз Мұхаммед ибн Абдуллаһтың әкелген шариғатын
және бұл ұлы, ханиф дінді нәсіп еткен Жаратушымыз Аллаһ
тағалаға көптеген шүкірліктер айтамыз. Әрі біздің әрқашан үлгі
тұтар көсеміміз,
адамдарға өзінің сөзімен, ісімен және хал-
жағдайымен
ізгілікті,
жақсылықты
үйретуші
сүйікті
Пайғамбарымызға Аллаһ тағаланың игілігі, сәлемі және берекеті
болсын!
Расында, үйлену Аллаһ
тағаланың мұғжизалары мен
нығметтеріне жатады. Раббымыз Аллаһ Өзінің кітабы Құран
Кәрімде бұл туралы: