4
– тақуаларың. Шәксіз, Аллаһ толық Білуші, әр нәрседен
Хабардар»
1
;
«Ол
(Аллаһ)
тамшы ұрықтан адам жаратып, оны ұрпақ
және құда етті. Расында, Раббың Құдіретті»
2
, – деп
баяндалады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «мұсылмандар
жұбайлық өмірдің
шынайы жемісін көрсін» деген ниетпен, отау тігу мен ерлі-
зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты шариғат
үкімдерін кеңінен баяндаған. Ол (с.а.с.) өзі де үйленіп, үмбетіне
үлгі болар өнеге көрсеткен. Алайда
қазіргі таңда көптеген адам
дін мен оның үкімдерін білмегендіктен, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) мінез-құлқын үлгі тұтпай, оның (с.а.с.) жолынан ауытқып,
мұсылмандыққа жат, Батыстың ерсі әдет-ғұрыптарына еліктеуде.
Осының салдарынан өздерінің өмірлік серіктеріне дөрекі қарым-
қатынас жасауды әдетке айналдырды. Нәтижесінде жаңадан түтін
түтеткен, жас жанұя мүшелерінің араларында ұрыс-керіс пен
келіспеушіліктер көбейді. Сөйтіп, қоғамымызда көптеген отбасы
Аллаһ
тағаланың өздеріне берген, өзара сүйіспеншілік,
мейірімділік қасиеттерін, нығметтерін жоғалтты...
Дегенмен ортамызда шынайы мұсылмандық жұбайлық
өмірдің қыры мен сырын білуге ұмтылатын жастар да аз емес
және олардың саны күннен-күнге артып келеді. Осыған
байланысты отау тіккісі келетіндер
мен ерлі-зайыптыларға
арналған, мұсылмандық жұбайлық өмір жайлы әдебиеттің
қажеттілігін түсініп, бауырларымыздың ұсыныс-тілектерін қабыл
алып, осы мағынада сыр шертетін кітап жазуды ниет еттім.
Еңбегімді «Жұбайлар шаттығы» деп атадым.
Кітапта құда түсу, неке қию, үйлену, той жасау, ұрпақ сүю,
көп
әйел алу, ерлі-зайыптылардың құқықтары және тұрмыс
тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер секілді отбасылық өмірде
кездесетін маңызды мәселелерге көңіл аударылды. Сондай-ақ
мұнда ғұламалардың әртүрлі пікірталасы
мен көзқарастарына
1
«Хужурат» сүресі, 13-аят.
2
«Фурқан» сүресі, 54-аят.
5
терең бойламай, қысқа да нұсқа қорытындылар жасауға
тырыстым.
Жалпы, бұл еңбек мұсылмандардың тұрмысын көркейтіп,
тату-тәтті өмір сүрулеріне септігін тигізетін әрі оларды ізгілікке,
адамгершілікке бастайтын оқулық ретінде жазылды.
Сонымен
қатар оқырмандарға барынша ұғынықты болуы үшін кітаптың
әрбір бөлімін сауал-жауап түрінде құрастыру қарастырылды.
Аллаһ тағаладан бұл еңбектің баршамызға пайдалы болуын және
сауапты істер қатарына жатқызылуын сұраймыз.
Мұхаммед Ахмад Канған