БІРІНШІ БӨЛІМ ҮЙЛЕНУ 1. Үйленудің мән-мағынасы
2. Үйленудің үкімі
3. Үйленудегі мақсат
4. Көп әйел алу
5. Сауал-жауаптар
1. Үйленудің мән-мағынасы Ислам дінінде «үйлену» деп шариғат тыйым салатын тосқауыл
болмаған жағдайда, ер кісінің әйелді және әйел адамның ерді
пайдалануына рұқсат ететін келісімді атайды. Бұған синоним
ретінде «неке» (никах) сөзі де қолданылады. Ол «қосылу, кірісу»
деген мағынаны білдіреді.
Неке қию – ең абзал келісім. Неке екі кісінің сүйіспеншілік,
мейірімділік жібімен байланып, ұрпақ көбейтуіне, жұбайлардың
зинадан сақтануына себепші болады.
2. Үйлену үкімі Үйлену Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне жатады. Әнәс
ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте:
«Құлшылыққа берілген үш адам Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерінің үйіне Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ғибадаты жайлы сұрап келді. Пайғамбардың (с.а.с.) амалдары туралы баяндалғанда, олар мұны аз деп ойлап: «Пайғамбармен (с.а.с.) салыстырылатындай біз кімбіз?! Аллаһ ол кісінің өткен де, келешек те күнәларын кешіріп қойған болса», – десті. Біреуі: «Мен үнемі түнде тұрып намаз оқимын», – десе, екіншісі: «Мен үзбей ораза ұстаймын, ешқашан аузымды ашпаймын», – деді. Ал үшіншісі: «Мен әйелдерден шет жүремін, үйленбеймін», – деді. Мұны естіген Аллаһтың елшісі (с.а.с.) оларға келіп: